Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы Графиктік ақпаратты өңдеу 5-сынып

Сабақтың тақырыбы Графиктік ақпаратты өңдеу 5-сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Алматы облысы, Талғар қаласы, 7 жалпы білім

беретін шағын орталығы бар

мектеп-лицейдің информатика

пәнінің мұғалімі

Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы

Қ.Р педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

бағдарламасының үшінші деңгейлі сертификат иегері


Сабақтың тақырыбы

Графиктік ақпаратты өңдеу

Сілтеме

Информатика  5-сынып,   Вьюшкова Е.А,Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов  

Жалпы мақсаты

Оқушыларға  графиктік ақпараттарды өңдей алу үшін   бағыт - бағдар  беру.  Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру,  есте сақтау,  байқағыштық,  тапқырлық   қабілеттерін  дамыту. 

Оқыту нәтижелері

- Берілген  тапсырмаларды  жұпта,  топта  орындауға  үйрету;

-Оқушылардың өзін және бірін-бірі  бағалауға дағдыландыру;

-Тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана білу дағдысы 

 информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттері;

Түйінді идеялар

Графикалық редактормен жұмыс істеді
- Графикалық редакторды қолданып кескінді редакциялау.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар графикалық ақпараттардың түрлерімен танысып, оларды ажырата алатын болады, тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана білу дағдысы   қалыптасады,  информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттері; Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Смайликтер   бойынша  3  топқа бөлу

 Бағалау критерийлері

•      Өз бетімен білім алуы

•      Дербес жұмыс жасауы

•      Жұпта жұмыс жасауы

•      Практиклық білімі

•      Информатикалық  терминді пайдалану

 

Сабақтың    барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут

Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету.  Өздеріне мысал келтірту.

.

А) Жаңа  сабақ  бойынша  не  білетінін  айту.

Ә) Оқушылар  мұғаліммен  бірге  слайдтар  бойынша жұмыс  жасайды.

 

ТҮСІНУ 5 мин

Тақырыпты  оқушылар  өздері   меңгеруіне  мүмкіншілік  беру.

А) Әр оқушы өз  бетінше  тақырыпты  оқып  түсінеді,   жұпта талдайды,   топта  талдайды,   дұрыс немесе дұрыс емес екендігін  айтады.  Түйінді  сөздерді (анықтамаларды)  дәптерге   жазу.   

Ә)  Суреттерді   топтастыру. 

       Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы
Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe IUustrator, т/б.

ҚОЛДАНУ  –  15  мин

Дарындылық,   жас ерекшеліктеріне сай   деңгейлік  тапсырмалар

Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды ауыстырмай орындаңдар .

  1. Сурет сал:

а)  экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;

ә)  кеме сал;

б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;

в) аспандағы шағалаларды сал;

г)  кеменің сол жағына күннің суретін сал;

д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.

2. Суретті боя.

3. Мұғалімджі шақыр.

4. Күннің суретін өшір.

5. Күннің орнына айдың  суретін сал.

6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.

7. Жұлдыздар сал.

8. Кеменің  сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.

9. Кемені басқа жаққа бұр.

10. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.

11. Шағаланың екеуіноңға, ал екеуін солға бұр.

 

ТАЛДАУ –  11  мин

Сыни ойлауын дамыту.

Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.

Бақылау  сұрақтары  мен  тапсырмалар:   (95-бет)

1.      1) Графикалық примитивтерді (сызық, төртбұрыш т. б) салу.
2) Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.
3) Сурет салу, бояу.
4) Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.
5) Көркем хабарлама дайындау.
6) Сақтау. Редакциялау.

ЖИНАҚТАУ-  8 мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

         Надпись құралының батырмасын шертеміз.

         Мәтін енгізетін аймақты таңдаймыз.

         Мәтінді енгіземіз.

         Егер шрифті құрал-саймандар тақтасы жоқ болса, оны Вид-Панели атрибутов текста командасы арқылы қосамыз.

         Соңғы әрекеттерді болдырмау командасы қалай орындалады?

         Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?

         Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?

         Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

БББ кестесін тарату 

білемін

білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

 

2 минут

 

Оқушылар кестені толтырады

 

 

 

 

 

Бағалау

2 минут

  Топ  бағалаушылары  топ  мүшелерін  бағалайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

 

Қорытынды   баға   шығару

Бағалау   парағы   бойынша    бағалау.  

      Үйге тапсырма беру  /   2 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Графиктік ақпаратты өңдеу  оқу

Қосымша тапсырма: практикалық жұмысқа дайындалып келу

Үй  тапсырмасын  күнделікке  жазып  алу.

 

       Рефлекция    /   1 минут  

1.      Мен бүгінгі  сабақта не білдім.......

2.      Маған қызықты болды........

3.      Маған қиындық  тудырған.......

4.      Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров147
Номер материала ДВ-461743
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх