Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: "Дауыссыз дыбыстар" (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: "Дауыссыз дыбыстар" (5 сынып)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m34827ac8.gifhello_html_763618ee.gifhello_html_72e2575d.gif

Күні: 12.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Дауыссыз дыбыстар,қатаң дауыссыздар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ.Үй жұмысын сұрау.

1.Қатемен жұмыс.

2. 254-жаттығу.

ІІІ.Жаңа тақырып.

Өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар мыналар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ (у)

Өзіндік белгілері:

1.Үн мен салдырдан тұрады;

2.Созуға келмейді;

3.Дербес тұрып буын құрай алмайды.

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.














Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.



Қатаң дауыссыздар мыналар:

п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.



Ұяң дауыссыздар мыналар:

б,в,г,ғ,д,з,ж

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар деп атаймыз.



Үнді дауыссыздар мыналар:

р,л,й, у (тау), м,н,ң.



.
















ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

261-жаттығу. Мәтінді оқып, осындағы дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

262-жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар. (жазбаша)



Перфокартамен жұмыс (ауызша)

Сөйлем

Дауысты дыбыстар саны

Дауыссыз дыбыстар саны

Ашық дауысты

лар

Қысаң дауыс

тылар

Жуан дауыс

тылар

Жіңіш

ке дауыс

тылар

Еріндік дауыс

тылар

Езулік дауыс

тылар

Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.









Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім.









Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады









Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді.









Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.










Сабақты бекіту:

Сұрақ-жауап:

1.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

2.Дауыссыз дыбыстарды ата?

3.Дауыссыз дыбыстардың түрлері нешеу.

4.Қатаң дауыссыз дегеніміз не? оларды ата.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .

263-жаттығу. жұмбақтың жауабын тауып,фонетикалық талдау жасау.


Жауабы:

көгершін ,екі, тұз, құз











Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров140
Номер материала ДВ-440838
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх