- 04.10.2020
- 1872
- 2
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!». Қандай? Қай? сұрағына жауап
беретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Заттың сынын білдіретін сөздер жайында білім беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер жайында білім беру. Ережені меңгерту, мысал келтіре білуге үйрету. Ыбырай Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтіруге балаларды жетелеу. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, достыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, нұсқау, үйрету, ішінара іздену, ойын.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін қадағалау, зейіндерін сабаққа аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Өткен сабаққа шолу. «Киім-кешек» дүкеніне саяхат. Әр киімнің артындағы тапсырмаларға жауап беру арқылы өзіне ұнаған киімін сатып алуға болады. Ол киімді неге таңдағанын айту, яғни оны сипаттау. Мысалы: пәлте – әдемі, жеңі қысқа, түсі сары.
III. Жаңа сабақ. – Балалар, біз бүгін дүкендерге саяхат жасаймыз. Саяхатымызды «киім-кешектер» дүкенінен бастадық. Енді ары қарай саяхат жасайтын дүкендеріміз – «Жемістер» дүкені, «Ойыншықтар» дүкені, «Көкөністер» дүкені.
1. «Жемістер» дүкеніне саяхатымызды бастаймыз. Ол үшін оқулығымыздың 134 бетіндегі 121-жаттығумен жұмыс жасаймыз. Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Жалғыз оқу;
- Тізбектей оқу;
Тапсырма: қарамен жазылған сөздерді тауып, оларға сұрақ қою.
Н.Нәжімеденов – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған.
2. «Ойыншықтар» дүкеніне саяхат. Өзіне қалаған ойыншығын таңдап, оны сипаттайды.
122-жаттығуда сөздерді оқып, сұрақтарға жауап беру. Мысалы: биік үй.
- Қандай үй?
- Биік үй.
- Үй қандай?
- Үй биік.
Интерактивті тақтада биік, қызыл, ақылды сөздерінің астын ирек сызықпен сызу.
Ережемен жұмыс. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді: қызыл, таза, жеңіл, биік.
Ережені хормен оқыту. Түсініп оқу.
Сергіту сәті. Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Үйретеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
«Көкөністер» дүкеніне саяхат. Дәптермен жұмыс.
1. Түсті білдіретін сөздер: ақ, ... ... ...
2. Көлемді білдіретін сөздер: жуан, ... ... ...
3. Дәмді білдіретін сөздер: тәтті, ... ... ...
«Кім жылдам?» ойыны. Сәйкестендіру.
ұзын аласа
жоғары кіші
биік төмен
қалың қысқа
үлкен жұқа
Ыбырай Алтынсарин – жазушы, «Әліппе» кітабының атасы. Яғни, біздің сауатымызды ашқан кітабымыздың атасы. Ыбырай Алтынсарин сендер сияқты балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер жазған. Онымен әлі де сыныбымыз жоғарылаған сайын танысатын боламыз. Бүгінгі танысатын өлеңіміз – «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі.
- Өлеңді түсініп оқу;
- Өлеңді тізбектей оқу;
Сұраққа жауап беру: - Оқу не үшін қажет?
- Өзің қалай оқып жүрсің?
IV. Бекіту кезеңі. Кестемен жұмыс.
V. Бағалау-рефлексиялық кезеңі.
Үйге тапсырма: «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттау, ережені жаттау, жұмыс дәптеріндегі 27 беттегі 4-тапсырманы орындау.
6 457 168 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Сарсембинова Мунира Кадесбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
1000 ч.
Курс повышения квалификации
72/144/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72/108/144 ч.
Возможности использования шахмат как средства обучения математике
Расстройства адаптации
Сопровождение детского отдыха: основы психологии в деятельности вожатого
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.