1257155
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокИсторияДругие методич. материалыСабақтың тақырыбы: Халық бұқарасының революциялық белсенділігінің артуы. Алаш партиясының құрылуы

Сабақтың тақырыбы: Халық бұқарасының революциялық белсенділігінің артуы. Алаш партиясының құрылуы

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Күні:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақ:18


Сабақтың тақырыбы: Халық бұқарасының революциялық белсенділігінің артуы.

Алаш партиясының құрылуы


Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Жаңа тақырыпты жан-жақты ашу. Халық бұқарасының революциялық белсенділігінің артуын және Алаш партиясының құрылуының тарихы маңызы жайында толық мағлұмат беру, Алаш партиясының өкілдері туралы видео-кинолар көрсету арқылы жан-жақты мағлұмат беру


Дамытушылығы: Қосымша деректер арқылы студенттердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті түрде білуді қалыптастыру. Студенттердің ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдауға бағыт беру.


Тәрбиелігі: Ұжымдылыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу, еліміздің тарихын білуге, құрметтеуге деген сүйіспеншілікті арттыру. Студенттерді тарих төрінен лайықты орын алған тәуелсіздікті құрметтеуге, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс. түсіндіру, интерактивті тақтамен

жұмыс, слайд арқылы түсіндіру


Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, слайд материалдары, видео көрсету


Пайдаланған әдебиет: Қазақстан тарихы, «Қазақ тарихы» әдістемелік журнал


Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі


а) Сәлемдесу , студенттерді түгендеу .

б) Сабаққа бағыт беру .

IІ Үй тапсырмасын сұрау


Кенес үкіметінің орнауының ерекшеліктері

1

?

2

?

3

?

4

?

5

?

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 
1. 1-жолы қандай болды

2. 2-жолы қалай жүрді

3. Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде қашан орнап бітті

4. кеңес үкіметі орнаған соң болған оқиғалар





IIІ Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.

  2. «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

  3. «Алаш» партиясының бағдарламасы: 

  4. Бағдарлама жобасының маңызы: 

  5. Қазақ АКСР – інің құрылуы.

.

Қазақстандағы ұлттық үкіметтер

1917 жылы қарашада

Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15-22 қарашада

Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады.

1917 жылы 22 қарашада

Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)

1917 жылы 5-13 желтоқсанда

Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.


«Алаш» партиясының бағдарламасы

1

Басқару түрі; 

2

Автономия

3

Азаматтың негізгі құқықтары

4

Дін ұстану туралы мәселе

5

Соттар туралы

6

Қорғаныс; 

7

Салық

8

Жұмысшы мәселесі

9

Халық ағарту;

10

Жер мәселесі






IV Жаңа сабақты бекіту


Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Қазан төңкерісінің тарихи маңызын қалай түсінесіздер? 
2. Түркістан мен Қазақстан халықтарының ұлттық өзін - өзі билеу жөніндегі алғашқы әрекеттері немен аяқталды?
 
3.Қазақтардың түрлі аймақтарында Кеңес үкіметі орнауының заңдылықтарын анықтаңдар.
 
4.Революцияның интернационалдық–пролетарлық және ұлттық-шаруашылық сипаттарының көрінісін атап көрсетіңдер.
 
5. Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан мен Түркістан халықтарының қарсыласу ауқымы қандай?
 
6. Большевиктердің ұлттық әскери құрылыс саласындағы саясаты қандай?
 
7. Колчак тылында партизан қозғалысының пайда болу және өрістеу себептері қандай?
 
8. Қарсыласушы жақтардың азамат соғысы жылдарындағы ұлттық келісім саясатының себебі неде?
 
9. Кеңес үкіметінің әскери коммунизм саясатының мәні неде?
 
10. Әскери коммунизм саясатының негізгі белгілерін атаңыздар.
 
11. Қазақ АКСР – інің құрылуының қазақ халқы тарихындағы маңызын анықтаңдар.
 
12. Алаш партиясы жариялаған автономияның кеңестік негіздегі автономиядан айырмашылығы неде?
 
13. Азамат соғысы жылдарында сендер тұрған жерлерде қандай оқиғалар болғаны туралы әңгімелеп беріңдер.



V Қорытынды

Студенттерді бағалай отырып, сабағымды қорытамын : «5» ---

«4» ---

«3» ---


VІ Үйге тапсырма беру

18 лекция

Халық бұқарасының революциялық белсенділігінің артуы.

Алаш партиясының құрылуы


Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.

1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы: 
- Басқару түрі;
 
- Автономия;
 
- Азаматтың негізгі құқықтары;
 
- Дін ұстану туралы мәселе;
 
- Соттар туралы;
 
- Қорғаныс;
 
- Салық;
 
- Жұмысшы мәселесі;
 
- Халық ағарту;
 
- Жер мәселесі.

Бағдарлама жобасының маңызы:
 
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
 
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Қазақ АКСР – інің құрылуы.

1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.

Казревком міндеттері: 
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату.
 
3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.

Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: 
- «Ұшқын» газетін шығарды.
 
- Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
 
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
 
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

Общая информация

Номер материала: ДВ-492227

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «История: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Основы духовно-нравственной культуры: история и теория русской культуры»
Курс повышения квалификации «Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта»
Курс повышения квалификации «Изучение русской живописи второй половины XIX века на уроках МХК в свете ФГОС ООО»
Курс повышения квалификации «Моделирование современных уроков истории»
Курс повышения квалификации «Теория и методика преподавания основ философии в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «История и теория этики в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку»
Курс повышения квалификации «Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории»
Курс повышения квалификации «Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: теория и методика преподавания в образовательной организации»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.