Инфоурок География КонспектыСабақтың тақырыбы: География әлеміне саяхат

Сабақтың тақырыбы: География әлеміне саяхат

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Жаңақала ауылы

Пәні мұғалімі: Салимова Назерке Нурлановна

Сынып: 6 а,ә,б

Географиялық кештің тақырыбы: «География әлеміне саяхат».

1.Білімділігі:бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау,сонымен қатар ойлау,топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

2.Дамытушылығы: Білім ,білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін,ғылыми көзқарастарын қалыптастырып,ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір-бірін сыйлауға адамгершілікке тәрбиелеу.

Кешті ұйымдастыру кезеңі мынадай ретпен жүргізіледі:

Оқушылармен амандасып кештің ұйымдастыру кезеңімен таныстырады.

1.Сыныпқа оқушылар келіп,2 топқа бөлінеді.

2.Құрылған 2 топ өздерінің топтарының атын және капитандарын таныстырып өтеді.

1 топ Меркурий

2 топ Жайық

3.Әділқазы мүшелерін таныстыру

 

Сонымен топ мүшелері бүгінгі «География әлеміне саяхат» атты географиялық кешімізді бастаймыз.Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңіз сынаққа салынып,күш сынасасыздар.

Ендеше бүгінгі «География әлеміне саяхат» атты географиялық кешіміз 6 кезеңнен тұрады.

I тур--Брейн-ринг яғни Не? Кайда? Қашан?

II тур—«Кім көп біледі»

III тур--«Тапқыр болсаң, тауып көр»

IV тур-- «Карталар әлеміне саяхат»

V тур--«Көрермендер сайысы» «Географиялық лоторея»

VI тур-- « Капитандар сайысы»  

Әр тур сайын уақыт беріледі,әрине жылдамдық талап етіледі.Алдарыныздағы жалаушаларды көріп тұрсыздар тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса дереу алдырыныздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер.Егер жауап дұрыс болмаса 2-ші топ өз жалаушасын көтеріп жауапты түзетуіне болады.

Олай болса құрметті ұстаздар мен көрермендер 2 топқа сәттілік тілеп, кешімізді бастайық.

Сонымен I тур-- Брейн-ринг яғни Не? Кайда? Қашан? Ұпай саны:5

әрбір оқылған сұрақтың дұрыс жауабы 5 ұпайдан.

1. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)

2. Б.з.д 7 – 6 ғғ. Өмір сүрген алғаш масштабты пайдаланып карта жасаған ежелгі грек ғалымы? Анаксимандр.

3. Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519-1522ж)

4. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар(Орал)

5. 1570 жылы ең алғаш географиялық атласты жасаған голланд картографы? Абрахам Ортелли.

 6. Мазмұнына қарай карталар қалай бөлінеді? (тақырыптық, жалпы географиялық)

7. Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі (Лавразия)

8. Картада немесе жергілікті жерде солтүстік бағыт пен 3600 бойынша қандай да бір заттың арасындағы бұрыш?

9. Таулар биіктігіне қарай қалай бөлінеді? (аласа, орташа, биік)

10. Қай материк 2 дүние бөлігінен тұрады (Еуразия)

11. Экваторға параллель немесе меридиандарға кесе көлденең жүргізілетін сызықтар. Параллельдер

12. Экватордан жер бетіндегі кез келген бір нүктенің градус есебімен алынған қашықтығы? Географиялық ендік

13. Тау жыныстары пайда болуына байланысты қалай бөлінеді?

Магмалық, шөгінді, метаморфтық.

14. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама қай өзеннің бойында, биіктігі?

Ориноко, 1054 м

 

1-жүргізуші.

Сонымен II тур--«Кім көп біледі?» .Ұпай саны: Әр ұяшық бойынша:

Сен білесің бе? 10 20 30 40 50

Аспан әлемінде  10 20 30 40 50

Ең, ең, ең... 10 20 30 40 50

Сандар сөйлейді 10 20 30 40 50

 


Сен білесің бе?

Ø  10 . Жер шарындағы ең үлкен көл. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан.Ауданы 390 мың км2. Каспий теңізі

Ø  20 .Жер шарындағы ең терең көл. Еуразия материгінің Азиялық бөлігінде орналасқан.Тереңдігі 1620 м Байкал көлі

Ø  30 Дүние жүзіндегі ең терең мұхит? Тереңдігі 11022метр.

Тынық мұхиты.

Ø  40. Мұхит суын негізгі ластаушы көз. Ол өндіруде, тасымалдауда кемелерде болатын ақаулар кезінде суға төгіледі. Мұнай

Ø  50. Жердің  ішкі құрылысы 3 қабаттан тұрады. Ең жұқа жердің үстіңгі қабығы қалай аталады? (Жер қыртысы)

 

Аспан әлемінде...

10.Ол жер массасының 30% - ын алып жатыр. Температурасы 40000С. Жердің қай қабаты?

20 Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлар шар тәріздес. Олар өз біліктерінен және Күнді айнала қозғалады. Күнді айнала қозғалу жолы қалай аталады? орбита

30 Табиғаттағы ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз? (Күн)

40  Бейнесұрақ.(сурет беріледі)

50  Күннен 108 км қашықтықта орналасқан  екінші ғаламшар. Ауданы жағынан Жерден сәл кіші. Күнді 225 тәулікте айналып өтеді. Беткі температурасы 500 С. Қай ғаламшар? (Шолпан)

 

Ең, ең, ең...

10. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама? (Анхель)

20. Көлемі 180 млн км2. Солтүстік және Оңтүстік Амерриканың батыс жағалкауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатқан мұхит? (Тынық мұхиты)

30. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы қалай аталады? (Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы)

40. Құрлықтағы ең ұзын тау? (Анд)

50. Абсолюттік биіктігі 8848м болатын дүние жүзіндегі ең  биік тау шыңы?  (Джомолунгма(Эверест)

 

 

Сандар сөйлейді...

10. 0 – 360

20. 510,2 млн. км2

30. 11022 м

40.  5 – 10 км

35 – 40 км

70 – 80 км

50.  1054 м

 

III тур--«Тапқыр болсаң, тауып көр».Конверттің ішіндегі қиындылардан құралған сөздерді тауып құрастыру.Ұпай саны:10 ұпай Сөздердің орны ауысып кеткен жағдайда 5 ұпай шегеріледі.

Меркурий тобына келген хат

1. Адамзаттың көз алдында атқылап жататын жанартауды сөнбеген жанартау деп атайды.

2. Шығанақ – құрлыққа еніп жатқан мұхиттың, теңіздің немесе қөлдің бір кіші бөлігі, оның ені мен тереңдігі біртіндеп кішірейеді.

Жайық тобына келген хат

1. Тынықмұхиттық белдеу – Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан.

2. Жер сілкіну – жер қойнауындағы ығысулар мен ыдыраулардың әсерінен туатын жер астының дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы.

 3-жүргізуші.

IV тур-- «Карталар әлеміне саяхат».Ұпай саны:5 ұпай Әр топ берілген обьектілерді картадан тауып,картадан көрсету.

1        - топ

·         Тынық мұхиты

·         Мариан шұңғымасы

·         Гренланд теңізі

·         Гибралтар бұғазы

·         Азов теңізі

·         Қара теңіз

·         Ніл өзені

       2 – топ

·         Амазонка өзені

·         Зонд шұңғымасы

·         Атлант мұхиты

·         Балтық теңізі

·         Жайық теңізі

·         Сырдария өзені

·         Аппалач тауы

1-жүргізуші.

V тур--«Көрермендер сайысы»  «Географиялық лоторея ».Енді оқушылар бізге жанкүйер болып отырған көрермендеріміздің де білімдерін сынап көрелік. «Географиялық лоторея » ойыны арқылы.

1.      Жаратылыстану ғылымдарының бастау алаған жері? (Ежелгі Грекия)

2.    Табиғат көрінісін және табиғат құбылыстарының себебі мен таралу заңдылықтарын зерттейтін география ғылымының саласы? (физикалық география)

3.      Б.з.д. 6 – 7 ғасырларда өмір сүрген,алғаш рет масштабты пайдаланып, карта жасаған ежелгі грек ғалымы? (Анаксимандр)

4.      Ең алғаш географиялық атласты жасаған голланд картографы?  (Абрахам Ортелли)

5.      Атмосфераның жер бетімен тығыз әрекетте болатын ең төменгі қабаты? (тропосфера)

6.      Көлемі, шығу тегі және жасы жөнінен өзара айырмашылықтары болатын ойлы – қырлы жер беті қалай аталады? (жер бедері).

7.      Картада немесе жергілікті жерде солтүстік бағыт пен 3600 бойынша қандай да бір зат аралығындағы бұрыш? (азимут)

8.      8.Ұшақтарда биіктікті өлшеу үшін не қолданылады? (Альтиметр)

9.      Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар қалай аталады? (горизонтальдар)

10.   Параллельдер мен меридиандардың өзара қиылысуынан пайда болған торды қалай атайды? (градус торы)

11.   Солтүстік пен оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңберлер?  (меридиандар)

12.  Экваторға параллель немесе меридиандарға кесе – көлденең жүргізілген сызықтар? (параллельдер)

13.  Ең ұзын параллель? (экватор)

14.   Ең биік 25 шыңның 19-ы кездесетін Еуразия материгіндігі тау (Гималай)

15.  Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк  (Оңт.Америка)

16.  Жағалауын барлық 4 мұхиттың сулары шайып жатқан материк  (Еуразия)

17.  Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия)

18.  Таулар биіктігіне қарай қалай бөлінеді? (аласа орташа, биік)

19.  Дүниежүзіндегі ең терең көл? (Байкал)

20.  Жер шарындағы тау жасалу  үдерістері кезінде пайда болған көлдерді қалай атайды? (тектоникалық)

21.  21.Жердің терең қабаттарындағы қысымы жоғары сулар қалай аталады?

22.  Өзеннің ағу ұзындығы 3 бөлікке бөлінеді? Қандай? (жоғарғы ағыс, орта ағыс,  төменгі ағыс)

23.  Құрлықтағы қардың табиғи қозғалыспен жинақталуы? (мұздық)

24.  Мұхит суын ластаушы көз? (мұнай)

25.  Су астындағы өте күшті  жер сілкінуінен пайда болатын көлемі өте күшті толқындар? (цунами)

26.  Мұхит суының қасиеттері? (Тұздылығы мен температурасы)

27.  Жан – жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі қалай аталады?

28.  Ауданы 93 млн.км2 . Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін баратын мұхит? (Атлант)

29.  Гидросфераның 2,5% - ын ... құрайды? (Тұщы су)

30.  Материктің мұхитқа өтпелі, 200 м тереңдікке дейінгі бөлігі қалай аталады? (қайраң)

 

2-жүргізуші.

VI тур-- « Капитандар сайысы» Ұпай саны:5 ұпай. Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы: Анд –тау.

1.Сахара (Шөл)

2.АҚШ (мемлекет)

3.Гималай (Тау)

4.Танганьика (Көл)

5.Амазонка (өзен)

6.Отты жер (Арал)

7.Гвинея  (Шығанақ)

8. Кавказ (Тау)

9.Гибралтар (Бұғаз)

10.Суэц (Канал)

11.Сомали (Түбек)

12.Лондон (Қала)

13.Виктория  (Сарқырама)

14.Мадагаскар (Арал)

Осымен География әлеміне саяхат атты кешіміз аяқталды.Енді Әділ қазы мүшелері ойын қорытындысын айтып,жеңімпаздарды марапаттайды.

Осымен География әлеміне саяхат атты кешіміз аяқталды .Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.





















 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: География әлеміне саяхат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2017 1246
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Беккалиев Нуржан Есентаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Беккалиев Нуржан Есентаевич
    Беккалиев Нуржан Есентаевич
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15668
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "География")

Учитель географии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 430 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе