Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: "Компьютерлік графика түрлері"

Сабақтың тақырыбы: "Компьютерлік графика түрлері"


библиотека
материалов

Сыныбы

Мерзімі

7 б


«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №36 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің информатика пәні мұғалімі Рахметова Жанар Мұратқызы. Санаты: Жалпы.



Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып оның түрлерімен таныстыру арқылы білімдерін қалыптастыру ;

  2. Компьютерлік графика түрлерімен таныстыра отырып, қолдану аясы туралы ақпарат беру негізінде ой-өрісін, логикасын дамыту;

  3. Оқушыларды жан-жақты ізденімпаз болуға, ұқыптылыққа, қауіпсіздікті сақтай білуге, программамен жұмыс жасау барысында тиянақты орындай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Кембридж технологиясының түсіндіру, топпен жұмыс, ыстық орындық әдісі, ішкі және сыртқы шеңбер әдістері.

Көрнекілік: Компьютерлер, оқу-құралдары, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сынып кезекшісін анықтау, сынып оқушыларын түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою.

  • Оқушылар жалпы компьютерлік графика дегенде көз алдыларыңа не елестейді?

  • Қандай бағдарламаларды білесіңдер?

  • Үлкен көлемді банерлерді қандай бағдарламамен жасауға болады?

деп сұрақтар қою арқылы оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру. Жалпы өздерің айтып өткендей бүгінгі сабақта біз компьютерлік графика деген үлкен тараумен танысып, графикалық бағдарламалар, олардың қолдану аясы туралы білімімізді толықтырамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Компьютерлік графика – программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

   Компьютерлік графика монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыларда (қағаз, кинопленка, мата және т.б.) көшірмелерінде кескіндерді бейнелеудің барлық  түрлерін қамтиды.

     Деректерді көрнекілеу адамзат қызметінің әр түрлі салаларында орын алып келеді. Мысалы, медицина (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер, киімдерді модельдеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және т.б.

   Кескіндерді жасаудың тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:

- растрлық;

- векторлық;

- фрактальдық.

   Пәннің  тағы да бір ерекше бөлімі  - үшөлшемді (3D) графика. Бұл пән объектілердің көлемдік модельдерін виртуалды кеңістікте құрастырудың әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Әдетте мұнда кескіндеудің векторлық және растрлық тәсілдері үйлесімді қолданылады.

   Түстеріне байланысты графика қара-ақ және түрлі-түсті болады. Әр түрлі салаларға мамандандырылғанына байланысты инженерлік графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлік полиграфия және т.б. түрлер болады.

   Компьютерлік  графика көбінше тек құрал  ретінде қолданылғанмен, оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биология, статистика, бағдарламалау және т.б. фундаментальді және қолданбалы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді. Сондықтан компьютерлік графика қарқынды дамуда және көп жағдайда жалпы компьютерлік индустрияда жетекші орын алады.   



mhtml:file://D:\Temp\Мои%20Документы\казбек\для%20сайта\15.mht!http://project68.narod.ru/Integ/1/681/pic/rg31.jpg

 Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 

  Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

    Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

    Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

hello_html_7feabd9f.jpghello_html_m45411dc8.png

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

    Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.     

      Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

vg6

 Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

  Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

  Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру

 

Салыстыру критерийлері

Растрлық графика

Векторлық графика

Кескіндерді ұсыну әдісі

Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.

Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.

Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндер шынайы суреттерді  айқын бейнелей алады. 

Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.

Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.

Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.

Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

 

 

fg3

 Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.  


IV. Ой қорыту. Сабақты бекіту

Компьютерде тәжірибелік жұмыс.

1- тапсырма

1. Графикалық Paint редакторын, MS Power Point және фрактал генераторын қолданып, сурет салыңдар. 101 бет 43-сурет.

2. Әр программада сурет аумағын өзгертіп, шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар.

3. MS Word мәтіндік редакторын қолданып «Компьютерлік графика түрлерін салыстыру» кестесін құрып толтыр.


Растрлық

Векторлық

Фракталдық

Басты элемент

Нүуте (пиксель)


Математикалық формула

Қолданылуы



Тірі және өлі табиғат нысандарын модельдеу

Масштабтау



Сапасын жоғалтпайды

Реалистік

Реалистік





2- тапсырма.

Келесі суреттер графикалық редактордың қай түріне сәйкес келеді?

Графика

Растрлық

Векторлық

Фракталдық

вектор






+


фракт2



+

вектор тапсырма




+


растр1



+



фракт1





+



V. Қорытындылау.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Кескінді қолмен және компьютермен салу үдерістерінің негізгі айырмашылығы қандай?

  2. Компьютерлік кескіндерді қай жерде кездестіреміз?

  3. «Компьютерлік графика» түсінігінің анықтамасын беріңдер.

  4. Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?



VІ. Бағалау. Оқушыларды сабақта белсенділіктеріне сәйкес бағалау, өзіндік бағалау. Сынып оқушыларына бағалату.

VІІ. Үйге тапсырма. 19 тақырып 98-100 бет оқу. 101-103 бет «Өзіңді тексер!» тест жұмысын орындау.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-351808

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG