Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: «Бастауышым-бал бұлағым, бал тәттім!»

Сабақтың тақырыбы: «Бастауышым-бал бұлағым, бал тәттім!»



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Бастауышым-бал бұлағым, бал тәттім!»

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынына ерекше

мән беру.Бастауыш сыныпта алған білімнің адам өмірінің

мән- мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу.

Білімді болуға шақыру, мектепте ұстаздарын құрметтеп,

еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер,

шарлар.

Сабақтың барысы:

Құрметті ата-аналар,қадірлі ұстаздар, қонақтар ! Бүгін міне 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын,Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып,аяқтап жоғары сыныпқа өткелі отыр.Енді ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық. (музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады)

Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бастауыш сынып білімін аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр.Ортаңғы буын білімнің,ғылымның есігіашылар кезең, осы кезеңде балаларымыз бастауышта алған білімдерін жалғастырып алып кететініне сенім білдіремін.

Бүгін менің көгершіндерім, болашақтың білімінен ғана нұрлы болатынын естен шығармаңдар , армандарыңа тек біліммен жетесіңдер, көгеріп көктеп, биіктерге самғаңдар деген тілекпен.

«Бастауышым – бал бұлағым, бал тәттім!» аты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Бастауышым бала үшін өмір мәні,

Бастауышым бала үшін өмір сәні.

Төрт жыл оқып балаларыңыз тәмамдап,

Бүгін жайлы отырып , ән тыңдайық.

Саламатпа екенсің жайсаң елім,

Көк майсалы Құтарыс тұрғындары.

2-жүргізуші:
Ар намысын әрқашан сақтаған ел,

Тыныштықты әрдайым жақтаған ел.

Ассалаумағалейкум барлығыңа,

Бүлдіршінің мәпелеп баптаған ел.


1-жүргізуші:Өмір есігін ашқан барлық адамзат баласы ешқашанда бастауыштың баспалдағын аттамай, болашақтың айдынында еркін жүзіп кете алмайды. Бізге бастауыштың үйреткен нәрселері көп.



2- жүргізуші:Жақсы айттың, керемет. Бірақ , түсінікті болсын нені үйретті бізге бастауыш кәнекей, тізіп айтып берші ?

1-Жүргізуші:Бастауыш беріктілікті, барынша байыптылықты, бақуаттылықты, биязылықты, борыштылықты,бауырмалдылықты, биікті бағындыруды, бізге білімді болып,бойжетуді, біліктілікті, білектілікті, болашаққа деген жүректілікті берді.

2-Жүргізуші:Әдемі мен сенің жаныңда 4 жыл бірге жүріп, сенің осыншалықты ойшыл, көп нәрсені ойға түзіп жүргеніңді байқамаппын. Бірақ менің де ойыма жиған жақсы,жақсы ойларым бар.

1-Жүргізуші:Мені жете бағалағаныңа рахмет.Сенің де терең ойлы екендігіңе күмәнім жоқ. Дулат, мұнау көпшілік қауымның алдында озық ойыңды тыңдайық.

2-жүргізуші:Тыңдаңыздар, бастауыштың маған берген өнегесі былай болды. Айбындылықты,айбарлылықты, алғырлықты,алдыңғылықты, адамгершілікті,ауылшылдықты адамзатқа , қоршаған ортаға аяушылдықты, айтулы – айтулы аңыздар мен әділеттілікті , әдептілікті, ақылымызға ұялатты .

Абылай:Әдемі , Дулат бастауышпен қоштасуымыздың басталғанына сүт пісірім уақыт өтті . Сендерге ұқсап бізде ата-ана , ұстаздар қауымымен сәлемдессекпе деп едік.

2-жүргізуші:Жарайды, онда, кәнекей сәлемдесе ғой қауымыңмен.

Абылай:Ассалаумағалейкум , киелі ел,

Осынша кең далаға иелі ел.

Өздеріңді мәңгілік сүйемін ел,

Басымды, әрқашанда иемін ел.

Азамат: Пах,пах не деген сөз, не деген сәлем беру .

Енді маған қара .

Ассалумағалейкум, байтақ дала,

Қымызын ішіп отқан шайқап қана,

Әр жылы бір ұлы бастауышпен қоштасатын,

Жайсаңдарым ұланға болған пана.

Арыстан:Жарайсың , Азамат. Енді мен айтайын.

4жыл оқып біз сыннан өткен едік ,

Көшпен қалмай келеміз көпке еріп.

Не құрсада арнайтын ұрпағына.

Ассалаумағалейкум,тұрғындар Көктөбелік.

Аяулым: Тук, не деген бастама .Не деген керемет сөз.

Саламатпа аналар киіз басқан,

Қатарласып ән салып, тепкен келіп.

Саламатпа ұлдары мерейі асқан,

Нағыз ерлер айбарлы сөзге берік.

Нұрай: Аяулым,келісті сәлемдестің.Бағалаған-ақ екенсің ерлерді.Міне, былай амандас.

Бойына биік бақыт жинаған ел,

Еліктеп біз Еңлікке соңынан ердік.

Қыздарын өте қатты сыйлаған ел,

Ізетпенен иіліп сәлем бердік.

Нұрзат: Қыз сыйлаған, бақыт жинаған деп,әбден сәлемдесіп болған шығарсыңдар.Мақұл, міне былай маған қара.

Дамыған елу елден кетпей қалып,

Өндірісін отырған тезге салып.

Дағдарысқа басқаға дес бермеген.

Армысыздар ардақты батыр халық.

Міне, осылай.

Алтынай: Тоқтаңдар, менде сәлемдесіп көрейін.

Бітірдік біз бастауыш әлемінде,

Ұлын,қызын балаған әдеміге.

Бастауыштың тойына қош келген ел,

Құлақ салшы менің де сәлеміме.

Құдрет: Тамаша!

Сәлем бердім Көктөбе көңілі аққа,

Ұл-қыздары отырған биік таққа.

Боралдайдың тулаған арыны бар.

Өңшең өжет туылған біздің жақта.

Жанерке: Мен де, сәлемдесіп көрейін.

Қадірлейміз бастауышты мақтан тұтып бағалай,

Сәлем бердім отырған ел Боралдайды жағалай.

Қоштасуды бастауышпен керемет ғып жасайық !

Қалсын халық сынайтып, мін таға алмай.





Диана: Меніңде айтар сәлемім бар.

Саламатпа ел жоғыңды жоқсататын,

Біздер үшін амалсыз шоқ басатын .

Шапалақты аяусыз соғыңыздар,

Бүгін той бізде міне бастауышпен қоштасатын.

1-жүргізуші:Балалар , біз бәріміз сәлемдесіп болған сияқтымыз.

Бастауыш бізге көп нәрсені үйретті емес пе? Анасының ерке ештеңеге көнбей тұғын еркесі емеспе едік . Тіл алғыштықты үйрендік. Осы жайлы кім айтып бере алады.

Оразгүл: Мен айтып көрейін .

Бастауыш біздің ерке мінезімізді ысырып қойып, үйреткендері кішіпейілділік , мейірімділік, қайырымдылық, жомарттық, ақкөңілділік , кеңпейілділік , адалдық ,шыңшылдық , сенімділік, сауапшылдық, ізеттілік, инабаттылықты ұқтырды.

Дәуіт: Оразгүл, түгел сидырып айта алмады-ау , менде не үйренгенімді түзе өтейн. Менің үйренгенім тілалғыштық, көпшілдік , ептілік , сабырлылық,салихалық, шешендік, қайраттылық, қайсарлық,өткерлік, жауаптылық, енбек сүйгіштік және тазалықты бойымызға сіңірді .

2-жүргізуші: Ал, менің сыныптастарым біз көрермендермен туған жерімізді , салт-дәстүрімізді ,ұшқан ұяамызды айтып сәлемдестік. Енді ұстаздарымыз жайлы жақсы-жақсы ой айтатын кім бар екен кәне ?

Нұрай:Мен айтайын , бірақ мен сіздерге ұстаздарды жұмбақ ретінде жеткізсем бе екен деп тұрмын.

Сияқты боп себелеп,нұрдың гүлі ,

Емес бізге ол апай 100-дің бірі .

Әдеп иба дәстүрді ұқтырады,

Төгілетің жүзінен күннің нұры.

Бұл қай ұстаз деп ойлайсындар ?





Аяулым: Меніңде жұмбағым бар :

Бәрімізге анамыз сияқтанған ,

Біздер үшін санасын жиі ақтарған .

Біліміңнің жай күйін жайлай тұғын,

Босамайтын еш қолы мың ақпардан .

Бұл қай ұстаз?

1-Жүргізуші : Бақтияр , сенің де бір жұмбағың бар шығар?

Бақтияр: Бұл мектептің үлкені, қариясы ,

Көрініп тұр бәрінен мысы басым.

Ол болмаса қыс жаурап қалар медік,

Бұл кім екен мектепті жылытатын .



Жанерке: Менде бір жұмбақ жасырайыншы.

Домбыра мен баянды желдіретін,

Әуенімен баршаны еліттіретін.

Күзді күні әнімен құстарды қайтарып сап ,

Көктем шыға сәнімен қиқулатып келтіретін.

Бұл қай ұстаз?



Құдірет:Бастауышымды қимаймын ,

Көп ойлап әрі сағынамын .

Біздей бақыты өсірген ,

Апайым менің бағбаным.

Бұл кім? әрине

Алтынай: Өнерлі бол деп бізді ерткен ,

Жеріме жүрген гүл еккен.

Қаламы жүйрік мәнерлі ,

Баулыған бізді суреттен .

Бұл қай ұстаз?

2-жүргізуші: Хор «Ұстазым»

2-жүргізуші: Ал , балалар біздің бастауышпен қоштасып , тойлап жатқанымыз осы ұстаздарымыздың , ата-аналарымыздың, туған жер , Отан анамыздың арқасы емеспе.

Жалғыз Отан тек менің қалайтыным ,

Бір Отаным жақсыға балайтыным.

Қорғау оны , сақтау оны парызға санайтыным,

Қызмет етемін сен үшін таппай тыным.

1-жүргізуші: Дулат , Отан туралы өте керемет айттың. Біздің қазақтың ханы Кенесары ханның не айтқанын білесің бе ?

Ханнын өз аузынан естейік.

Азамат: О, туған жерім!

Отанын , жерін , суын, елін , жұртын қорғай алмаған адамның хайуаннан несі артық.Ел ішінде сұлтандар мен бектер бір-бірінің сөзіне бірі көнбей, бір-бірінің малын барымталап балықтай басынан шіріп жатыр.Жау жағадан алғанда , бөрі етектен тартқан заман-ай. Жерімде ұрпағым өсіп –өніп халқымнын саны көбейіп , ана баласын жоқтамай ,әйел атаулы жесір атанбай , соғыс оты өршімейтіндей, қой үстінде бозторғай жұиыртқалаған заман болса екен шіркін .Осы ой мазалап , жаныңды жегідей жейді.Жанын көкке ұшып , тәнің жер қойнына кіргенше шыбын жаным тыныш таппайды екен .

2-жүргізуші: Иә, Әдемі сол ата-бабаларымыз аңсағанындай қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман туды емес пе . Ендеше Отанға арнап бір ән айтайық.

Ән «Көк тудын желбірегіні»

1-жүргізуші: Біз өзге ұлттарды кері итермей құшақ жая қарсы алған жеріндей көңілі кең халықпыз . Біздің дархан даламызда жүздеген өзге ұлт өкілдері бір үйдін баласындай, бір шаңырақтын астында , бір тудың аясында , бір мақсатты алға қойып , бір мүддені белгілеп , бір болашақты көздеп отырмыз.

2-жүргізуші: Әдемі , ендеше неге сол туыстас ниеттес ағайындарға сөз бермеске .

Майрам: Тарихты ел әр тасына сыр тұнған,

Ынтымағы айнымас ел жұртынан.

Жалғыз менің Отаным Қазақстан ,

Мен қызымын туысқан күрд ұлтынан.

Оразгүл: Үлкен көштін соңында кетпей қалып ,

Көрші елміз халық қамын бірге ойлаған.

Ұлы орыс пен қазағым қимас халық,

70-жылын жеңістің бір тойлаған .

Диана: Жұмақ жерді мұндай әсем басқан мекен көрмеппін,

Мен қазақпен татулықты мақсат етіп көздеппін.

Ризамын дархан халық желбіресін көк туың,

Қазақстан саған ғашық, саған асық туысқаның өзбекпін .

Алтынай: Нық қадамы туы биік болашақты қалаппын,

Қолым ашық ниет түзу тәуелсізбін азатпын.

Дала мінез , тау жүректі , айбарлы,

Құшағы ашық , ақ көңілді , кең пейілді қазақпын.

Ән «»

1-жүргізуші: Дулат , сен бастауыштын адамзатқа берген білімін қалай бағалап

айтып жеткізер едің?

2-жүргізуші:

Мен былай жеткізер едім .

О, бастауыш игердің ғаламды анық,

Адамзат жүр сенімен әлем танып .

Оң , солымды таныдым сенің арқаң,

Күліп таңым атады рауанданып.

Нұрзат: Ех, бастауыш ақылдын кенісің ғой ,

Кәусар бұлақ биік шың теңісің ғой.

Өнегеңде өсиет барлығы да,

Түсінемін , білімің мен үшін ғой.

Жанерке: Рахметім бастауыш сен үшін көп,

Санасыздың ойдағы кемісін деп .

Арқасында сен берген тәрбиенің,

Адамзат жүр алаңсыз жемісін жеп.

Нұрай: Көңіліміз кетіп еді ,өзендейін боп тасып ,

Бір өзіңе бауыр басып ,қалып едік достасып.

Бастауышым бал-бұлағым,бал-тәттім,

Амалсыздан отырмыз ғой сеніменен қоштасып.

Құдірет: Бастауыш көңіліңді көп куаныш сыйлайды,

Маңайыңа көктем гүлін жыйнайды.

Алғашқы ұстаз бастауышты қимаймын,

Осылармен қоштасу қинайды – ау, қинайды.

1-жүргізуші:Ән «»

2-жүргізуші: Қыз балаға жараспайды сәнкелте ,

Маңайына жүрген жан ғой ән ерте.

Сынып тағы күміс көмей әншіміз,

Сіздерге арнап ән салады Жантөре:

Ән:

Би:

Ән:

Би:

2-жүргізуші: Ұстазым- ұлағатым, сая бағымыз , Біз жеткен жетістікке

Бірге қуанып, төрт жылын бірге өткізген Гүлдана ұстазымызды ортаға

шақырамыз.

Абылай: Ата-ана сіздер үшін біз бұзықпыз,

Бірақ бізді тәрбиеледі мұғалім.

Бастауышта көп нәрсені ұғыппыз,

Түзу бол деп әрлеп еді мұғалім.

Қисық болат болмасын деп ,

Қайта өндеп балқытты ғой мұғалім .

Бар білімін бізге беріп ,

Сонау көкке қалқытты ғой мұғалім.

Кей күндері кез болғанда жолыққан,

Ақыл айтар бізге қарап мұғалім.

Балалықты тастандар деп алысқа.

Бөбегіне бізді балап мұғалім,

Бірақ –жырақ кетпендер деп халықтан .

Түгендейтін бізді санап мұғалім,

Айнып кетпей мен үйреткен қалыптан .

Бізге берді үлкен тағат мұғалім,

Сәкен дейтін жақұттан.

Үлгі аламыз кең игерген Қаныштан,

Азамат боп елін көкке танытқан.

Айнымаймыз осы ұстанған бағыттан,

Именбейміз дауылдан да ағыстан.

Көктөбенің қырандары боламыз ,

Тәуелсіз ел туын биік шанышқан.

Мұғалім:Айналайын өренім,

Көктемдей гүлдеп көгергін.

Жанымнан ұшқан үлгі алып,

Сендерсің аппақ көгершін.

Ойларын өршіп алысқа,

Бағындыр шыңын өнердің.

Бас идіріп әлемді ,

Кеңейе берсін көлемің.

Теріңмен маңдай биіктеп,

Қуанышқа мені бөлегін.

Тәртіпті алға ту етіп,

Отаның болсын өлеңін.

Үлкендерді құрметтеп,

Кішіні мәңгі демегін.

Қазақтың мәңгі қорғаны,

Болады деп саған сенемін.

Жақсы деп сені мақтаса,

Жеткені көкке Төбеңнің.

Мәңгілік елдің ұраны,

Еліңнің тапшы керегін.

Шуағым сендер шапағы,

Жүрмендер мені қапағып.

Жүріңдер алтын ,күндерім,

Асқақтатып Құтарыстың атағын.

Ән: «Қоштасу әні »

Қорытынды:













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Бастауышым-бал бұлағым, бал тәттім!»

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынына ерекше

мән беру.Бастауыш сыныпта алған білімнің адам өмірінің

мән- мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу.

Білімді болуға шақыру, мектепте ұстаздарын құрметтеп,

еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер,

шарлар.

Сабақтың барысы:

Құрметті ата-аналар,қадірлі ұстаздар, қонақтар ! Бүгін міне 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын,Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып,аяқтап жоғары сыныпқа өткелі отыр.Енді ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық. (музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады)

Автор
Дата добавления 27.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров219
Номер материала 256427
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх