Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Буын және тасымал

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

кеспе қағаздар, текше,

Жалпы мақсаттар

1. Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету; 
2. Буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту.
3. Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Үлестірмелі парақшалар,суреттер

Ынтымақтастық атмосферасы

«Қара жорға» биі

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSAEto7v3SnNPWl1szrGQq0xTWwDe-Lr8DPB4jZaerkO0BMZjJy

Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді

Үй тапсырмасын сұрау


Дәптердегі жаттығуларды тексеру.

Қызығушылықты ояту

Арайлап шықты жаңа күн
Шуағын шашып баршаға
Кәне досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Әр топқа жаттығуларды топтап беру.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
1-топқа тапсырма

Оқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу. Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау. 
Кі-тап, дәп-тер, қа-лам-сап, сыз-ғыш, ө-шір-гіш, қа-рын-даш.
Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау.
Буын карточкаларымен жұмыс. 
Оқушыларға
Сөзді буынға бөлгізу. О-қу-шы-лар-дың (5 буын), 5-буынды сөз 4 жолмен тасымалданады, бірақ біз осы сөзді 4 жолмен тасымалдай аламыз ба?
Тасымалдау жолын көрсету
1. Оқу-шылардың
2. Оқушы – лардың
3. Оқушылар-дың (жалғыз әріптен тұратын буын тасымалданбайды)
Сергіту сәті
«Адасқан әріптер» ойыны. Берілген әріптерден Қазақстан қалаларын құрап, буынға бөлу
Оқулықпен жұмыс
2-топқа тапсырма
«Барлық оқу құралың
Бүтін болсын» - ұраным.
Шылдырымен сағаттың 
Өзім ерте тұрамын.(Қ.Мырза Әли)
3-тапсырма

Буындардан сөз құрау. 
Ал екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрайды.
Қорытынды: буыннан сөз құралады.
Сөздерден сөйлем құралады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу түр.

Оңға-оңға түзу түр,

 Алға қарайбір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.





Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды

Ой толғаныс


Ұйқасын тап
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи......... (күнделігім)
Мекендеген портфелімді,
Беттері аппақ, көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін………….. (дәптерімді)
Қатар бойынша тапсырма беру
1-қатар. Күнделігім
2-қатар. Дәптерімді (тасымалдау)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру

Күнделіктеріне жазады


 Бағалау

 Смайликтер арқылы




Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров150
Номер материала ДВ-265993
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх