Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Геометриялық денелермен
таныстыру(конус, бесбұрыш, төртбұрыш,цилиндр,үшбұрыш)
Санау дағдыларын,ойлау,есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
Балалардың дүниетанымын
жетілдіру,ұқыптылыққа,нақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі : Жаңа
сабақ,түсіндіру ,ойын.
Билингвальды компонент: Бір(один)Екі(два)Үш(Три)Төрт(Четыре)Шеңбер(круг)
Сабақтың барысы;
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң достарым!
Тәрбиеші : Балалар сендердің математика
еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар : Ия барғымыз келеді
Тәрбиеші : Балалар бұл ғажайып елде
ағайынылар тұрыпты,олар он екен ,бірақ бұл ағайындылар әлемде бәрін есептейді
екен бұл ағайындылар нелер бо лды екен балалар?
Балалар : Олар сандар 1,2,3,4,5,6
Тәрбиеші : Бізде бәрі,бізде бәрі
үштен,үшбұрышы да,үш жағы да үш бұл не балалар?
Балалар : Үшбұрыш
Тәрбиеші : Балалар бұлар қай жерде тұрады
Тәрбиеші:Мен бір өте қызықты ертегі білемін
ертеде математиеа елінде 5 ағайын өмір
сүріпті.Цилиндр,шеңбер,конус,төртбұрыш,бесбұрыш.Бір күні олар бір-бірімен
ренжісіп бесеуі бес жаққакетеді.Бұны естіген математика ханшайымы өзінің
көмекшісін ағайындыларды татуластыруға жібереді.Ағайындылар бір-біріне өте
қатты ренжіген болатын,бір-бірімен татуласу үшін геометрикке тапсырмалар
берді.Балалар ол жалғыз өзі тапсырмаларды орындай алмайды ,бізден көмек
сұрайды.Көмектесеміз бе балалар?
Төртбұрыштың бірінші
тапсырмасы
Түрлі түсті төртбұрыштарды үш
тілде санап беріңдер.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.