Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: "Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан"

Сабақтың тақырыбы: "Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан"

Скачать материал

Күні:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақ: № 13


Сабақтың тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан


Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Жаңа тақырыпты жан-жақты ашу. Бірінші дүниежүзілік соғыстың барысын, оның Қазақстанға тигізген әсерін, қазақ халқының сол кездегі жағдайы туралы түсіндіру;


Дамытушылығы: Қосымша деректер арқылы студенттердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті түрде білуді қалыптастыру. Студенттердің ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдауға бағыт беру.


Тәрбиелігі: Ұжымдылыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу, еліміздің тарихын білуге, құрметтеуге деген сүйіспеншілікті арттыру. Студенттерді тарих төрінен лайықты орын алған тәуелсіздікті құрметтеуге, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс. түсіндіру, интерактивті тақтамен

жұмыс, слайд арқылы түсіндіру


Сабақтың көрнекілігі: Мәдени құндылықтар, кластер, оқулықтар, слайдтар материалда


Пайдаланған әдебиет: Қазақстан тарихы, «Қазақ тарихы» әдістемелік журнал


Сабақтың барысы


I Ұйымдастыру кезеңі


а) Сәлемдесу , студенттерді түгендеу .

б) Сабаққа бағыт беру .

IІ Үй тапсырмасын сұрау

ХХ ғ. 20-80 ж.ж. наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар кестесін толтыру


Уақыты






Көтеріліс болған жерлер






Себебі






Қозғаушы күші






Барысы






Кеңес өкіметі қарсы қолданған шаралар






Нәтижесі








IIІ Жаңа сабақты түсіндіру

Мына жоспар бойынша түсіндірімен:


  1. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан.

  2. Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

  3. Антанта (Англия, Франция, Россия).

  4. Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

  5. Соғыстың себептері:

  6. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды

  7. Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізуі



Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды

1

40899244 пут

мақта

2

38 мың шаршы аршын

киіз

3

3 млн. пут

мақта майы

4

229 мың пут

сабын

5

300 мың пут

ет

6

473928 пут

балық

7

70 мың

жылқы

8

12797

түйе

9

14 мың

киіз үй

алынды



IV Жаңа сабақты бекіту

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Бірінші дүниежүзілі соғыс туралы не білесің соны айтып бер

2. Бұл соғыстың екінші дүниежүзілік соғыстың айырмашылығы

3. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік жағдайы қалай болды


hello_html_m4dd5c02d.png






V Қорытынды

Студенттерді бағалай отырып, сабағымды қорытамын : «5» ---

«4» ---

«3» ---



VІ Үйге тапсырма 13тақырып Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан





























Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

Антанта (Англия, Франция, Россия).

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Соғыстың себептері:

Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.

Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.

Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1. 40899244 пут мақта 
2. 38 мың шаршы аршын киіз
 
3. 3 млн. пут мақта майы
 
4. 229 мың пут сабын
 
5. 300 мың пут ет
 
6. 473928 пут балық
 
7. 70 мың жылқы
 
8. 12797 түйе алынды
 
9. 14 мың киіз үй салынды


Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.

Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.

Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: "Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 2037
    • DOCX 252 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карашинова Алмагуль Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13184
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе