Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дыбыс және әріп

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

кітап, сөздік

Жалпы мақсаттар

Білімділігі:Дыбыс,буын және әріп, тасымал туралы тақырыптарды еске түсіріп,толықтыру.
Дамытушылығы: ақыл-ойын дамыту,сөздік қорын молайту,сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі:адамгершілікке,кішіпейілділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Жылдың төрт мезгіліне сай топқа бөлінеді.

Бағалау жетондарын үлестіремін

Ынтымақтастық атмосферасы

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?





Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


Дәптердегі жаттығуларды тексеру.

Қызығушылықты ояту

Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
2. Негізгі бөлім
http://www.coollady.ru/pic/0003/040/07.jpg

Қырық қырықтықшы
Қырық қырықтықпен
Қой қырықты
Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?
Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.
- Оқушылар бізге не естіліп тұр?
- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.
- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.
- Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Дыбыс түрлері нешеу?
1-топқа тапсырма

Суретке назар аударайық.
Суреттен көкөністерді атайық
Жеміс - жидектерді атайық. Осы сөздерде қанша дыбыс, қанша дыбыс, қанша әріп бар?
2-топқа тапсырма

Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар, сонан соң жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз.
Әр топтан 2 сөзге сөйлем құрау.

C:\Users\2\Downloads\1338794496_1.jpg


Сергіту сәті.
Сөз құрау (4 оқушы)
Алма, амал, мата, тал, тас, таса, мал, ала, сат, атам
3-топқа тапсырма.Өлеңді түсініп оқы.
Алақай,
Алақай –
Шаттанды,
Балақай:
Сабақты Сағындық,
Мектепке
Ағылдық.
Бір сыныпқа
Көштік біз,
Бір жасқа.
Өстік біз,
Береке –
Салты күз,
Мереке –
Алтын күз Алақай, мектеп, береке, сөздеріне дыбыстық талдауды 5 қатарға үш сөзді талдату.
Шығармашылық жұмыс.

Логорифті оқы.
Көңіліміз ақ,
Қуанатты шақ.
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал, жайып құшақ.
Қарамен жазылған сөздерді неше дыбыс, неше әріп бар?

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?





Оқушылар хормен айтып,есептейді

Ой толғаныс


«Менің қиялымдағы ауыл» тақырыбына сурет салу және әңгімелеу.

Үй тапсырмасы

Оқулықта қалған жаттығуды үйге беремін.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау жетондарын санайды.

Смайликтер арқылы



Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров152
Номер материала ДВ-265999
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх