Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы»

Сабақтың тақырыбы: «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы»


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы..."

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: оқушыларға мереке мен мереке иелерінің маңыздылығын түсіндіру. Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір-қасиеті туралы туралы мағұлмат беру.

ә) дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту. Бір-біріне деген сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру.

б) тәрбиелілігі: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, түрлі-түсті қағаздардан жасалған ойыншықтар, гүл т.б

Тәрбие сағаты барысы:

Музыка баяу естіліп тұрады. Үнтаспаға алдын ала басылған мына сөздер қойылады:

Дүниеге келуге дайындалып жатқан бір бала Құдайдан сұрайды:

- Маған ертең дүниеге келетінімді айтты, бірақ кішкентай және қауқарсыз мен ол жерде қалай өмір сүрмекпін?

Құдай жауап береді:

-Көп періштенің ішінен біреуін сен үшін таңдап алдым. Ол сені күтіп алады және саған қамқорлық жасайтын болады.

Сәби тағы да сұрайды:

-Бұл жерде, Аспанда маған бақытты болу үшін ән салу мен күлуден басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ. Ал мен Жерде қалай өмір сүретін боламын?

Құдай жауап береді:

-Сенің періштең күн сайын сен үшін қуанып, ән салатын болады. Оның махаббатын сезінгенде сен бақытты боласың.

Сәби сұрайды:

-Олардың тілін білмесем, адамдарды қалай түсінемін?

Құдай жауап береді:

- Сенің періштең әйтеуір бір кезде тыңдауға болатын ең тамаша сөздерді айтады және сені оларды айтуға үйретеді.

- Ал мен сенімен сөйлескім келген кезде не істеуім керек?

- Сенің періштең саған қолдарыңды жайып ұстауға және дұға оқуға үйретеді.

- Мен Жерде жаман адамдар бар деп естідім. Мені кім қорғайды?

- Сені сенің періштең бұл тіпті оған қауіп-қатер төндірсе де қорғайды.

- Бірақ мен әрқашан мұңға бататын боламын, өйткені сені көре алмаймын ғой.

- Сенің періштең саған Мен туралы айтып береді. Және Мен сенің жаныңда болсам да Маған жолды көрсетеді.

Осы сәтте  Аспан тып-тыныш бола қалады. Сәби асығыс соңғы сұрағын қояды:

-Құдайым, Сені тастап кетуге кешігіп жатырмын ба? Өтінемін, періштемнің есімін айтшы.

Құдай жауап береді.

- Есімнің ешқандай маңызы жоқ. Сен оны жай ғана "Ана" деп айтатын боласың.


Екі жүргізуші ортаға шығады (бір ұл, бір қыз)

Қыз: Сәлеметсіздер ме, қымбатты аналар, қыр гүліндей құлпырған аяулы қыздар, ұлағатты ұстаздар!

Ұл: Жыл сайын күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде жететін Аналар мерекесіне амандықпен жеткенімізге шын қуаныштымыз!

1-қыз: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?

2-ұл: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.  

1-қыз: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

2-ұл: Міне,Ұлы Жеңістің 70-ші көктемі келіп жетті.Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсеткен,қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасқан Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованыда еске алып кеткеніміз жөн.

1-қыз: 

Жотадан жау қайтарған жалғыз (көрініс)

           Сахнада күңіренген музыка ойнап тұрады, мылтық зеңбірік дауыстары.

Сахна  қара көлеңке болып  тұрады. Ортаға Мәншүк ролінде оқушы шығады 

                 -  Отаным үшін!  Жерім үшін!   Бауырларым үшін!   

                 -Жотадағы жалғыз жаудың бетін тойтарды. Бір мезет пулемет үні шықпай қалды.

                 -Бірақ бұрынғыдай дәл тигізе алмай,бет алды атып жатты.Нәзік саусақтары пулеметтің шүріппесін жіберместен намыстан жаралған найзағайдан қыршын ғұмыр үзіліп кетті.

                 -Осы кезде пулеметін құшақтаған күйі Мәншүк аяғы бүгіліп құлап бара жатады.

              Сахнаға жас жауынгер шығып Мәншүкті құлатпай көтеріп қолына алады. Күңіренген музыка ойнап тұрады.


2-ұл: Мәдидің орындауында Ана туралы ән

Жансая:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым.


1-қыз: Келесі көрініс "Көктем патшалығы"

Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.

Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.

Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 3 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 3 қызы болыпты.

«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді.

Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.

Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.

Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.

Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем.

Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.

Патшаға абыз қария келеді.

Қария: Дат, тақсыр!

Хан: Датың болса, айт!

Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.

Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.

Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!

Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?

Хан: Өнеріңді көрсет.

Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.

Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.

1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.

Автор: Бірде анасы ұлдарына былай депті:

Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?

Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.

Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.

Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.

Ана: Жарайсың, кенжетайым!

Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!

Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

1-қыз: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарымыз бен ұстаздарымызға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.


Айнұр

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Мерей

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Меруерт
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.

Хор "Ана туралы ән"


Ұл: Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Аналарымыздың мерекесі құтты болсын, барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Келесі кездескенше аман болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!










Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров380
Номер материала ДВ-445457
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх