Инфоурок Физика Рабочие программыСабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: оқушыларға ғылыми түрде тақырыптың мазмұнын ашу. 2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық пайымдылығын жетілдіру. 3. Тәрбиелік мақсаты: оқушылар

Сабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: оқушыларға ғылыми түрде тақырыптың мазмұнын ашу. 2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық пайымдылығын жетілдіру. 3. Тәрбиелік мақсаты: оқушылар

Скачать материал

hello_html_6262f72a.jpg


Балгабаева Сымбат Жумабековна

Алматыобласы

Сарқан ауданы

Қарғалы ауылы

Қарғалы орта мектебі


87754493657

symbat.balgabaeva@mail.ru





hello_html_774c2767.jpghello_html_1d47c16f.jpg








7 сынып


Сабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға ғылыми түрде тақырыптың мазмұнын ашу.

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық пайымдылығын жетілдіру.

  3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ынталандыру.


Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция, сұрақ-жауап, салыстыру


Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, электронды оқулық, плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

  1. Энергия дегеніміз қандай шама?

  2. Жұмыс пен энергияның бірліктері қандай?

  3. Энергияның қандай түрлері бар?

  4. Потенциалдық энергияны сипаттайтын қандай қасиеттері бар?

  5. Үйкеліс күші бар болса, механикалық энергия сақатала ма?

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырып өтеді.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

1. Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіндіру үшін айналатын дененің қарапайым түрі иіндікті (рычагты) қарастырайық. Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.

Төмендегі суретте көрсетілгендей иіндікке екі күш: Ғ1 және Ғ2 әрекет етеді. Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. АА1 және ВВ1 түзу сызықтар бойымен Ғ1 және Ғ2 күштері орналасқан. Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды. Суретте Ғ1 күшінің иіні d1=OC, ал Ғ2 күшінің иіні d2=OD болып табылады.

hello_html_41e9247b.gifhello_html_3470a2ae.gif А В

C l1 O D

d1 O d2l2

F2

F1

A1 B1


  1. Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F*d

Күш моментінің бірлігі үшін иіні 1 метрге тең 1Н күштің моменті алынады. Ол Н*м деп белгіленеді. 1 Н*м= 1Н*1м

Күш сияқты, күш моенті де векторлық шама. Оның бағыты түскен күштің бағытымен сәйкес келеді. Суреттегі Ғ1 күшінің моменті M1=F1*d1 Ғ2 күшінің моменті: M2=F2*d2

М1 моменті иіндікті сағат тілі қозғалысына қарама-қарсы бағытта бұруға тырысады. М2 моменті, керісінше, сағат тілі қозғалысымен бағыттас әсер етеді.

  1. Иіндік тепе-теңдікте тұруы үшін сағат тілі жүрісіне бағыттас күш моменті сағат тілі жүрісіне кері бағыттас күш моментіне тең болу керек. М12

Айтылған тәжірибелерден мынадай моменттер ережесі деп аталатын қорытынды туындайды: айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек. Екінші сөзбен айтсақ: біліктің оң жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.

Моменттер ережесі

Архимед иіндер ережесін тағайындағаннан бері, бұл ереже бастапқы нұсқада 1900 жыл айтылып келді. Тек қана 1687 жылы француз ғалымы П. Вариньон күш моменті туралы түсінікті пайдаланып, оған жалпылама көрініс берді.

Күш моменті деп, күштің иінге көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады. M = Fl, мұндағы,

М — күш моменті, F — күші, l — күш иіні. Егер сағат тілшесінің бағытымен қозғалысқа келтіретін күш моменті, оны кері бағытта айналдлыратын күш моментіне тең болса, рычаг тепе-теңдік күйде болатындығын дәлелдейік, яғни M1 = M2.

Бұл тепе-теңдікті дәлелдеу үшін (20.1) өрнекті пайдаланамыз. Пропорцияның қасиетін пайдаланып (пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі олардың орта мүшелерінің көбейтіндісіне тең), бұл өрнекті мынадай түрде жазуға болады.F1l1 = F2l2.

Бірақ, F2l2 = M2 — күйентені сағат тілшесінің бағытына алып келетін күш моменті (50-суретті қара), ал F1l1 = M1 — күйентені сағат тілшесіне қарсы бағытына келтіретін күш моменті. Сонымен M1 = M2. Олай болса тепе-теңдік дәлелденді.

(hello_html_51eeb4b0.png21.2) өрнек моменттер ережесін анықтайды (көрсетеді). 53-суретте кескінделген денені мысал ретінде келтіруге болады. Бұл ереже бекітілген өс төңірегінде айналысқа түсе алатын кез келген қатты денелер үшін орындалады. қатты дененің айналыс өсі сызба жазықтығына перпендикуляр О нүктесі арқылы өтеді. Бұл жағдайда F1 күштің иіні l1 айналыс өсінен күштің әсер ету сызығына дейінгі қашықтық.

Жалпы күш моменті былайша анықталады. Алдымен күштің әсер ету сызығы жүргізіледі. Одан соң айналыс өсі өтетін О нүктеден күш сызығынан перпендикуляр жүргізіледі. Осы перпендикулярдың ұзындығы берілген күштің иіні болып табылады. Күшті иінге көбейтіп, айналыс иініне қатысты күш моментін анықтаймыз.

Күш моменті күштің айналдырушы әсерін сипаттайды. Бұл әсер күшпен бірге оның иініне тәуелді. Мысалы, есікті ашарда айналыс өсінен мүмкін болғанша үлкен қашықтыққа күш түсіруге ұмтыламыз. Шамалы күш, үлкен момент тудырады, нәтижесінде есік жеңіл ашылады. Топсаға қысым түсіріп оны ашу әлдеқайда қиын, сол сияқты (гайканы) бұрандалы түйіндемені ұзын кілтпен оңай ағытуға болады, бұранданы кең тұтқалы бұрғышпен шығарып алуға болады т.б.

Халықаралық жүйеде күш моментінің бірлігі — ньютон-метр (1 Н · м). Бұл иіні 1 м болатын 1 Н күштің моменті.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§69 дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Күш моменті дегеніміз не?

  2. Иіндік дегеніміз не?

  3. Моменттер ережесі?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есеп шығарту.

Есептер жинағына №504, 506, 512 жаттығуларды орындаймыз.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §69 дайындық сұрақтары,


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: оқушыларға ғылыми түрде тақырыптың мазмұнын ашу. 2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық пайымдылығын жетілдіру. 3. Тәрбиелік мақсаты: оқушылар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 534 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 2450
    • DOCX 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балгабаева Сымбат Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балгабаева Сымбат Жумабековна
    Балгабаева Сымбат Жумабековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 8405
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов