Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы "Қыс қызығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сабақтың тақырыбы "Қыс қызығы"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:Балалар қыс мезгіліндегі табиғат өзгерістерін ормандағы аңдарды көрсету арқылы олардың ой-қиялын дамыту.Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер : Қар жамылған ағаштар, қарлар ,қыс суреттері.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, таныстыру, сұрақ-жауап, ойын мадақтау.

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң , қонақтар!

-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?(Қыс мезгілі)

-Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?(суық болады, қар жауады, боран соғады)

-Адамдар қалай киінеді?(Адамдар қалың киінеді)

-Қыста не жауады?(Қар жауады)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар сендер қыс мезгілі жайлы жақсы біледі екенсіңдер.

Балалардың қыс туралы тақпақтары.

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген. С.Ералы



Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша-бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен. Ә.Ералы



Ағаштардың жапырағын

Ашулы жел тонайды.

Ақ жамылған атырабым,

Қар борайды, борайды. Имран



Жел гулейді, тоқтамайды,

Қар борайды, борайды.

Асыл қария ақ самайлы

Алды- артымды орайды. Есіл



Ертеңгісін байқадым,

Жердің беті ақ қырау.

Дәл маржан деп айтамын,

Төгілуге шақ тұр –ау.

Өзеніме , көліме

Әсем ою ойыпты.

Ағаштардың бәріне

Алқа тағып қойыпты. Назым



Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен,

Торғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді. Әмира



Өктем үн жоқ өзінде,

Мұз қабағын түйіпті.

Қысылатын біздер ме,

Қыс та бізге сүйікті. Кәусәр



Қыс келді ,қыс келді,

Ақтарып ақ қарды.

Жол аппақ түске енді,

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды. Шыңғыс



Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып. Аружан

Аппақ көше бар дала

Аппақ ой мен қыраттар.

Ақ шатырлы аққала,

Ақ жамылып тұр бақтар. Аяулым



Жауып бітер қарды тосып,

Үйіңе де сыймайсың,

Табиғаттың ақ көрпесін

Басуға да қимайсың Наиля



Тазарып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады. Іңкәр



Сергіту сәті:

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз үп – үшкір

Көзі көмір қап- қараша

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында

Мұзайдынды аршуға

Келгендей -ақ ол мұнда.

-Балалар қыста қандай ойындар ойнаймыз(-Аққала соғу, биіктен сырғанау, шаңғы тебу т.б .)

-Ал енді сендер қысқы орманға саяхатқа шыққыларың келе ме?

(-Иә шыққымыз келеді.)

Табиғат өзгерістерін әңгімелей келіп, балаларды «Қысқы орманға саяхат» тақырыбына байланысты серуенге алып шығу.

Балалар енді орманда :

Түсі қызыл , ұзын құйрық, алдайды күліп ол не ?(түлкі)

-Ой , түлкіжан . Сен өзің көп балық алыпсың, балалар қараңдаршы түлкі неше балық аулаған, кім маған санап береді?(санайды үш тілде)

Түлкі бізбен бірге жүр .Балабақшада сабақ оқып, ойын ойнаймыз, көңіл көтересің.

Аюды көру . Аюды ұйқысынан оятып, аюмен амандасып оған бал беру.

Балалар аю қалай жүреді?Аюға арнап кім тақпақ айтып береді.

Балалар қоянның түсі қандай ?(ақ түсті) Ол не жейді?(сәбіз)

Одан әрі келе жатып алдарынан ақшақар билеп шығады.

Ақшақар :Менің аппақ ұлпаларым маған қарай ұшыңдар деп қарды шашады.- Ендеше балалар келіңдер бірге ойнайық мен сендерге ойын алып келдім.Мына жерде үш түрлі қиылған домалақ қағаздан маған аққала жасап беріңдерші.(Қиылған қағаздардан аққала құрастыру.)

-Балалар біз қайда серуенге шықтық?(Орманға саяхатқа шықтық)

Балалар біз қай мезгілмен таныстық?(Қыс мезгілімен)

Қыста қандай ойындармен ойнаймыз.(Аққала соғу, биіктен сырғанау, шаңғы тебу.)

Жарайсыңдар балалар! Осымен бүгінгі «Қыс қызығы» атты оқу-іс әрекетіміз аяқталды.Құрметті тәрбиешілер көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің

«Бәйтерек» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





Бекітемін

«Бәйтерек » балалар бақшасы

Меңгеруші:______Қ.А.Жунусова





Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті



Тақырыбы:«Қыс қызығы»











Тәрбиешілер : Отарбаева .М.М.

Тохтиева .Ж.Ж.





2015-2016 Оқу жылы

Автор
Дата добавления 26.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДБ-099401
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх