Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Артикулляциялық жаттығулар

Сабақтың тақырыбы: Артикулляциялық жаттығулар


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Артиккуляциялық  жаттығулар

Мақсаты:
Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту.
Арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату үшін.
Фонематикалық қателікті түзету.

Көрнекіліктер: тіл, ерін қимыл жаттығуда қолданылатын, тіл  қимыл суреттері, аталған заттар бейнелері.

 Сабақ барысы:

І. Ұымдастыру:
мұғалім    оқушы
- Сәлеметсіңдер ме?
- Көңіл -күй қалай?
- бүгін қандай күн?    - Сәлеметсіз бе?
- жақсы
аптаның бірінші күні.

ІІ. Жаңа сабақ:

    Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. Бірнеше рет қайталау керек.

«Ине» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік немесе жота» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

«Аттын шабуы» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.

    Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
Дыбыстарды қою кезеңі фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңі

      ІІІ. Сергіту сәті:  
 Оқушылар бұл жаттығуларды орындау барысында ауызымыз шаршайды, сондықтан да  терен тыныс алу жаттығуларын орындап дем алып аламыз.
Кеудемізге ауа толтырамыз 1-2-3, енді барлығын шығарамыз. 5 рет қайталаймыз.

Сабақты бекіту: Біз сабақта қандай жаттығуларды орындадық.  Естерінде  қандай жаттығулар қалды, соларды орындап көрсетіндерші.













































 

Сабақ тақырыбы: Артиккулясиялық  жаттығулар

Мақсаты:
Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту.
Арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату үшін.
Фонематикалық қателікті түзету.

Көрнекіліктер: тіл, ерін қимыл жаттығуда қолданылатын, тіл  қимыл суреттері, аталған заттар бейнелері.

 Сабақ барысы:

І. Ұымдастыру:
мұғалім    оқушы
- Сәлеметсіңдер ме?
- Көңіл -күй қалай?
- бүгін қандай күн?    - Сәлеметсіз бе?
- жақсы
аптаның бірінші күні.

ІІ. Жаңа сабақ:

    Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. Бірнеше рет қайталау керек.

«Ине» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік немесе жота» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

«Аттын шабуы» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.

    Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
Дыбыстарды қою кезеңі фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңі

      ІІІ. Сергіту сәті:  
 Оқушылар бұл жаттығуларды орындау барысында ауызымыз шаршайды, сондықтан да  терен тыныс алу жаттығуларын орындап дем алып аламыз.
Кеудемізге ауа толтырамыз 1-2-3, енді барлығын шығарамыз. 5 рет қайталаймыз.

Сабақты бекіту: Біз сабақта қандай жаттығуларды орындадық.  Естерінде  қандай жаттығулар қалды, соларды орындап көрсетіндерші.













































Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы Л - Р дыбысына дұрыс шығаруға көмектеседі.

«пя-пя-пя»

Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жалпақ күйде ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы: ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып

«пя-пя-пя ...» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске –онға дейін санап, ұстап тұру.

    Әдістемелік нұсқау.     1. Төменгі ерінді қайырып немесе астыңғы тістерді сыртына орналастырмауын қадағалау. 2. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұрыштарын тиіп тұрады.

3. Тілді ерінмен бірнеші рет ұру керек. Жаттығу жасау кезінде баланың дем шығаруын біркелкі болуын қадағалау қажет.

«Дәмді тосап»

    Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.

    Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін  жалпақ қалпына келтірген  сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

«Параход»

    Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын жетілдіру.

    Қысқаша сипаттамасы:ауызды кішкене ашып    ы дыбысын ұзақ айту.

    Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.

«Күркетауық»

        Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру

       Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап  ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.

       Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.

«Әткеншек»

    Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

    Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек.

    Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.

    Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.





























Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы


Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы

  1.  Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі.

  2.  Гимнастика өткізудің әдістемелік көрсеткіші.

1.Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі. Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:

  • Дайындық кезеңі

  • Дыбысты қою кезеңі

  • Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі

  • Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:

  • «Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

  • «Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

  • «Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

  • «Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

  • «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

  • «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

  • «Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

  • «Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

  • «Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

  • «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

ДЫБЫСТАРДЫ ҚОЮ КЕЗЕҢІ Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін. Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр, етеді. Екінші тәсіл құралдардың /шпатель, зондлар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіреді. Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады. Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін. Мәселен, қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі шпательмен басып қойылады. Та буынын ұмытпаған бала оны – тя түрінде, ал шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда – кя, сосын – ка түрінде бастайды. Үшінші – аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты – еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады/. Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді ұяң дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын –д дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал – д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл – таңдай түбі қатысында айтылатын – г дыбысын қалыптастыру негіз болады. Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, – ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолымен сипатталатын –р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше –р дыбысы да –ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек. Сонымен қатар сөздік материалдарының /сөз, сөз тіркесі/ мәні балаға түсіну мүмкіндігінше күнделікті алынуға тиіс. Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: – логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді қайталаудан бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен суреттерден бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек. Алайда есте болатын жай – түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және бағытына және ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі. Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. 1-ден – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара ықпалының біржақты тиіуне соқтыруы мүмкін. Мысалы, – с дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа – у түрінде айтылатын – л дыбысын бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-қарсы қалпы пайда болады, үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/. 2-ден әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін –ш және –р дыбыстарымен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы уақытша талдыруы мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруды сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында. Ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, а артикуляциялық гимнастикаға келтірілген программа бойынша жүргізіліп сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі. Тіл кемшіліктерін түзетуге арналаған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шартты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды.

  1. оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна.

  2. шпательдер мен зондлар, тазалық құралдары.

  3. сөзді жазып, қайталайтын магнитофон.

  4. тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар альбоммен құралдар.

  5. дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом.

  6. түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер лото.

  7. түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап – құрал.

  8. әр класқа арналаған оқу материалы бар кітап.

Сөйлесуді көзбен бақылау /фиброскоп «Двин» / немесе сөйлеу органдарына механикалық әсер етуге арналған түрлі приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс. Нақты дыбыстардың айтылу кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы –антропофоникалық, соңғысы – фонологиялық деп аталады. Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі – р дыбысын тамақпен айту немесе –с дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық кемшіліктің мысалы –ш орнына –с алмастыру / «ескі» – ешкі/, немесе –р орнына –л / «роза» – лоза/, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады» Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады. Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайда ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрыңғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт с дыбысы бар сөздерде ш дыбысы қолданылады. Сабын – шабын, қасық – қашық т.б. Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмікн. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек. Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемішіліктердің пайда болуына себеп болатын оларды түзетілуіне кедергі болатын аппаратының шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі. Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады. Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылу кемшіліктігін коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі. Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиялар болғанда ғана логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу немесе протездеу түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін тәж көрсетуде. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стомотолог, отоларинголог/ бірлесіп шешеді.

  1.  Гимнастика өткізудің әдістемелік көрсеткіші.

Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл – қозғалыстарында көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы: «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «н» дыбысын созып айтуын өтінеміз. Осы кезде логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен тілді жұмсақ таңдайға шейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буынды анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Мысалы: қа-ға та-те қо-ғо па-пе қу-ғу ба-бе қы-ғы са-се то-то ты-ті бо-бө бы-бі ко-ке сы-сі со-се мы-мі мо-ме ны-ні Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқанда кезде тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айту машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы: әт тә әл лә әс сә әз зә ДЫБЫСТЫ ҚОЮҒА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР Артикуляциялық жаттығуларында негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтай білуі қажет. Біріншіден атаулар балаларды жаттығуға қызықтырады, екіншіден жұмыс барысында уақытты жасау шарттарын түсіндермей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы: «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс орындау тәсілдеріне тоқталайық. 1. «Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек. /40 сурет/. 2. «Кесе» ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек. /41 сурет/. 3. «Ине» ауыз ашық. Тілді жіңішкертіп ауызды шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. /42 сурет/. 4. «Төбешік» ауыз сәл ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек. /43 сурет/. 5. «Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып бүйірлерін жоғары көтеріп түтікшеге ұқсатып тұрып үрлеу. /44 сурет/. Осы жаттығулардың бәрін баяу қалыпта орындап 8-10 рет қайталау қажет. 6.«Сағат» жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату керек. 15-20 рет қайталау. /45 сурет/. 7. «Ат шауып келеді» тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Жаттығуды 10-15 рет қайталау. /46 сурет/. 8. «Саңырауқұлақ» ауызды кең ашып тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру керек. /46 сурет/. 9. «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп ұстап кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып ұстау керек. Осылайша 15 рет қайталау қажет. /47 сурет/. 10. «Тәтті шырын» жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау. Осылайша 15 рет қайталау қажет. 11. «Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу. 12. «Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау. Көрсетілген жаттығулардан логопед қойылатын дыбысқа керектілерін ғана іріктеп алады.

Әдебиет:

  1. Логопедия./ Под ред. Волковой Л.С.-М.: Просвещение, 1989.

  2. Филичева Т.Б. и др. Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989.

  3. Буденная Т.В. Логопедическая гимнастика.- СПб., 2001.

  4. Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения. М.: Просвещение, 1989.

  5. Волкова Л.С. Хрестоматия по логопедии. – М.: Владос, 1997

 































Логопед жұмысының маңыздылығы

Диагностикалық жұмыс

Мақсаты: Ауызша және жазбаша сөйлеуінде бұзушылығы бар балаларды анықтау.Осы мақсатқа жету үшін келесі мақсаттарды шешу керек:

1.Бірінші сынып оқушыларының дыбысты айтуында, фонематикалық қабылдауы мен талдауында, сөйлеуді граматикалық құруында, байланыстырып сөйлеуінде бұзушылығы бар оқушыларды анықтау.

2.Орыс тілі пәнінің грамматикалық нормаларын меңгеруде қиыншылық туғызатын оқушылар тобын анықтау. Жазу мен оқуының бұзушылығының сипаты мен себебін анықтау.

3.Бастауыш сынып оқушыларында ауызша және жазбаша бұзушылығын алдын алу мен жою бойынша коррекциялық жұмыстың жолдарын анықтау.

Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуіндегі жағдайы туралы ақпарат алудың негізгі әдісі болып:

А) балалардың логопедтік тексерісі;

Б) медико-педагогикалық құжаттарды талдау. Құжаттарды талдау оқушылардың дәптерлерімен жұмысты, бала картасындағы медициналық жазбаларды байқауды ұсынды.

В) мұғалімдер мен ата-аналардың эксперттік сұраныс;

Осы бағыт шеңберінде оқу жылы барысында негіздер пәндер бойынша оқу қызметінің қалыптасу деңгейінің зерттелуі өткізілді.

Г) оқушының сөйлеуінде бұзушылығы бар логопед қорытындысын нақтылау жағдайында  ата-аналар келісімімен дәрігер-мамандардың тексеруі үшін емдеу-алдын алу мекемесіне немесе психолого-медико-педагогикалық комиссияға жіберіледі.

Оқушылардың логопедиялық диагностикасы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

-дыбысты айту

-жалпы моторика жағдайының тексерісі

-қол саусақтарының ерікті моторикасын зерттеу

-артикуляциялық аппаратты зерттеу:

Артикуляциалық аппараттың анатомиялық жағдайын тексеру:

Артикуляциялық аппараттың оргижениялық диагностикасын зерттеу.

-фонетико-фонематикалық түсінік

-жыбыстық анализ бен синтез

Көрермендік қабылдау мен білу

Кеңестік елес пен бағдар

-пәндер туралы жалпы түсінік

-уақыты туралы түсінік

-ауызша және жазбаша нұсқаулық бойынша жұмыс істеу шеберлігін қалыптастыру.

Сөйлеу қызметін қалыптастыру диагностикасы:сөйлеу техникасын меңгеруі, сөздік қорының жағдайы мен айнала туралы түсінік. Осы қызмет түрлерін зерттеу үшін балаларға мыналар ұсынылды:мәтін оқу,  мазмұндау,  сурет бойынша әңгіме құру, сонымен бірге тақырыптық суреттер ұсынылды және т.б.

Зерттеу нәтижелер 

2010-2011 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары зерттелінді.

Ауызша сөйлеуінде бұзушылығы бар -80 оқушы анықталды.

Оның ішінде сөйлеуінің жалпы дамуындағы кемшілігі бар-5 оқушы.

Сөйлеуінде фонетика-фонематикалық дамуында кемшілігі бар-15 оқушы.

Дыбысты айтуында бұзушылығы бар-6 бірінші сынп оқушысы анықталды.

2010 жылдың 15 қыркүйек күні мектептің логопед пунктіне сөйлеуінде ауызша және жазбаша бұзушылығын алдын алу мен жою бойынша 36 оқушы тіркелді. Оқу жылы барысында  6 оқушы тіркелді.

Оның ішінде сөйлеуінде  жалпы бұзушылығы бар-5 оқушы.

Сөйлеуінде фонетика-фонематикалық дамуында кемшілігі бар-15 оқушы.

2010-2011 оқу жылында мектептің логопед пунктіне сөйлеуінде ауызша және жазбаша бұзушылығын алдын алу мен жою бойынша 8 оқушы тіркелді.

Балалар  олардың сөйлеуінде бұзушылығына қарай  топтарға бөлінді және болашақ жұмыс жоспары жасалынды, сонымен бірге ата-аналармен жеке консультациялар өткізілді.

         Сабаққа қатысуын бақылауды логопед, сынып жетекші және ата-ана жүзеге асырды.

 Қайта зерттеу мынаны көрсетті:

Сөйлеуі жақсарған -24 оқушы шығарылды.

Сабақты жалғастыру үшін -18 оқушы қалды.






  Коррекциалық-дамыту бағыты

Осы бағыт бойынша келесі жұмыс өткізілді

 

Топтық және жеке сабақтар, өздігінен сөйлеуін байланыстыруын, ерікті есте сақтауы мен назарын дамытуға, сөздік қорын байытуға,фонематикалық қабылдауы мен тілдік анализі мен синтезін дамытуға, қолдардың саусақтарының моторикасы, жазу, артикуляциялық дағдыларын жетілдіруге,психикалық қызметтік жеке жақтарын, ойлау операцияларын және т.б. дамытуға бағытталған.Сабақтар алдын ала өткізілген диагностика мен оқу жылына арналған жеке коррекциалық жоспар негізінде өткізіледі.

Консультациялық бағыт

Осы бағыт бойынша оқу жылының барысында орыс тілі пәнінен оқушылардың үлгермеушілігі сұрақтары бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге жеке консультациялар өткізілді, олардың себептері анықталды және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді. Мұғалімдер, әкімшілік, ат-аналар сұраныстары бойынша белсенді жұмыс өткізілді. Кеңестен кейін ата-аналарға ұсыныстар берілді немесе дәрігер-мамандар (невропатолог, психолог, отоларинголог, офтальмолог) тексерілу үшін бағытталды немесе псилого-медико-педагогикалық комиссияға жәберілді.

Оқушылардың ата-аналар үшін консультация -18

Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін консультация -5

Мұғалімдер үшін кеңес-5

  Логопедтің мұғалімдермен өзара байланыс бағыты

Мұғалімдердің сұранысы бойынша ата-аналар жиналысында «Сауаттылыққа оқыту» тақырыбында  бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен әңгімелер өткізілді, оқу жылы барысындасөйлеу дамуында мәселелері бар балаларды анықтау бойынша бірінші сыныптардың мұғалімдерімен тығыз жұмыс жүргізілді. Және оларды логопед пунктінде оқытылу қарастырылды.Бастауыш сыныптарды әдістеме бірлестігінде «Бастауыш мектепте оқу жылдамдығын жетілдіру бойынша  жаңылтпаштың ролі», «Орфограциялық қырағылығын дамыту» атты тақырыптарда сөз сөйледім. Мұғалімдер, ата-аналар және логопед балалардың сабаққа келуін бақылап отырды.Мұғалімдер логопедтің ұсыныстарын өз жұмыстарында ескеріп жүрді.

Әдістемелік бағыт

Оқу жылы барысында «Бастауыш сынпта оқушылардың жазбаша сөйлеуінің бұзушылығын жою бойынша жаңа технологияларды қолдану» атты тақырып бойынша жұмыс істедік. Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерініңде өткізілетін логопед семинарларына қатыстым. Сәуір айында «Коррекциялық дизартрияның инновациялық әдістері», «Дауыстың бұзылуы», «Сөйлеудің жалпы дамымауы» атты тақырыптарда Астана қаласында біліктілікті жоғарлату курстарында  болдым.  Оқу жылы барысында логопед кабинетін безендіру жұмыстары өткізілді: әдістемелік кабинетпен, құралдармен, құжаттар жүргізілді(оқу жылына болашақ жоспар, мектепке жаңадан түсетін оқушыларға логопед карталары толтырылды).

Ата-аналармен, мұғалімдермен консультациялар мен әңгімелерге дайындық кезінде әдістемелік әдебиетпен жұмыс жүзеге асырылды.

Жеке және топтық сабақтарға дайындалу кезінде сабақ жоспарлары құрылды.

2010-2011 оқу жылында мектеп жанындағы логопункт әдістемелік  жинақпен толықты.

  Қорытынды:

2010-2011 оқу жылында мектеп логопунктіндегі жұмыс белсенді болды, ол диагностика нәтижесінен көрінеді.Барлық бағыттар бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, балалар мен ата-аналарға нақты көмек көрсетілді.

 

2010-2011 оқу жылының

6 ОМ  логопедінің сандық есебі

 

 

Жалпы  сөздік қордың дамымауы

Жазуының бұзылуы

НЗП

ФФН

Дизартрия

Барлығы

ОНР

ФФН

Логопедиялық пунктке қабылданғандар

5

3

6

15

7

6

42

Шығарылғыны

2

1

4

8

3

6

24

Кор. Жұмысты жалғастыру үшін қалдырылғаны

3

2

2

7

4

0

18

  6 ОМ логопеді Т.Е.Каирбекова




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров710
Номер материала ДВ-407614
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх