Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: 4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық. Достықты сақтаудың жолдары

Сабақтың тақырыбы: 4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық. Достықты сақтаудың жолдары

Скачать материал

Сабақ жоспары

 

Сабақ:  №3

Мектеп:  Шаған ЖОББМ

Күні:10.11.2017

Мұғалім: Ханов Ш.У 

Сынып: 7 «а» , «ә»

Қатысқан оқушылар  саны: 

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

  4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық.  Достықты сақтаудың жолдары

 

Оқу мақсаты:

8.Т/А3  Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннен  ақпараттарды анықтай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіннен ақпаратты анықтап, ойын дәлелді жеткізе алады,

Бағалау критерийлері:

·         Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне алады;

·         Факті мен көзқарасты ажырата алады.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:  Достық туралы ойлар, мақалдар, факт мен көзқарас

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география ,өзін-өзі тану, әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Достықты сақтаудың жолдары

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

 

Сабақтың басы

2 минут

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

«Сенімділік»  жаттығуы

u  Шарты: таратылған ақ  парақтарды  ортасынан екіге бөліңіз.

u   Бір бөлігіне өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді,  екінші бөлігіне  жағымсыз қылықтарыңызды  жазыңыз.

u   Осы парақтардың сіздің жақсы азамат не азаматша болып өсуіңізге көмектесетін бөлігін жыртып, өзіңізге алып қалыңыз.

u  Екінші бөлікті (жағымсыз қылықтарды) умаждап, қоқыс жәшігіне салыңыз.

Оқушылар суреттер  арқылы үш топқа бөлініп отырады.

https://mn-m.ru/files/images/blog/0/91vf6e961d8.jpg

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0e8b/000083ba-3a173caa/img16.jpg

Ұлдар арасындағы

достық

Жануарлар мен адамдар достығы

Ұл мен қыз арасындағы достық

 

Үй тапсырмасын сұрап кету

 Ой түрткі

1.Достықты сақтап қалу үшін  не істеу  керек деп ойлайсыңдар?

2.Досыңды ренжітпеу үшін  оның  орынсыз  өтініштерін  де орындай беру керек пе?

3.Досыңның қателігін  бетіне айтқан дұрыс па?

4.Достықтың  ғұмыры ұзақ болу үшін ,оларды  байланыстаратын қандай  ортақ қасиеттер  болуы керек деп ойлайсыңдар?

ҚБ  "Мұғалімнің мадақтауы" (жарайсың,тамша ,керемет)

 Оқушыларға тыңдатылым мәтіні тыңдатылады.

"Екі дос" жайлы тыңдалым тыңдатылады.

Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс

қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

-    Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-   Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

-   Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-   Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

-    Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді.

Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

 

КӘМҚ-талдау: «Адам өміріндегі достық ұғымының ...»

КҮШТІ  ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ   ЖАҚТАРЫ

 

 

МҮМКІНДІКТЕР

ҚАУІПТЕР

 

 

Тыңдалым тапсырмасы:

Факті мен көзқарасты ажырата білу үшін теориялық материалдар еске түсіріледі.

·         Факт – шындығында болған немесе бар нәрселер, яғни шындық.

·         Көзқарас – бұл біреудің немесе бірнеше адамның пікірі, жағдайға байланысты көзқарасы. Шын немесе жалған болатын нәрселерге берілетін субьективті бағасы.

1-топ: ПОПС формуласы 

-    " Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді."Осы сұрақтың төңірегінде оқушылар өз ойларын айтып диалогқа түсіп, тұжырым жасап факт немесе көз қарас екенін дәлелдеу

       Бірінші  сөйлем  «Менің ойымша,...  »

       Екінші сөйлем   «Себебі,  мен  оны  былай  түсіндіремін … » 

       Үшінші  сөйлем   «Оны мен  мына  факт, мысалдармен дәлелдей  аламын   … »

       Соңғы сөйлем  «Осыған  байланысты  мынадай  қорытынды  шешімге  келдім .. ».

 

ҚБ  "Қол шапалақ"

2-топ:  «Ромбытық» жіктелім Мәтіннен негізгі ақпарат,қосымша ақпарат ,көзқарасты тауып орналастыру

Төс қағысқан  дос болды.
Екі достың бірі  жау қолына түсті Көзімді  ал да, досымды босат
Әскерлер өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді
Өмірімді қияр едім Зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады.
Бетпе -бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3-топ: «Балық қаңқасы» Мәтіннен негізгі ақпарат,қосымша ақпарат ,көзқарасты тап

Екі дос төс қағысқан
дос болды.
(Факт)
Досым үшін өзімнің өмірімді қияр едім
(көзқарас)




Әскерлер өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды (қосымша ақпарат)
 

 

 


???Дәлелдері... Себептері...Қорытынды пікір.. «Екі дос»  https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_566320c5cd708/ashyksabakazyktulikdukienindie_12.png

???
???
 

 

 


ҚБ  "Басбармақ"

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма: Берілген ақпараттардың факт немесе көзқарас екенін анықтап, белгілеңіз.

Ақпарат

Факт

Көзқарас

1

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төсқағысып, дос болады.

+

 

2

Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

 

+

3

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.

+

 

4

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады.

 

+

5

«Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді.

 

+

 

 

Бағалау критерийі:

Дескрипторлар:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді .

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады.

-берілген ақпараттарды ажыратады;

-факт немесе көзқарас екенін белгілейді.

 

Презентация

 

 

http://dou8kovrov.3dn.ru/_nw/0/19368742.png

 

 

 

 

http://www.jachicago.org/wp-content/uploads/2013/05/shutterstock_12040297.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдалым материалы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://prodemio.ru/wp-content/uploads/2017/03/i-4.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://ds03.infourok.ru/uploads/ex/112c/00013623-4acd8786/img16.jpg

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс:

Сіз қай кейіпкерге ұқсайсыз? Неліктен?

«Блоб ағашы» тәсілі арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.

 

 

Үйге тапсырма :

Дос туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

 

 

Ойлану

 

 

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

 

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

 

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

 

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

 

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

 

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

 

2.

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

 

2.

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 104 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2017 5872
    • DOCX 720.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ханов Шохан Уалиханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ханов Шохан Уалиханович
    Ханов Шохан Уалиханович
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 697007
    • Всего материалов: 177

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой