Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Циклдің ілесу шарты..

Сабақтың тақырыбы: Циклдің ілесу шарты..

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні : 15.01.16 Бекітемін ----------------------------------------------

Оқу ісінің меңгерушісі

Сабақтың  тақырыбы: Циклдің ілесу шарты..

Сабақтың  мақсаты:      

1.  Білімдік: оқушыларды ілесу операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдік  алгоритмдерді программалау кезінде қолданысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру.

2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыру.

3.  Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты оператор  мен  қызметші  сөздерді  жазуға  тәрбиелеу.  

Сабақтың типі:  интегралды сабақ

Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер:  тақта, компьютер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, есеп шығару

Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың  барысы:

1.     Ұйымдастыру

2.     Өткенді  қайталау

3.     Жаңа сабақты  түсіндіру

4.     Пысықтау

5.     Бағалау

6.     Үй  тапсырмасы

Өткенді  қайталау

1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?     

2. Циклдің оператордың неше түрі бпр?

3. FOR  операторы  қай кезде қолданылады? 

5. While  операторының жазылуы.

6.WHILE   циклдік операторындағы  DO  түйінді  сөзінен кейін  қандай тыныс белгі  қойылмайды?

Жаңа сабақты  түсіндіру

Turbo  Pascal  тілінде қайталау  процесін  жүзеге асыратын  циклдік  операторлардың үш түрі  бар:  арифметикалық цикл –FOR, шартты  алдын ала  тексеретін  цикл –While  және шартты  соңынан  тексеретін  цикл –Repeat.

Егер шарт алдын ала  циклдегі  операторды  (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе,  онда  While, Repeat    операторлары пайдаланылады. Ал  FOR  операторы  қайталану саны  алдын ала белгілі  болған кезде қолданылады. 

 

REPEAT (қайталау) операторы

Шарт цикл соңында тексерiлетiндiктен  REPEAT (қайталау) операторы ең болмағанда бiр рет орындалады. Циклдiң  орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды.  Жазылу түрi:

    REPEAT <оператор> UNTIL <шарт>

                 {бiр оператор қайталанады}

мұндағы  UNTIL-қызметшi сөз, “дейiн” болып аударылады. Ал бiрнеше оператор

қайталанатын жағдайдағы жазылуы:

    REPEAT  <1-оператор>;

                  <2-оператор>;

                         ...

                  ;

    UNTIL    <шарт>;

 

Бұл жерде  құрмалас оператор REPEAT және UNTIL сөздерiнiң  арасында

орналасып, басқа  қызметшi сөздер жазылмайтыны көрiнiп тұр. Бұл операторды да

WHILE операторын пайдаланған есептерде қолдануға болады.

 

 

1-мысал. S=10+9+8+7+6   қосындысын есептеу.

Programқосын-2 ;

Var i, s : integer;

Begin

    i:=10; s:=0;

REPEAT     

           s:=s+i;

         i:=i-1;       

    UNTIL   i<5;

Writeln(‘i=’, i, ‘s=’, s);

end.

ТапсырмаҚосындыны есептеу.

Const n=10;

Var i, p: integer;   s: real;

    Begin  s:=0;  p:=1;  i:=1;

         REPEAT p:=p*i;

                      S:=s+ sqr(i)/p;

                       I:=i+1;

         UNTIL   i>n;

Writeln(‘s=’, s:4:2);

End.

 Тапсырма.  N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8  барлық мәндерiнде  y=2k+n айнымалысының

мәнiн табу.

Program Есеп;

Var k, n, y: integer;

Begin  For i:=1 to 3 do

     Begin     k:=2;

          While   k<=8 do

               Begin    y:=2*k+n;

                           k:=k+2;

                           Writeln(‘y=’, y);

               End;

      End;

End.

       Жаңа  сабақты пысықтау

Оқушыларға  жеке  нұсқалы,  екі   есепті  компьютерде  шешуге таратылу қағаздары беріледі.  Оқушылар орындағаннан кейін компьютер арқылы  тексеріп, жауабын анықтап, бағалаймыз.

Сабақты бекіту сұрақтары: 

1. Қайталану  алгоритмдерін программалауды  ұйымдастыру  қалай жүргізіледі?

2. «Цикл әзір»және  «цикл кейін» құрылымдарының  айырмашылығын  блок-

схема арқылы түсіндіріңіз?

3. Алдын ала  шартты тексеру  операторы.

4. REPEAT операторының  жалпы жазылуы және орындалуы.

5. параметірлі  қайталану  операторының жазылуы және орындалуы.

6. Циклдің денесі  дегеніміз не?

7. Күрделі циклдер туралы айтыңыз.

 

 Бағалау.

Үйге  тапсырма: REPEAT (қайталау) операторы

 

Тапсырма: N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8  барлық мәндерiнде  y=2k+n айнымалысының мәнiн

табу.

 

 












Күні : Бекітемін ----------------------------------------------

Оқу ісінің меңгерушісі


Сабақ тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар.

Сабақ мақсаты: 

1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға тізімдерді маркерлеу, номерлу және парақ параметрлерін баптау туралы түсінік беру 
2. Дамытушылық мақсаты: Осы тақырып бойынша алған төориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану 
3. Тәрбиелік мақсаты: компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу 
Сабақ түрі : аралас сабақ 
Сабақтың әдіс – тәсілі: теориялық, практикалық 

Сабақтың көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, таратпа материалдар, карточкалар,электрондық оқулық 
Пәнаралық байланыс: математика,қазақ әдебиеті,тарих
Сабақтың барысы. 
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау 
Жаңа сабақты түсіндіру
Практикалық жұмыс 
Жаңа сабақты бекіту 
Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру 
Сабаққа дайындықтарын тексеру 
Сабақ мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау 
1. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасында қандай айырмашылықтар бар? 
2. Көшіру және орын ауыстыру операцияларында қолданылатын әдістерді атаңдар? 
3. Алмасу буфері дегеніміз не? 
4. Алмасу буфері қандай жағдайда қлолданылады? 
ІІІ. Жаңа сабақ 
Құжаттың сыртқы түрін жақсарту әрі оның ішкі мағынасын ұғынықты қылу үшін Word - та тізімдерімен жұмыс істеуге арналған арнайы құрал бар. Тізімдердің екі негізгі тұрпатын пайдалануға болады. 
• Нөмірлеуі бар тізім (списки с нумерацией) 
• Белглеуі бар тзім (списки с пометками) 
Тізімді нөмір жаңа элементті енгізукезінде автоматты түрде түзетіледі. Тізімдерді сұрыптаудың мүмкіндіктері болады. Пішім мәзіріндегі Тізім командасын орындау арқылы Сұхбат терезесі ашылады. Қажетті тізімнің белгілеуі бар (с пометками) тізім үшін – Маркерленген (Маркированный) нөмірленуі бар (с нумерацией) тізім үшін – Нөмірленген (Нумерованный) немесе күрделі нөмірлеуі бар (со сложной нумерацией) тізім үшін – Көпдеңгейлі (Многоуровневый) беттерді активтендіріңіз. 
Парақ параметрлері 
Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығуүшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою беру керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі , Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі. 
1. «БЕТ ПАРАМЕТРЛЕРІ» диалогтік терезесі бойынша қызметтік мүмкіндіктерін атаңыз: 
ІV.компьютермен жұмыс.

Кітаптағы деңгейлік тапсырмаларды орындау. 
Сабақтың практикалық бөлімінде оқушылар парақ параметрлерін баптауды, маркирленген және нөмірленген тізімдер құруды.маркерлерді таңдау және оларды өзгертудің болатынын іс жүзінде көреді. 
Тапсырмаларды орында (жеке берілгін). 

V.Үйге тапсырма беру . Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар.

15 ақпан Кеңес одағының ауған жерінен шығарылған күніне арналған кешке шақыратын қонақтарға шақыру билетін жасау.Қонақтар тізімін жасау. Информатика оқулығынан 60-61 бет 


































Күні : Бекітемін ------------------------------------------

Оқу ісінің меңгерушісі


Сабақтың тақырыбы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу. Практикалық жұмыс

Сабақтың  мақсаты:                        

Білімділігі:  Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық  мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;   

Дамытушылығы:  Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық  ой- өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    практикалық  сабағы

Сабақтың барысы:   

                                    1. Ұйымдастыру

                                    2. Өткен материалды қайталау

                                   3.  Жаңа сабақты түсіндіру

                                    3. Сабақты бекіту

                                   4.  Үйге тапсырма

 Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

 Var операторының қызметі қандай?

Const  операторының қызметі қандай?

Readln  операторының қызметі қандай?

Writeln  операторының қызметі қандай?

Цикл дегеніміз не?

Циклдік алгоритмнің неше түрі бар?

Программаның нәтижесін қалай көреміз?















Жаңа  сабақты түсіндіру

   Символдық шамалар дегеніміз  сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Осыған дейінгі программаларда біз тек сан мәндерімен ғана жұмыс жасап келеміз.  Ал қазіргі компьютерлерімізде кез-келген символдық айнымалыларды өңдейтін программалар бар. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз бойынша ақпаратты пернетақтадан енгізу және дисплей экранына шығаруды қарастыратын боламыз. Бұл программада да сандық ақпаратты енгізу және шығару сияқты          операторларының  көмегімен жұмыс істей аламыз. Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын  CHAR түйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан.

Символдық мәліметтер төмендегідей стандартты функциялар орналасқан:

Chr(x)-byte типіндегі х санын символға түрлендіреді

ord(ch)-ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді   

pred(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді

upcase(ch) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады.

Символдық мәліметтерді еңгізу

            Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1.     Бос орын таңбасы -  ‘_’ Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.

2.     Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.

3.     Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі – ENTER

( )   басылса да  READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.

4.     Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады.

5.     Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN ( end of line)    стандартты функциясын пайдалану қолайлы.Бұл функция мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды – дегенді білдіретін  Enter пернесі басылғанда ғана  ( True ) қалған жағдайда жалған ( Folse )  болады.

                             Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу

       Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөз қолданылады. VAR<айнымалы аты>:  string [ жолдың ең үлкен ұзындығы ]

Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз.

Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады.

Салыстыру амалдары олар: =, < >,<, >, <=, > = белгілерімен белгіленеді.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,онда қай жолдың символдары көп болатын болса,сол үлкен деп есептеледі.Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса,ең алдымен біріктіру амалы,содан соң салыстыру амалы орындалады.

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы.Бұл операция  алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын  символдар санымен анықталады.

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Паскаль тілінің функциялары :

CHR(I)-I  санына сәйкес символы береді.

            ORD(S)-S  символының бүтін сан түріндегі кодын береді

            COPY( ST,POZ,N ):String; ST сөз тіркесінің POZ нөмірлік символынан   

 бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады.

            UPCASE( C:CHAR ): CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас 

 әріптерге ауыстырады.

            DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М- таңбасын өшіреді.

            INSERT( S1,S2,Poz ); S сөз тіркесі символдарының  Poz  нөмірінен бастап        

  символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады.


сабақты бекіту
Біліміңді тексер: Оқулықпен жұмыс 
№1. Ұзындығы 25 символдан артпайтын сөз тіркесін алып, одан мүмкіндігінше бірнеше жаңа сөз құрастырыңдар.
№5. Берілген мәтін сөздерінде ең көп кездесетін әріпті табыңдар.
№8. Берілген сөз тіркесінде ‘а’ әрпінің санын анықтайтын программа құрыңдар.
Сергіту сәті
Көз және қол жаттығуларын орындау.
Ойлан-жұптас-талқыла
Әр топқа шығармашылық тапсырма карточка арқылы беріледі.
1-топ: Кез келген сөзді пернетақтадан енгізіп, оның ұзындығын анықтайтын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.
2-топ: Енгізілген сөз тіркесі сан болатынын немесе болмайтынын анықтайтын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.
Қорытындылау

Тест жұмысы
Бағалау
Оқушылар өздерін-өзі бағалай отырып, алдарындағы бағалау парақшаларындағы бағалардан қорытынды баға шығарады. 
Кері байланыс
“Гүл шоғы”

      Үйге тапсырма : Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.Сөздердің ішінен керек әріптерді қиюдың программасын құру керек. Символдық  мәліметтерді енгізу.  Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.



































Сабақты бекіту сұрақтары

Символдар программаға қалай енгізіледі,олар қандай типте болуы тиіс?

 CHR(I) нені  беріледі?

Символдық мәліметтерге қандай операторлар қолдануға болады?

Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?

 Тіркестік өрнектер дегеніміз не?

 Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

 

 





























Символдар бойынша жолдарды өңдеу Практикалық жұмыс

Мақсаты: Мәтіндік ақпаратты өңдеу процедураларымен таныстыру. Мәтіндік ақпарат өңдеу процедураларын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Символдық шамалардың жазылуын, қолдану жолдарын, стандарттты функциялардың қызметтерін біледі;
Оқушылардың топпен бірлесе отырып, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тапсырмалар: 
1. Ой қозғау (сұрақ-жауап);
2. Постер дайындап, қорғау;
3. Оқулықтағы есептерді шығару (жеке жұмыс);
4. Шығармашылық тапсырма (топтық жұмыс - үлестірмелі қағаздар арқылы беріледі).
Кезекті оқу: Үйге тапсырма: §10, №5.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
І. Қызығушылықты ояту
Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беру.
1. Символдық мәліметтерді енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
2. Символдық мәндерді қалай енгізу керек?
Символдық типтегі мәліметтер үшін қандай стандартты функцияларды қолдануға болады?
ІІ. Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Жигсо әдісін қолдану:
1-топ: Тіркестік өрнектер
2-топ: Сөз тіркесін өңдеуге арналған стандартты процедуралар

ІІІ. Ой толғаныс
Жаңа сабақты бекіту
Біліміңді тексер: Оқулықпен жұмыс 
№1. Ұзындығы 25 символдан артпайтын сөз тіркесін алып, одан мүмкіндігінше бірнеше жаңа сөз құрастырыңдар.
№5. Берілген мәтін сөздерінде ең көп кездесетін әріпті табыңдар.
№8. Берілген сөз тіркесінде ‘а’ әрпінің санын анықтайтын программа құрыңдар.

Сергіту сәті
Көз және қол жаттығуларын орындау.

Ойлан-жұптас-талқыла
Әр топқа шығармашылық тапсырма карточка арқылы беріледі.
1-топ: Кез келген сөзді пернетақтадан енгізіп, оның ұзындығын анықтайтын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.
2-топ: Енгізілген сөз тіркесі сан болатынын немесе болмайтынын анықтайтын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.

Қорытындылау

Бағалау
Оқушылар өздерін-өзі бағалай отырып, алдарындағы бағалау парақшаларындағы бағалардан қорытынды баға шығарады. 

Кері байланыс
“Гүл шоғы”
Оқушылар өздерінің гүлдерінің жапырақтарың бояп, гүл шоғын жасайды. Содан бүгінгі өткен сабақтың түсін сипаттайды.

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров112
Номер материала ДВ-436622
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх