Инфоурок Иностранные языки КонспектыСабақтың тақырыбы : Біріккен сөздер

Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөздер

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.                                                               

Сабақтың  мақсаты:

1) білімділік: Оқушыларға сөз тұлғасы және біріккен сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру,Мысалдар арқылы түсіндіру.

2)дамытушылық: ой-өрісін ,сөйлеу шеберлігі,тіл мәдениетін  дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,   еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,ойқозғау
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кестелер, семантикалық карта            

Сабақтың барысы:

  1) Ұйымдастыру кезеңін жүргіземін.

  2) Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар.                       

  "Ой қозғау" стратегиясы

Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?

Тілдің негізгі байлығы не?

Сөздер қалай жасалады?

Сөзге қосымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді?

 Етік+етікші-аяқкиім-  етік тігетін адам.

Бұл сөз жасаудың қандай түрі? (Туынды сөз)

Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)

Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма?
Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші – еңбекақы

3 .Жаңа сабақ:

Оқушылар жаңа сабақты  меңгерту, мағынаны ашу үшін ертегімен бастау.

Ертеде бір Сөзстан деген ел болыпты. Осы елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – Күрделі сөздер екен. Оның үш ұлы болыпты. Бірінші ұлы – біріккен сөздер, екінші ұлы – қос сөздер, үшінші ұлы – қысқарған сөздер.

Овал:       Күрделі сөздер
 


                                     Күрделі сөздер

 

 


Овал: Қысқарған сөздерОвал:    Қос сөздерБіріккен сөздер

 

 

 

Күрделі сөздер дегеніміз не?( ережесін сұрау)

Ендеше осы күрделі сөздердің бірінші баласы – біріккен сөздермен танысайық ( оқушыларға тақырыпты дәптерлеріне жазғызу)

Ережесін айту

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа және сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бойынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тогыз -тоқс және он-ан), бір ұгымның ғана атауы болып тұр.

Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлгалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас),басмақала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстың өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (тұражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1)  аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,текесақал, ала-бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;

2)  географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

 кісі   аттары:   Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Ерасыл, Аманжол,Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;

дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,сегізкөз, тазқарын, т. б.;

5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел,қарасан, т. б.;

ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,т. б.;

8)қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі  атаулар:баспасөз,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ақсақал

9)мезгілге байланысты

атаулар:биыл,бүгін,қыстыгүні,жазгытұрым,күздігүні,т. б.;

10)     белгісіздік,болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім,ештпеңе қайсыбіреу,әлдекім,әрқайсысы, ешқашан,кейбір, әрбіреу,әлдеқашан, т. б.                                                                      

Сөзжұмбақ шешу:

1.     Бір түбірі тағам сөзімен мәндес, екінші түбір тағам пісіретін ыдыс аты.

Ол қандай сөз? (Асқазан)

2.     Үй жануарының бірінің аты мен сезім мүшесі айтылған сөз ол ненің аты? (Итмұрын)

Берілген біріккен сөздерге сөйлем құрап жаз: аққұтан, көкжиек, шекара.

Дәптермен жұмыс:

«Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме жазу. Біріккен сөз  келетін аң – құстарды қатыстырып жазу.

 

 

 

Семантикалық картамен жұмыс

 

 

хана

мұрын

кәсіп

басшы

күні

Өнер

 

 

     +

 

 

Қол

 

 

 

     +

 

Ит

 

   +

 

 

 

Жазды

 

 

 

 

  +

Баспа

   +

 

 

 

 

 

Сабақты  бекіту:

1)     Окушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жалборыс,Ақшұқыр, Гүлдана, асқазан, алтыбақан, ақсақал, бірнеше, күздігүні

2)    Сауаттылығын тексеруге арналған сөйлемдер.

3)  Бесатар белдескенде де керек, алыстан жаумен тілдескенде де керек.

4)          Жақсылықты көп қуған, Бақ-дәулетке молығар.

5)           Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі  ерте, біреуі жай.   (Абай)

6)          Жаздыгүні шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек ұзарып өсіп толғанда. (Абай)

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 67-жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Үйде  өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттерді пайдаланып, біріккен сөздерге мысал тауып жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөздер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік: Оқушыларға сөз тұлғасы және біріккен сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру,Мысалдар арқылы түсіндіру.

2)дамытушылық: ой-өрісін ,сөйлеу шеберлігі,тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,ойқозғау
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кестелер, семантикалық карта

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңін жүргіземін.

2) Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар.

"Ой қозғау" стратегиясы

Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?

Тілдің негізгі байлығы не?

Сөздер қалай жасалады?

Сөзге қосымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді?

Етік+етікші-аяқкиім- етік тігетін адам.

Бұл сөз жасаудың қандай түрі? (Туынды сөз)

Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)

Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма?
Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші – еңбекақы

3 .Жаңа сабақ:

Оқушылар жаңа сабақты меңгерту, мағынаны ашу үшін ертегімен бастау.

Ертеде бір Сөзстан деген ел болыпты. Осы елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – Күрделі сөздер екен. Оның үш ұлы болыпты. Бірінші ұлы – біріккен сөздер, екінші ұлы – қос сөздер, үшінші ұлы – қысқарған сөздер.

Күрделі сөздер дегеніміз не?( ережесін сұрау)

Ендеше осы күрделі сөздердің бірінші баласы – біріккен сөздермен танысайық ( оқушыларға тақырыпты дәптерлеріне жазғызу)

Ережесін айту

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа және сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бойынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тогыз -тоқс және он-ан), бір ұгымның ғана атауы болып тұр.

Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлгалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас),басмақала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстың өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (тұражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,текесақал, ала-бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;

2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Ерасыл, Аманжол,Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;

дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,сегізкөз, тазқарын, т. б.;

5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел,қарасан, т. б.;

ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,т. б.;

8)қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар:баспасөз,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ақсақал

9)мезгілге байланысты

атаулар:биыл,бүгін,қыстыгүні,жазгытұрым,күздігүні,т. б.;

10) белгісіздік,болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім,ештпеңе қайсыбіреу,әлдекім,әрқайсысы, ешқашан,кейбір, әрбіреу,әлдеқашан, т. б.

Сөзжұмбақ шешу:

  • 1.Бір түбірі тағам сөзімен мәндес, екінші түбір тағам пісіретін ыдыс аты.
  • Ол қандай сөз? (Асқазан)
  • 2.Үй жануарының бірінің аты мен сезім мүшесі айтылған сөз ол ненің аты? (Итмұрын)
  • Берілген біріккен сөздерге сөйлем құрап жаз: аққұтан, көкжиек, шекара.
  • Дәптермен жұмыс:
  • «Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме жазу. Біріккен сөз келетін аң – құстарды қатыстырып жазу.
  • Семантикалық картамен жұмыс

Сабақты бекіту:

  • 1)Окушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жалборыс,Ақшұқыр, Гүлдана, асқазан, алтыбақан, ақсақал, бірнеше, күздігүні
  • 2)Сауаттылығын тексеруге арналған сөйлемдер.
  • 3)Бесатар белдескенде де керек, алыстан жаумен тілдескенде де керек.
  • 4)Жақсылықты көп қуған, Бақ-дәулетке молығар.
  • 5)Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай. (Абай)
  • 6)Жаздыгүні шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек ұзарып өсіп толғанда. (Абай)

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 67-жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Үйде өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттерді пайдаланып, біріккен сөздерге мысал тауып жазу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 11727
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Устемирова Майгуль Жумашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Устемирова Майгуль Жумашевна
    Устемирова Майгуль Жумашевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13591
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Преподавание русского языка как неродного в образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 230 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 676 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек