Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры" 11 "ә" сынып

Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры" 11 "ә" сынып

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Шаған ЖОББМ

Тақырып:Бақыт сыры./2-сағаты/.

Құндылық: жан тыныштығы

Қасиеттер:Бақытты болуға,өмірдің әр сәтін қадірлей білуге ,адал болуға тәрбиелеу;

Мұғалiм –Куанышкалиева Ф.А., Сынып -11ә , Оқушылар саны -

Сабақ мақсаты:оқушыларды бақытқа ұмтылудың,әрбір адам бақытқа лайықты жан тыныштығын сезіну екенін ұғындыру.

Міндеттері:

-Бақытты болудың мәніне түсінік беру.

-Бақытқа ұмтылудың мәні өз қолында екенін ұғындыру.

-Бақытты болуға,өмірдің әр сәтін қадірлей білуге ,адал болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Дәйексөз,ұнтаспа,аңыз,әндер жинағы.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Балалар, денелеріңізді түзу, ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойыңа толғанын сезініңдер. Бүкіл әлемге, Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен, денсаулығыңызбен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл әлем күші сізге өз махаббатын сыйлап,бақытқа бөлеп,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат,денсаулық беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бақытты кездеріңізді бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Бақыт деген не?» эссе тексеріледі.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты»

-нақыл сөзді қалай түсінеміз?

-неліктен денсаулыққа байланысты?

-бақытты болуымыз тағы неге байланысты?

/Егер адам өмірге құштар,денсаулығы мықты,күндері сәтті,қуанышқа толы,жақсылықтар жасауға ұмтылуда болса жаны тыныштыққа бөленеді/

hello_html_315f03c.jpg


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме: «Бақыт» /Әпсана әңг,4-б/

Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кеттіде жылай бастады.Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлайды: «Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші».

  • «Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.

  • «Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт.

  • «Мен теңізге қарап тұрған зәулім,қымбат үйім болғанын қалаймын»

Бақыт адамға үй берді,ал адам үйіне қарай жүгірдіде,Бақытты ұмытып кетті.Бақыт тағы шұңқыр ішінде жылап отырды.Тағыда жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп,айғай салды:

  • «Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші »

  • «Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.

  • «Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт.

  • «Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын»

Бақыт адамға қалағанын берді.Ал адам қатты қуанғаннан Бақытты ұмытып өз жөніне кетті.

Бақыттың үміті мүлдем үзілді.Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп,Бақыт айғай салды:

  • «Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!»

Адам Бақытты шығардыда өз жөніне кетті.Бақыт қатты қуанып,адамның артынан ілесті:

  • «Адам!Маған көмектескенің үшін не қалайсың?»

  • «Маған ештеңе керек емес»-деп жауап берді адам.

Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді.

-Бақытқа жолыққан адамдар әрекетін қалай түсінесіңдер?

-Қай адам дұрыс істеді?

-Сен оның орнында болсаң не істер едің?

-Сонда бақыт не үшін қажет деп ойлайсың?

-Соңындағы «Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді» дегенді қалай түсіндіресің?

Иә,балалар,әрбір адам бақытты болуға лайықты,сондықтан өмірдің әр сәтін бағалап адал болсақ,бақытты бола аламыз,бақытты болған адам жаны тыныштыққа бөленеді/.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шеңберге тұрып,музыка әуенімен жүріп,3-адамнан шеңберлер жасаймыз,тағыда араласып жүріп,музыка тоқтағанда 3-адамнан шеңберлер құрамыз,бақытты екенімізді көрсетеміз.

Қағаз үлестіріледі:Сәби бақыты,дәрігер бақыты,ұстаз бақыты т.б олар үшін бақыттың не екенін тірек-сызба,сурет,жазу арқылы ойларын жеткізу.

hello_html_m5f59bb1.jpghello_html_359f7c68.jpghello_html_m6f0bb1e3.jpghello_html_m5a560f81.jpghello_html_6b90379c.jpg


  1. Топпен ән айту.

«Бақыт құшағында » әнін орындаймыз.


  1. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақтағы М.Әуезовтың «Абай жолы» мәтінін оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Көзімізді жұмып,бір сәт баяу музыканы тыңдап,кімде-кім ниетін имандылыққа,тазалыққа,тілін шындыққа,өзін тыныштыққа,мінезін туралыққа,құлағын тыңдаушыға,көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса,демек ол бақытты.Адам бақыт үшін жаралған.Кісі бір-бірін жек көруден емес,жақсы көруден көркейеді,өрісі кеңиді.Бұл-адамзаттың бақытының негізі.Бақыт деген-адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету.Бақыт-отбасыңмен,достарыңмен,жаныңдағы жақын адамдармен араласу.Бақыт-денсаулығыңның мықты болуы.Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе,нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығыда осы.Әр күннің нұрлы шуағында сезінсек,біз әрдайым бақытты болғанымыз.Әр адам бақытқа лайықты екендігін ұғынайық. Осы сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге түйіп алайық.

Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-270580

Похожие материалы