Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Сабақтың тақырыбы: «Қысым туралы ұғымның қалыптасуы»(11 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

Сабақтың тақырыбы: «Қысым туралы ұғымның қалыптасуы»(11 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Қысым туралы ұғымның қалыптасуы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Қысым туралы ұғымның қалыптасуы» тақырыбын түсіндіре отырып, формуласын анықтау,
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін есеп шығаруда дамыту

Тәрбиелілік: тұрмыста қолданылатын құралдарды пайдалануға, шапшаңдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіну
Пән аралық байланыс: математика, биология, география, еңбек, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, интерактивті тақта, ине, қайшы, үлестірме қағаз
(суреттер, құмы бар ыдыс, үстел)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру

  • Амандасу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру:
1. Үйкеліс күші дегеніміз не?
2. Үйкелістің түрлерін ата?
3. Үйкелісті қалай азайтуға болады?
4. Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі?
5. Үйкелістің пайдасымен зияны қандай?
6. Неге тірі балықты қолда ұстап тұру қиын?
Жаңа сабақ:

Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне (мысалы, ғимарат іргетасының грунтқа, сұйықтықтың ыдыс қабырғасына,қозғалтқыш цилиндріндегі газдың піспекке, т.б.) әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің (дене бетіне перпендикуляр) қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама. Егер денеге әсер ететін күш оның бетіне біркелкі таралса, онда қысым (р) былай өрнектеледі:

p = \frac{F}{A}\ \mbox{of}\ p = \frac{dF}{dA}

Мұндағы S – дене бетінің күш түсетін бөлігінің ауданы, F – сол бөлікке перпендикуляр түсірілген күштердің қосындысы. Күш біркелкі таралған жағдайда қысым дене бетінің барлық нүктесінде бірдей болады, ал күш біркелкі таралмаса, онда қысым бір нүктеден екінші нүктеге өткен сайын өзгеріп отырады. Тұтас, үздіксіз орта үшін сол ортаның әрбір нүктесінің қысымы туралы ұғым енгізіледі. Бұл ұғымсұйықтық пен газ механикасында маңызды рөл атқарады.

Тыныштықтағы сұйықтықтың кез келген нүктесінің барлық бағытындағы қысымы бірдей болады. Бұл жағдай қозғалыстағы идеал (үйкеліссіз қозғалатыс) сұйық пен газ үшін де орындалады. Тұтқыр сұйықтықтың берілген нүктедегі қысымы ретінде өзара перпендикуляр үш бағыттағы (х, у, z – осьтері бағытындағы) қысымның орташа мәні р = (рх+ру+рz)/3 алынады. Газдардың кинетикалық теориясы бойынша, газды ортадағы қысым жылулық қозғалыстағы газ молекулаларының бір-бірімен, газдағы денелермен және ыдыс қабырғаларымен соқтығысуы кезінде импульстың берілуімен байланысты болғандықтан мұны “жылулық” қысым деп атайды. Ол газдың абсолют температурасы (Т) мен бірлік көлемдегі газ молекулаларының санына (n) пропорционал: р = nkT, мұндағы k = 1,38.10–23 Дж/К – Больцман тұрақтысы.

Сұйықтықтар мен қатты денелердің қысымы денелердің бір-біріне жақындауы кезінде олардың атомдарының бірін-бірі тебуі нәтижесінде пайда болады. Мұны “суық” қысым дейді. Тыныштықтағы сұйықтық салмағының әсерінен оның ішінде h тереңдікте пайда болатын қысымды гидростатикалық қысым деп атайды: р = rgh, мұндағы r – сұйықтықтың тығыздығы, g – еркін түсу үдеуі. Егер сұйық бетіне сырттан р0 қысымы түсірілетін болса, онда h тереңдіктегі сұйық қысымы: р = р0+ rgh өрнегімен анықталады. Қысым физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық, т.б. құбылыстарда елеулі рөл атқарады; манометр, барометр, вакуумметр тәрізді құрылғылардың және әр түрлі қысым датчиктерінің көмегімен өлшенеді. Қысымның Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі – Паскаль (Па). 1 Па = Н/м2. Бірліктердің МКГСС жүйесінде кгс/см2, сондай-ақ жүйеден тыс өлшем бірліктері: атмосфералық (физикалық атмосфера), мм сынап бағанасы, мм су бағанасы.

Қысым бірліктері



Паскаль
(Pa)


Бар
(bar)

Техникалық атмосфера
(at)


Атмосфера
(atm)


Торр
(Torr)

Паунд-күш бір шаршы инчке
(psi)

1 Па

N/m2

10−5

1.0197×10−5

9.8692×10−6

7.5006×10−3

145.04×10−6

1 бар

105

106 dyn/cm2

1.0197

0.98692

750.06

14.5037744

1 ат

0.980665 ×105

0.980665

kgf/cm2

0.96784

735.56

14.223

1 атм

1.01325 ×105

1.01325

1.0332

атм

760

14.696

1 торр

133.322

1.3332×10−3

1.3595×10−3

1.3158×10−3

1 Torr; ≈ 1 mmHg

19.337×10−3

1 пси

6.895×103

68.948×10−3

70.307×10−3

68.046×10−3

51.715

lbf/ин2

Үлгі: 1 Па = 1 Н/м2  = 10−5 бар  = 10.197×10−6 ат  = 9.8692×10−6 атм  = 7.5006×10−3 торр  = 145.04×10−6 пси

Сыналанған қысым

Сыналанған қысым -қатты дене беттерінің арасындағы аралықтағы сұйыққа- быршағының күйін сипаттайтын термодинамикалық параметр.

Күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине т. б. құралдарды пайдаланамыз. Мысалы: бір денені өткір пышаққа қарағанда, өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың жүзінің ауданын кішірейтіп, мұқият қайрауға тырысамыз. Демек қысым ауданға тәуелді.
Түсіну:
Талдау:
- Белгілі бір бетке түсетін күш
әрекетінің нәтижесін сипаттайтын
шаманы қысым деп атайды.
- Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
Өлшем бірлігі: Паскаль (қысқаша Па)
1Паскаль - 1Н күштің 1м2 ауданға түсіретін қысымы: 1Па=1Н/м2
Тәжірибеде Қысымның үлкен бірліктерін пайдаланамыз:
1гПа =100Па=102Па
1кПа =1000Па=103Па
1МПа =1 000 000 Па=106Па

Үй тапсырмасы:
Бағалау:



Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров140
Номер материала ДВ-376654
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх