Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Сабақтың тақырыбы: Диктанттар (5 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сабақтың тақырыбы: Диктанттар (5 сынып)

библиотека
материалов

Күні: 10.09

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы. «Аю және бөрене»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Аю және бөрене


Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келеді. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жібереді.Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете қалады. Қара күшке сенген ожар аю аушланып, бөренені одан бетер қатты итереді.Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызаланған аю бар күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсіріпті.


(Ы.Алтынсарин) 100 сөз.




Мәтінді бір рет оқып шығамын, тиісті тыныс белгілерін оқушылар өздері қойып шығуы тиіс.















Күні: 05.10.2015

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Бақыт»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бақыт

Мен бақытты көрсем деуші едім. Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып : -Ей, азаматтар, бақытты болыңдар-дейтін еді.Менің бақытты көргім келді.

Мен содан бері талай бақытты адамдарды көрдім. Талай бақытпен бетпе-бет кездестім,қазір өзім бақыттың құшағындамын. Мен көруге құмар болған бақыт-қазір мені де, менің жолдастарымды да көтеріп, шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты. Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен араласып ,өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды екен, жүрегіңді алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің. Мен бақытты көрдім.



(95 сөз) . С.Ерубаев

Мәтінді қайталап оқып шығамын, оқушылар өздері тыныс белгілерін қойып шығады.



















Күні: 23.10.2015

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Гүлжан »

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Гүлжан.

Май айының бас кезі. Мектепте оқу әлі аяқталған жоқ. Демалыс күні еді. Кездескен машинаға отырып, Көкшетау қаласына жүріп кеттім.Біздің «Еркіндік» колхозы мен Көкшетау арасы жетпіс шақырым жер. Қаңылтыр кеспектер тиеген жүк машинасы зықымды шығарды. Бір жағынан шақырайған күн төбемнен өтіп барады. Машина бір жерге келгенде , гүр етіп кілт тоқтап қалды. Қалаға жеткен екен.

Көптен бері қала бетін көрген жоқ едім. Сағынып қалыппын. Қалада кешке дейін сайрандадым. Кітап дүкенінен кітаптар,өзіме, ағама және апама тәуір киімдер сатып алдым. Бұл-менің оқу бітіріп,қызметке тұрғалы тапқан ақшама сатып алған алғашқы нәрселерім. Жұмысымды бітіріп, кештетіп ауылға қайттым.

(97 сөз) (С.Омаров)


Тапсырма:

1.Ша-қы-рай- ған ,жұ-мы-сым-ды, сай-ран-да-дым сөздерін тасымалдап жазу.

2. Омонимдер мен синонимдерді теріп жазыңдар.

Омонимдер: бас, қала,

Синонимдер: ақша, жұмыс, қызмет, тәуір










Оқу ісінің меңгерушісі: __________Жармуханов А.К

Күні: 27.10.2015

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Домбыра »

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Домбыра

Домбыра. Осынау екі шекті аспапта қаншама құдірет жатқанын дәл айтып беру үшін қазақ дейтін халықтың талай ғасырғы тарихын баяндау керек сияқты.

Ол ықылым замандардан күні бүгінге дейін табиғаты мен үнін бұзбай жеткен халықтың қастерлісі. Халқын, тарихын сүйіп, қастерлей білетін ұл-қызының маңдайға басар қасиетті меншігі!

Домбыра үні... осы құдіретті үн талай заманнан бері, халқымыздың өткенінен елес, тағдырынан қат-қабат сыр шертіп келеді. Осы жүрекке туыс үн қазір әр қазақтың шаңырағында естіледі. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас қолына алса, рухтанып сала береді. Осы жүрекжарды сырға толы әуенмен жүздеседі. Халқының інжу-маржанын сүйер ұл мен қыз шаңырақ пен бесікке, от жанған ошаққа және домбыраға бас иеді.

Домбыра тым әріден, құмда ізі, қағазда сөзі қалмаған алыс ата-бабалардан бүгінге қалдырған ақжол аманаты екенін білу парыз.



«Балдырған» журналынан (110 сөз)








Оқу ісінің меңгерушісі: __________Жармуханов А.К

Күні: 11.12.2015

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант Атыраудың алтын адамы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Атыраудың алтын адамы

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Аралтөбе деп аталатын қорымнан 2000 жылы белгілі археолог Зейнолла Самашев тапқан ескерткіш осылай аталып жүр. Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адамзат тарихы үшін екінші алтын адам табылды. Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне дейін алтынмен қапталған. Мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамса, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасыр аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататындығын дәлелдеп отыр. Белгілі шебер Қарым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық мұражайында сақтаулы.


(111 сөз) Газеттен.


Қиын сөздер: археолог, Зейнолла Самашев , Қарым Алтынбеков , б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасыр









Оқу ісінің меңгерушісі: __________Жармуханов А.К

Күні:

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Күзгі түн».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Күзгі түн

Кешке қарай күн аспанда ақырын жылжиды, күндіз оқтын-оқтын соғып тұрған жел өз-өзінен жуасып, майда ғана қоңыр самалға айналады. Сөйтеді де бірден тына қалмайды.

Осыдан кейін Арқаның сирек кездесетін әдемі, үнсіз, таза, мөлдір түні басталады. Дәл осы бір шақта сені жер үстіне бітетін барлық орман мен тоғай, мың түрлі шөп пен жемістер, гүлдер мен таулар, өзендер мен бұлақтар, көлдер мен теңіздер қоршап алып, алыстан ақырын ғана хош иісті лебімен желпігендей.

Күздің берекелі болатын түрі бар. Қайта-қайта қараған сайын менің өн бойымды қуаныш кернеді, көзіме тау-тау астық пен күндіз-түні комбайннан түспейтін ер жүректі, балуан білекті азаматтар көрінгендей

(96 сөз) Ж.Саин .













Оқу ісінің меңгерушісі: __________Жармуханов А.К

Күні:

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Балалық шақ».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Балалық шақ

Менің туған жанұям - кәдімгі отбасылардың бірі. Оның басқа жанұялардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол- ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Колхозымыз жақсы болып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз селоның шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам Зоя 1 Май мейрамы күні мені мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады.

Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.

(107 сөз) Ю .Гагарин













Оқу ісінің меңгерушісі: __________Жармуханов А.К

Күні:

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Құстар».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Құстар

Өзі балапан баспайтын құс-көкек. Ол жұмыртқасын басқа құстардың ұяларына салып кетеді. Көкек жұмыртқаны қай құстың ұясына салса, сол құстың жұмыртқасына ұқсатып салады.

Қарлығаш, қара торғайлар ұяларын үй маңынан салып шығарады. Өзіне төнетін қауіпке адамдардың арашашы болатынын білетіндей.Олардың да еңбегіне тигізер себі көп. Бау-бақшадан жәндіктерді теріп жеп, жеміс-жидектің мол болуына көмегін тигізеді.

Біздің жерімізде неше қилы құс өніп, өседі. Адам оған қамқор болуы керек. Далада, орман-тоғайда жүріп, ұясынан түсіп қалған, небір ауыр халге тап болған балапан көрсең, оған жәрдем көрсетуді есіңнен шығарма.

Құс- даланың, көлдің, орман-тоғай, бау – бақшаның сәні.


(93 сөз) С.Махмутов














Оқу ісінің меңгерушісі: __________Жармуханов А.К

Күні:

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Асан мен Үсен».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту



Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Асан мен Үсен.

Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен жақын жерде көл бар екенін сезді. Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың төменгі жағы үлкен көл екен. Көлдің айналасы да, іші де құжынаған мал. Бір топ жылқы көл ішіне түсіп, белінен құраққа кіріп тұр. Сортаңды жағада түйелер жатыр. Бұларды көріп, балалар қырдан түсті. Жүгіріп малға келді.

Сөйтсе, өз ауылының малдары екен.

Малшылар Асан мен Үсенді көрді. Олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұрауға шауып кетті. Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді.



(93 сөз ) Ы.Алтынсарин




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1373
Номер материала ДВ-346351
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх