Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Сабақтың тақырыбы «Егемен елдің кемеңгер басшысы»

Сабақтың тақырыбы «Егемен елдің кемеңгер басшысы»


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 28.11.15

Сабақтың тақырыбы «Егемен елдің кемеңгер басшысы»

Сабақтың мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлік пен өнегеге толы өміріне шолу жасай отырып халықтар тарихында алатын орнын танытту, оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, өз ойын мәнерлі, тиянақты жеткізе білу дағдыларын дамыту

Елбасының өнегелі өмірі арқылы қазақ халқына, оның дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімін тудыру,Отанын, елін жерін сүюге баулу, халқына адал қызмет етуге даярлау.

Көрнекілігі: слайдтар,кітап көрмесі,нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру,баяндау

Мұғалім: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1991 жылы 1-желтоқсанда алғаш жалпы халықтық Президент сайлауы өтті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың 98,7 пайыз даусын алып Қазақстанның тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті болды. 1991 жылы 10-желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заң арқылы Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. Жоғарғы Кеңестің қаулысына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 10-желтоқсаннан бастап Қазақстан Президенті қызметіне кірісті деп есептелді. Енді Президенттің қол жеткен табыстарын баяндайық.

Сабина: Менің Президентім – тәуелсіз қазақ елін тарих сахнасына шығарып, дүниежүзіне таныстырған да, табыстырған да тұлға. Менің Президентім – тәуелсіз Қазақ елінің абырой-беделін асқақтатып, әлемге әйгілеген саңлақ саясаткер. Менің Президентім – тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа, тілегі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған, бірлік пен татулықтың тірегі. Менің Президентім – тәуелсіз Қазақ елінің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көреген көшбасшы. Менің Президентім – тәуелсіз Қазақ елінің ғылымы мен техникасын, білімі мен мәдениетін, өнері мен спортын шырқау биікке көтерген ұлт қайраткері.

Айгерім: Қазақ лидері туралы АҚШ Президенті Барак Обаманың өзі "Әлем басшыларына үлгі боларлық тұлға" деп атады. Бұл алпауыт елдің қазақ басшысын мойындап бағалауы деп білемін. Мойындайтын бір-ақ нәрсе бар: дәл қазір Назарбаевтің "Дамудың қазақстандық моделі" әлем елдері үшін үлгі боларлық тәжірибеге айнала бастады. Біз оған қуануымыз керек, осы үшін мақтана да аламыз. Елбасының спортқа ерекше қамқорлығының арқасында Азияда кезінде елден ерен алда болдық. 32 алтын медаль, 21 күміс, 17 қола, барлығы 70 медальмен олжа салдық.

Ән Қазақстан Ұландары


Айару: Жанашырлық, қолдау бар жерде әрқашан жеңіс бар. Қ азақстанның ЭКСПО-2017 көрмесін жеңіп алуы Назарбаевтың зор еңбегі дер едім мен. Ал Астана – Қазақстан Президентінің жобасы. Президенттің қолдауы жақсы. Қазақстан Президенті болған жерде жеңіс те қатар жүреді. Әлемнің ризашылығына бөленген қайраткер Назарбаев барған жерде құт, береке, жеңіс болады. Ал жеңіске жету қашанда мақтаныш, ұлт үшін ұлы абырой емес пе?

Аружан: Президент күні – әлемде бар мереке. Мәселен, АҚШ-та ақпан айының әрбір үшінші дүйсенбісі "Президенттер күні" ретінде тойланады. Бұл күн АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның туған күніне орайластырылған. Исландияда 14-мамыр Президент күні болып саналады. Бұл күні Исландияның Президенті Олавур Рагнар Гримссон туған. Сол күні Исландияда мемлекеттік ту көтеріледі.

Жанару: 2011 жылы Қазақстан Республикасы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, "1-желтоқсан - Қазақстан Республикасы бірінші Президент күні" болып мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.

Жүргізуші 1-желтоқсан Қазақстан халқы жаңа мемілекеттік мереке- Тұңғыш Президент күнін атап өтуде.

Мейірбек:

Жаса, жаса, Қазақстан,

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған

Асқақтай бер,Қазақстан,

Берекеге бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған

Әділет:

Атоммен ары сыналып

Алысқа жеткен дүркірі.

Қазақстан деген мына жұрт.

Қазақ болады бұл күні

Дильназ:

Уа, қызғышқұс құс, қызғыш құс

Ел қорыған қызғыш құс.

Жер қорыған қызғыш құс

Ер білмесе-жер білер,

Амина:

Жер білмесе – жел білер

Жел білген соң көгіңде

Көк байрағым желбірер

Көлің мұз да, жерің тоң

Ән: «Отаным - Қазақстан»

Оқушылар «Менің мақтанышым, Менің Президентім» тақырыбында шығарма жазу.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім

Көк Байрағым, Елтаңба, Әнұраным

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық,

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!







Қызылжар орта мектебі
















Класс сағаты

Тақырыбы: «Егемен елдің кемеңгер басшысы»





Жетекшісі: Нурсултанова А.Ш

Класс: 4






















2015 – 2016 оқу жылы




Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров173
Номер материала ДВ-307885
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх