7 сынып
Сабақтың
тақырыбы: Inkscape векторлық
графикасының рекдакторы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
– Оқушыларды компьютерлік графиктерді құруға үйрету.
Дамытушылық – Оқулық пен
қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін
айтуға, өз пікірлерін қорғап, сөйлеуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа,
тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ДК,
презентация, дәптерлер, оқулықтар.
Барысы:
1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Миға
шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып негізінде сұрақтарға жауап беру
ІІІ.Жаңа
сабақ
Inscape жаңа графикалық редакторымен
танысайық. Ол – векторлық графиканың редакторы. Бағдарлама Windows-те Linux,
Mac OS, FreeBSD операциялық жүйелерінде жұмыс істейді. Inscape векторлық
графикалық редакторының ашық бастапқы кодасы. Қисықты, геометриялық фигураны,
мәтін әрпін, иллюстрацияны редакциялау, графикалық файлдарды бір пішімнен
екінші пішімге конвертациялауды бағдарлама арқылы оңай салуға болады.
Бағдарламада негізгі пішім ретінде стандартты SVG пайдаланылады. Және де мына
файлдардың пішімдері де қолданылады. Олар: Dia, Al, PNG, TIFF, JPEG, GIF, BMP,
EPS.
Inscape Windows-те әдеттегі тәсілмен іске
қосылады: Іске қосу-Барлық бағдарламалар- Inscape немесе жұмыс үстелі үстінде
тышқанмен Inscape таңбашасын шерту арқылы.
Inscape
графикалық редакторының терезе интерфейсі: тақырыпша жолы, бас мәзір,
стандартты құралдар тақтасы, ағымдағы құралды баптау тақтасы, жабысу тақтасы,
сурет салу және редакциялау құралдар тақтасы, сызғыш, беттер, холст, айналдыру
жолағы, палитра, қалып-күй жолынан құрылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту
1. Компьютермен тәжірибелік жұмыс
2. БҮҮ әдісі
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
V.
Үй жұмысы
Қосымша материалдармен жұмыс.
VI. Бағалау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.