Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Дамытушылық: буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік мәні: сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: еске түсіру, өзіндік жұмыс, қорытындылау, ойын.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика
Көрнекілік: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер
Қолданылатын технология: дәстүрлі
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың өту әдісі:
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Қызығушылығын ояту
ІV Мағынаны тану
V Ой толғаныс

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын түгелдей сабаққа аудару
а) Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
4 бет 3 - жаттығуды әр қатардан үш оқушыдан оқыту.
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлемнің түрлерін ата, мысал келтіріңдер.

ІІІ Қызығушылығын ояту
- Балалар, бәріміз сөздерді буынға бөлуді білеміз ғой. Ендеше мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Қимылмен көрсет»
Шарты: Мұғалім бір буынды сөз оқыса, оқушылар қоянның қимылын салады. Екі буынды сөз оқыса, балықтың, ал үш буынды сөзді оқыса, аюдың қимылын көрсетеді. Қателескен бала ойыннан шығып отырады.

ІV Мағынаны тану
а) дәптермен жұмыс
Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.
Дыбыс: Әә
Сол дыбысқа байланысты сөз жазу: әнші
Ауызша сол сөзге сөйлем құрату, буынға бөлу.

ә) тақтамен жұмыс
1 - жаттығуда оқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу. Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау.
Кі - тап, дәп - тер, қа - лам - сап, сыз - ғыш, ө - шір - гіш, қа - рын - даш.
Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау.
б) оқулықпен жұмыс

2 - жаттығуда өлеңді іштей оқығаннан кейін, бірнеше оқушы дауыстап, буынға бөліп оқиды. Өлеңнен бір ғана дауысты дыбыстан тұратын буынды өздері тауып, қорытынды шығарады. Яғни дауысты дыбыс өз алдына буын құрайды.

3 - жаттығу бойынша алдымен буындар жазылған баған мен сөздер жазылған бағанды салыстырады. Буындардан сөз құрауға, сөздерден сөйлем құрастыруға болатынын айтады. Тақтада орындалады: сабақ, парта, тақта, кітап.
Болат кешке оқу құралдарын дайындап қояды.

Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық.

Тасымалдау ережелерін еске түсіру:
 Бір буынды сөздер тасымалданбайды;
 Тек дауысты дыбыстан болған буын тасымалданбайды;
 Дефистен кейін дауыссыз дыбыстан басталып тасымалдануы керек;
 Жалғыз дыбыс тасымалданбайды.
Бір сөздің бірнеше тасымалдану үлгісін көрсету. «Оқушылардың» сөзін буынға бөлгізу. О - қу - шы - лар - дың (5 буын), 5 - буынды сөз 3 жолмен тасымалданады, себебі жалғыз әріптен тұратын буын тасымалданбайды.

Тасымалдау жолын көрсету:
1. Оқу - шылардың
2. Оқушы – лардың
3. Оқушылар - дың
в) дәптермен жұмыс

4 - жаттығуда үш, төрт буынды сөздерді тасымалдап үйренуге дағдыландыру. Тасымалдауға болмайтын сөздерді табу: сен, бе, олар, өте, өмір, мен.
Жал - қау - лар (3 буын ) Са - раң - дар - ды (4 буын)
Жал - қаулар Са - раңдарды
Жалқау - лар Сараң - дарды
Сараңдар – ды

г) өздік жұмыс
5 - жаттығуды оқушылар дәптерге өз беттерінше орындайды, немесе үш қатардан бір оқушыдан тақтаға орындайды.
Күн - де - лі - гім (4 буын) қа - зақ ті - лі (2 буын) дәп - те - рім - ді (4 буын)
Күн - делігім қа - зақ дәп - терімді
Күнде - лігім ті - лі дәпте - рімді
Күнделі - гім дәптерім - ді

V Ой толғаныс
Сұрақ - жауап арқылы сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Кітаптар, балдырғандар» сөздерін тасымалдап келу.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.06.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров27
Номер материала ДБ-134339
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх