Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар
  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3cfa9b73.gifhello_html_2940caa.gifhello_html_m5951b446.gifСабақтың тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар. /Ізденіс сабағы/
Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларды дауысты дыбыстар туралы білімдерін толықтыру; олардың түрлерін меңгерту; мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, іздену, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерге, пәнге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс,
Көрнекіліктер: Дауысты дыбыстарға байланысты презентация, видео, кеспе қағаздар, т. б
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Достарым, сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай?

Топқа бөлу:
Бұл фигураларда не үшін таңдағандарыңа көз жүгіртсек. Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.
Шеңбер – қарым – қатынасты жоғары бағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, әңгіме айтқанды ұнатады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, өз - өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, шыдамсыз, сөз тапқыш, ортадағы қарым - қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Ромб – көңіл - үйі өзгермелі, өз - өзін қадағаламайды, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл - күйі жылдам өзгереді, ізденімпаз адам.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта осындай бірнеше сатылардан өте отырып, бәріңді білімнің биік шыңына шығуға шақырамын. Ендеше, сабағымызға кіріспей тұрып, әр топтан топ басшыларын сайлап алайық. Топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды СМАЙЛИК арқылы бағалап отырамыз.
ББҮ стратегиясын толтыру
Білемін ,Білгім келеді ,Үйрендім

І. «Бәйге» сұрақтары
Фонетика нені зерттейтін сала?
Тіл дыбыстары қандай сөйлеу мүшелері арқылы жасалады?
Тіл дыбыстары үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
Әліпби дегеніміз не?
Араб әліпбиінен латын әліпбиіне қай жылы көшті?
1940 жылдан бастап қандай әліпби пайдалана бастады?
Әліпбидегі таңбалар қалай аталады?
Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Ерін мен езудің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Әліпбидегі әріптерді ретімен айтып шық.
Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
Әліпбидегі 8 - әріпті ата
Қазақ тілінде неше әріп бар?
Ендеше, «Бәйге» сұрақтарына жауап бердік, енді дауысты дыбыстарға байланысты видеомен білімімізді толықтырайық. Бейнебаян. Дыбыс және әріп
ІІ. Фонетикалық талдау /4 топқа төрт түрлі сөз беріледі/
Ақыл, барыс, мектеп, уақыт
ІІІ. Сызбамен жұмыс: Мынау қорапта әр түрлі суреттер берілген. Бұл суреттер 3 данадан жасалған. Суреттердің барлығы дауысты дыбыстардан басталады.
Тапсырма: Сол суреттердің бірінші әрпі арқылы, дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеу. /Үлкен сызбаға жапсырады/
Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік

ІҮ. Мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, қалпына келтіру. Дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеу.
І топ: Талап – талмас қанат.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.
ІІ топ: Адамдықтың белгiсi –
Иiлiп сәлем бергенi,
Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе

ІІІ топ: Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.

ІҮ топ: Әдепті бала – арлы бала,
әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
Ү. Шығармашылық жұмыс: Бейнематериал көрсету. «Қыс қызығы» тақырыбында ойтолғау жазу. «ыстық орындықта» шығармашылық жұмыстарын оқу
ІІІ. Бекіту кезеңі:
«Келісемін - келіспеймін» стратегиясы
1. Қазақ тілінде 42 әріп бар - келісемін
2. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар - келіспеймін
3. Әліпби сөзі парсы тілінен шыққан - келіспеймін
4. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай жуан, жіңішке деп бөлінеді - келіспеймін
5. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік, езулік деп бөлінеді - келісемін
6. Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар - келіспеймін
7. Қазақ тілінде 10 дауысты дыбыс бар - келіспеймін
8. Дауысты дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауа кедергісіз шығып, үннен ғана тұрады.
ІҮ. Үйге тапсырма: 242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріп жазу.
Ү. Бағалау: Топ басшылары сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды бағалайды. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.











Өзіндік талдау

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша

Пән мұғалімі Тастанкулова Сайраш Серикболовна

Тақырыбы: Етістіктің шақтары мен райларынан өткенді қайталау

Мақсаттарым:

білімділік: Оқушылардың етістіктің түрленуі бойынша алған білімдерін толықтыру; олардың түрлерін меңгерту; мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, іздену, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерге, пәнге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қалыпты.Lessen stud

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс

Техникалық құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта

Көрнекіліктер: Слайдтар,сызба кестелер,кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын өзіме аударып, бүгінгі сабақтың ерекшелігін айттым.Сыныпты фигуралар арқылы топқа бөлдім.1-топ шаршы,2-топ шеңбер,3-топ үшбұрыш,4-топ ромб деп алып ,әр топтың ерекшеліктерін айтып өттім.Сол себепті бүгінгі сабақта бірнеше сатылардан өте отырып,бәріңді білім шыңына шығуға шақырамын деп,әр топтың топ басшыларын сайлап алдым,топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды смайлик арқылы бағалайтынын да назардан тыс қалдырмадым.

Менің сабағым қайталау сабағы болғандықтан бірінші тапсырмам сұрақ –жауап болды.

Бұл сұрақтар 3 топқа бірдей қойылды.Сұрақтың саны -8.

2-тапсырма жазбаша түрде болды. Төрт топқа төрт түрлі тапсырма берілді.

Оқушылар сол тапсырма бойынша жұмыс жасады

3-тапсырмада төрт топқа өлеңдер таратылып беріліп, осы өлеңдердің ішінен есімше,көсемше тұлғалы сөздерді теріп жазды.

4-тапсырмада әр топқа 2сөйлемнен сегіз сөйлем беріліп,берілген сөйлемдерді сөз құрамына талдады.

5-тапсырмада әр топқа қысқаша мәтін беріліп,мәтінді ауызша мазмұндап,мәтінен шақ түрлерін тапқыздым.

6-тапсырма: Оқушылар топ болып берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасады.

7-тапсырма:Шығармашылық жұмыс болды.Бейнематериал көрсетіліп,оқушылар «ЭКСПО-2017» тақырыбына ойтолғау жазды.Әр топ «Ыстық орындықта» шығармашылық жұмыстарын оқыды.

Бекіту кезеңінде тестпен жұмыс жүргіздім.

Сабақ соңында қорытындыланы,үйге тапсырма беріп,топ басшыларына сабаққа жақсы қатысып отырған оқушылардың бағаларын айтқызып,сабақты рефлексия, яғни «Екі жұлдыз,бір тілекпен»аяқтадым

Қорыта келгенде сабақ өз мақсатына жетті. Жоспар бойынша көзделген этаптар түгел орындалды.


























7 сынып Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: І модуль. Менің отбасым.

Біздің отбасымыз.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Сөйлем туралы түсінік беру. Оның жасалу жолын, түрлерімен таныстыру. Туған елі – Қазақстан туралы айта білуге үйрету.

2.Дамытушылық:Сөздік қорын, ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сауаттылығын жетілдіру.

3.Тәрбиелік:Туған жерін, елін құрметтеуге баулу; патриоттық тәрбие беру.



Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жазу, талдау, ассоциация

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, интерактив тақта

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.1.Сәлемдесу.

1.2.Кезекшімен сұхбат,

1.3. Оқушыларды түгендеу.

1.4. Сабаққа дайындықты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. (Электронды оқулық бойынша түсіндіру)

Сөйлем – тиянақты ойды білдіреді. Сөйлемнің телгілі бір интонациясы (хабарлау интонациясы, сұрау интонауциясы, т.б.) болады.

Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады.

Мысалы: Қазақстан. Ол – біздің Отанымыз. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз үлкен аумақты алып жатыр. Қазақ жері кенге бай. Экономикалық даму қарқыны зор елміз. Әлем елдерімен бейбіт өмір сүреміз.

Жай сөйлем







Екі сөзден

Көп сөзден

Бір сөзден





Қыс. Таң. Аяз. Үскірік. Күз келді. Сабақ басталды. Ертең сабақтан соң

Оқушылар отыр. жиналыс болады.



ІY. Бекіту. Оқулықпен жұмыс.

1.1.5. Көп нүктенің орнына тиісті баяндауышты тауып жазып, сөйлемді аяқтаңдар.

1.1.6. Төменегі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

1.1.9. Төмендегі фразеологизмдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

Қас қаққанша – жүрек жұтқан -

Қоян жүрек - бетінен оты шығу –

Зым-зия болу -



Y. Қорытынды. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойып, білімін бекіту.

1.1.3. Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңін мәнерлеп оқу.

YІ. Бағалау.

YІІ. Үйге тапсырма: 1.1.6., 1.1.7.-тапсырмалар













Өзіндік талдау























































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Өзіндік талдау

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша

Пән мұғалімі Тастанкулова Сайраш Серикболовна

Тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар

Мақсаттарым:

білімділік: Оқушыларды дауысты дыбыстар туралы білімдерін толықтыру; олардың түрлерін меңгерту; мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, іздену, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерге, пәнге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс,
Көрнекіліктер: Дауысты дыбыстарға байланысты презентация, видео, кеспе қағаздар, т. б
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Достарым, сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай?
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын өзіме аударып, бүгінгі сабақтың ерекшелігін айттым.Сыныпты фигуралар арқылы топқа бөлдім.1-топ шаршы,2-топ шеңбер,3-топ үшбұрыш,4-топ ромб деп алып ,әр топтың ерекшеліктерін айтып өттім.Сол себепті бүгінгі сабақта бірнеше сатылардан өте отырып,бәріңді білім шыңына шығуға шақырамын деп,әр топтың топ басшыларын сайлап алдым,топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды смайлик арқылы бағалайтынын да назардан тыс қалдырмадым.

Менің сабағым қайталау сабағы болғандықтан бірінші тапсырмам сұрақ –жауап болды.

Бұл сұрақтар 3 топқа бірдей қойылды.Сұрақтың саны -16.Сұраққа жауап беріп болғаннан кейін «Дыбыс пен әріп»деген тақырып бойынша

2-тапсырма жазбаша түрде болды. Фонетикалық талдау.Төрт топқа төрт түрлі сөз берілді.

Оқушылар сол тапсырма бойынша жұмыс жасады

3-тапсырма. Сызбамен жұмыс: Мынау қорапта әр түрлі суреттер берілген. Бұл суреттер 3 данадан жасалған. Суреттердің барлығы дауысты дыбыстардан басталады.
Тапсырма: Сол суреттердің бірінші әрпі арқылы, дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеу. /Үлкен сызбаға жапсырады/
Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік

4-тапсырма. Мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, қалпына келтіру. Дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеді.
І топ: Талап – талмас қанат.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.
ІІ топ: Адамдықтың белгiсi –
Иiлiп сәлем бергенi,
Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе

ІІІ топ: Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.

ІҮ топ: Әдепті бала – арлы бала,
әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс: Бейнематериал көрсету. «Қыс қызығы» тақырыбында ойтолғау жазу. «ыстық орындықта» шығармашылық жұмыстарын оқу
ІІІ. Бекіту кезеңі:
«Келісемін - келіспеймін» стратегиясы
1. Қазақ тілінде 42 әріп бар - келісемін
2. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар - келіспеймін
3. Әліпби сөзі парсы тілінен шыққан - келіспеймін
4. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай жуан, жіңішке деп бөлінеді - келіспеймін
5. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік, езулік деп бөлінеді - келісемін
6. Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар - келіспеймін
7. Қазақ тілінде 10 дауысты дыбыс бар - келіспеймін
8. Дауысты дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауа кедергісіз шығып, үннен ғана тұрады.
ІҮ. Үйге тапсырма: 242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріп жазды.
Ү. Бағалау: Топ басшылары сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды бағаланды. Оқушылардың пікірлерін тыңдаңдалды.

Сабақ соңында қорытындыланы,үйге тапсырма беріп,топ басшыларына сабаққа жақсы қатысып отырған оқушылардың бағаларын айтқызып,сабақты рефлексия, яғни «Екі жұлдыз,бір тілекпен»аяқтадым

Қорыта келгенде сабақ өз мақсатына жетті. Жоспар бойынша көзделген этаптар түгел орындалды.

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров774
Номер материала 263037
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх