Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы «Арыстан мен тышқан»

Сабақтың тақырыбы «Арыстан мен тышқан»

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_6cede392.gifC:\Users\Админ\Pictures\роза.jpg



Акбергенова Роза Ордангалиевна №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы Әдебиеттік оқу. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Арыстан мен тышқан»
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ертегі туралы түсініктерінкеңейту ә) оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , қиялдарын  дамыту. Сөздік қорларын молайту. б)  қамқорлыққа, батырлыққа, үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу. Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар Сабақтың барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі
Ән айтамыз көңілді
Би-билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты. Міне , балалар! Енді бір – біріңе жылы шыраймен жымиып ғана сәттілік тілеңдер!Енді сабағымызды бастайық! Балалар мен сендердің білімдеріңді беру арқылы бағалаймын. Кім белсенді қатысса сол көп жұлдызша жинайды. II.Үй тапсырмасын сұрау: Сәкен Жүнісов “Түнгі сәуле”
Жоспар бойынша үй тапсырмасын сұрау:
1. Күздің қара суық желі
2. Түнгі сәуле
3. Қуаныш ІII. Жаңа тақырыпты таныстыру: Мұғалім: Бүгін біз да адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге, тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.   Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды  ақын әрі жазушы.(1893-1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс-қылығын әшкерелейді. 
Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. 2 -кезең: Мысалмен танысу 1.Мультфильм көрсете отырып, мұғалімнің мәнерлеп оқуы. 2.Рөлге бөліп оқу. 3.Іштей оқу. Сөздік жұмыс:
Зиян – залал, зақым

Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті
Арыстан мен тышқанға мінездеме берейік.
Венн диаграммасы Мәтінмен жұмыс: Жигсо әдісі бойынша мысалды бөліктерге бөлу. (2-тапсырма. Топта оқыту)
 Өлеңді ресурстарға жазып, әр топқа беру
1 топ 1,2,3 шумағы
2 топ 4,5 шумағы
3 топ 6,7 шумағын мәнерлеп оқып, өз пікірлері бойынша мазмұнын баяндайды.
Топтық жұмыс:
І топ: Мысалды айтады. Арыстан мен тышқанға мінездеме. Венн диаграммасы
ІІ топ: Арыстанға 5 жол өлең құрастыру.
Рөлге бөліп оқыту
1. Арыстан
2. Жыртқыш, мақтаншақ
3. Оратылды, ақырды, ызаланды
4 байғұс тышқанды өлтірмекші болған
5 Аң
Дәптермен жұмыс. Анықтама: « мысал» - сатиралық сипатта, сықақпен сыналатын,шағын көлемді шығарма. ( дәптерлеріне жаздыру) Сергіту сәті: Оқушылар бойын сергітіп алу үшін сергіту сәтін жасату. 3 -кезең: Мысалды бөліктерге бөлу, әр бөліктерге ат қою. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.).
Не үшін? Не себепті? Неге? деген дәлел талап сұрақтар қою.
4-тапсырма. Суретпен жұмыс. "Визуалды айғақтар"
1 топ. С.Торайғыров жөнінде не білесің?
2  топ . Арыстан қандай?
3  топ. Тышқан қандай?

ІV. Қорытындылау. “Әңгіме кестесі” стратегиясы
1 Мысалдың тақырыбы: “Арыстан мен тышқан”
2 Авторы: Сұлтанмахмұт Торайғыров
3 Оқиға орны: Орманда
4 Кейіпкерлері: Арыстан, тышқан
5 Мысалдың соңында не болды? Тышқан арыстанды өлімнен құтқарды.
6 Мазмұнының идеясы: Мақтаншақ болмау, ақылды болу.

Үйге тапсырма.

  1. Мысалды мәнерлеп оқу;

  2. Арыстан мен Тышқан туралы мәлімет жинап келу .

Бағалау.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров172
Номер материала ДВ-099622
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх