Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН»

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН»

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m528f0151.gifСабақтың тақырыбы:  «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН»

Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы,

Өскемен қаласы,

«№1 орта мектебі» КММ,

тарих пәні мұғалімі



Сабақтың мақсаты:

  1. Әлихан Бөкейханов өмірі, шығармашылық жолы жайында оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Ойшыл ірі тұлғаның жеткен биіктігін, шеберлігін, ерекшелігін таныту.

  2. Ұжымдық, топтық, жекелеген жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  3. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ізденушілік қабілетін дамыту, ғылыми ізденіске дағдыландыру.

Сабақтың түрі: зерттеу сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіс, ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ә. Бөкейхановтың портреті, бүктеме, хронологиялық кесте, қима- қағаздар, кітаптар, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланысы: Дүниежүзі тарихы, география, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Кіріспе кезеңі.

Мақсаты: сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту барысында жалпы алған білімдерін қайталау. Қима-қағаздар бойынша жұмыс жүргізу.

1.Қима- қағаздар: сұрақ- жауап (әр оқушыға жеке сұрақтарға жауап беру)

2. Қима- қағаздар: оқы да тап ( шығармалардың үзінділерін оқыту, авторын және атауын айту) 4-мин.

ІІІ. Негізгі кезеңі:

Сабақтың эпиграфы:

«... ұлтжанды қайраткер Әлихан Бөкейханов сияқты қоғамдық- саясиқұқықтық ой-пікірдің өкілі реформациялық,

жаңару мен бостандық идеяларының нағыз жаршысы...»

Қойгелдиев Мәмбет



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

XX ғ. басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметік және қоғамдық- саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық- ағартушылық идеяларға толы бұл кезең халқымыздың небір алып ой иелерін жарыққа шығарған шын мәніндегі қазақ ренесансы дәуірі болды. Ширек ғасыр аралығында ғана дамыған қоғамдық- саяси және құқықтық ой-пікірлердің озық философиясы рухани жоғары идеялы тұжырымдары бір ғасырлық мерзімге жүк боларлық көкейтесті мәселелерді заман сахнасына көтерді. Атап айтқанда: ұлттық тәуелсіздік, өзін-өзі басқару, құқықтық мемлекет принциптерін қазақ қоғамына еңгізу,ағарту ісін жақсарту, тілді дамыту,әдеттік құқық жүйесін жаңарту, олармен қатар шариғат заңдары мен ислам талаптарын бұлжытпай орындау сияқты биік мұрат, мақсаттардан тұрғанды. Қарастырып отырған күрделі кезенде қоғамның осындай ізгілікті даму бағытын армандаған зиялы азаматтар өз халқын жалпы адамзаттық биік рухани қағидаларға баулып, өз елін цивилизация биігінен көрісі келген нағыз ұлтжанды қайраткерлеріміз Әлихан Бөкейханов ,Мухамеджан Сералин,Ахмет Байтұр- сынов, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаев сияқты қоғамдық- саяси құқықтық ой- пікірдің өкілдері рефомацияляқ, жаңару мен бостандық идеяларының нағыз жаршылары танылды.

Қалай болған жағдайда олардың қоғамдық-саяси, құқықтық ой- пікірді дамытуға қосқан үлестері,ұлт болашағы үшін әр бағыт атқарған еңбектері ұмытылмақ емес.

Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғат бөлек жандар болады. Әлихан Бөкейханов сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым.

IV. «Тарихи таным» кезеңі:

Мақсаты: Оқушылардың жеке өзіндік зерттеулерін тындау.

1. Зерттеуші (оқушы): Әлихан Бөкейханов өмір тарихы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы бұрынғы Семей обл. Қарқаралы уезі Тоқырауыл болысының 7 аулында 25 наурызда 1866 жылы туған. Қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Бөкейханов Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы Ата тегі. Бөкей – Батыр-Мырзатай – Нұрмұхамедұлы Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Бөкейхановты әкесі Қарқаралы, алып барып, жергілікті молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-86ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-90ж. Омбыдағы тех. училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-94ж. Санкт-Петербургтегі Ориян институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікір таластарға қатынасып, 20ғ. Босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шындай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымындағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсене қатысып, әсіресе, солшылдарға ілесетін».

Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман шаруашылық училищесінде математика пәнінен оқытушы болып орналасады. Социализм бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның реакция алқасы құрамына енеді. 1896-1903ж. Шербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойынша экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңнен түсініп, белгілі – бір тұжымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді және орталық биліктің талу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады. Бөкейханов 1905 ж. қарашада Мәскеуде өткен земество және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезіне халықтың жоғын жоқтап сөз сөйледі.

1937ж. 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілді. Бөкейханов ақтық сөзінде «Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді. 1989ж. 14 мамырда КСРО жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.

1904ж. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласты. 1896ж. оның Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі болды, ал 1901ж. оның басқару комитетіне сайланды. Бөкейхановтың тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903ж. «Россия» полное географическое описание нашего отечества деген көп томды альманахтың 17 томына еніп, Санкт-Петербургте жарық көрді.

2 –оқушы:

Аудармашы: Әлихан Бөкейханов- көркем аудармашы

әлиханның кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, В.Г. Короленко, Д.М. Мамин – Сибиряк сияқты жазушылармен қатар Европаның өркениетті елдерінің қаламгері, мысалға Ги де Мопассан әңгімелері, сондай-ақ, үнді, түрік тектес қырым халықтарының әдеби шығармаларының және Антика дәуірінің әдеби туындылары ұшырасады. Көлемі жағынан Әлихан аудармалары әртүрлі – қысқасы мысалы (Л.Н. Толстой мен Эзоп шығармалары) әңгімелер, көлемді повесьтер, романдарға дейін кездеседі. Оқу – ағарту мен ғылымның сан салаларын қамтитын мектеп оқулықтары тағы бар. Мысалға: Т. Гутокскийдің «Жердің қысқаша тарихы» (көлемі 102 бет), К. Фламарионның «Астрономия әліп-би (225 бет) және т.б. Әлихан Бөкейханның көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30 жылдар аралығында, яғни 1920 жылдан 1927 жылға дейін КСРО халықтарының Орталық баспасындағы Қазан секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударғаны байқалады. Оған дәлел ретінде аудармалардың шығу мерзімін атаса да болады: А.Н. Толстойдың «Қажымұраты» 1923 жылдың қыркүйегінде аударылып, келесі жылы басылған. «Кавказ тұқыны», «Жеті қарақшы», «Жұмыртқадай бидай» (Л.Н. Толстой) – 1925 жылы; «Жетпіс жеті мысал» 1925 ж; «Жердің қысқаша тарихы», «Дүниенің құрылысы» - 1926ж; В.Г. Короленканың «Баймақан», «Өзі әңгімелері» - 1927 жылы жарық көрген.

3- оқушы Тарихшы: Әлихан Бөкейханов тарихшы ғалым.

1877 жылы Дала өлкесінің білім ордасы, мәдени – ағарту орталығы санатындағы Омбы қаласында орыстың императорлық жағрафия қоғамы өзінің Батыс – Сібір бөлімінің есігін айқара ашады. Маңына орыс пен қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларын, ғылым мен өнер қайраткерлерін жинаған бұл қоғам кейінгі жылдары қазақ даласын ағарту ісінде, қазақ өлкесін жан-жақты зерттеу жолында алдыңғы катарда боды. 1894 жылы Орман институтын бітіріп Омбыға қайта оралған Әлихан осы қоғамның қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерден – ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс – Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімінің басқару комитетіне мүше болып сайланды. Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс – Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға ат салысқанын айта кеткен жөн. Өзі сол Семей бөлімшесінің және Абай Құнанбайұлымен қатар Семейдің статистика комитетіне мүше болады.

Әлихан Бөкейхан жағрафия қоғамының сүйемелдеумен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихынан көп зерттейді. Әлекеңнің тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары – «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы» атты монография 1903 ж «Россия. Полное географическое описание нашего отчества» атты көп томдық альманахтың «Киргизский край» деген XVII томына еніп, Санкт-Петербургтен жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси- әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Автор, сондай-ақ Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір – тарихын сипаттайды, патша үкіметің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. Екінші «Киргизы» («Қазақтар») атты еңбегі алғаш рет «Фермы национального движения в современных государствах» атты жинақпен 1910 Санкт-Петербордан басылып шығады. Әлихан бұл – еңбегінде қазақ даласындағы саяси - әлеуметтік жағдайы тартымды етіп сипаттай алған.

4- оқушы Абайтанушы: Әлихан Бөкейханов – тұңғыш абайтанушы.

Абай Құнанбайұлы шығалығын тынысы лебі түсінді,қаклыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап халқына тезірек танытуға,таратуға асықты.

Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет паш еткен де Әлихан болатын 1906 жылдың 9 қаңтарында жазықсыздан – жазықсыз тұтқынды Павлодар түрмесіне жапқан кезде, Әлихан Бөкейхановтың портфелінен Абай Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздерінің қолжазбасы табылған. Абақтыға жабылғаннан кейін, келесі күні жазған арызында ол өлең қолжазбаларының құны

«5000 сом» болатындығын және оны сақтауға шаралар жасауын өтінген.

Абайдың поэзиясын - ка это покажут его стихи, предстовлял надёжнную силу

и составляет гордость казахского народа. Еще не было казахского поэта, так возвысившего духовное творчество народа, как Абай. Чудные его стихи, посвященные четырем временам года, сделали бы честь знаменитым поэтом Европы,- деп алғаш рет жоғары бағалаған Әлихан еді. Абайдың дүние салуына 1 жыл толуы қарсаңында оның өмірі мен шығармашылық жолын суреттеп жазған

«Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы» атты мүнәһиб – мақаласы арада 90 жылдай уақыт өтсе де өзінің ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл мақала 1905-1907 жылдар аралығында үш басылымнан кезек- кезек жарық көрген. Әлихан Бөкейханов сонымен қатар,Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат салысады. Жоғарыда аталған мүнәһиб- мақаласының соңында айтылғандай,ол Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын 1909 жылы Ресей астанасы- Санкт- Петербордан басылып шығуына қол ұшын берген,

V . Салыстыру кезеңі: «Венн диаграммасы» стратегиясы

Мақсаты: Абай мен Ә.Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылық жолдарын айырмашылық және ұқсастығын «Венн диаграммасы» стратегия арқылы көрсету. Жұппен жұмыс жүргізу. Стратегияның нәтижесін тақтада көрсету.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

АБАЙ

Жеке плакат беріледі. Ұқсастығын екі жұп бірге толықтырады.







VI. «Тарихи деректер» кезеңі

Топтарға жеке-жеке тапсырмалар беру.

Тапсырма: Әлихан Бөкейхановтың Мәскеудің әскери-тарихи мұрағатынан алынған хатын мәнерлеп оқу. Оқушылар дауыстап оқиды.

1-хаты: Әлихан Бөкейхановтан Александр Михайлович Колюбакинге

1906 жылғы 20 ақпан.

Құрметті Александр Михайлович! Сіздің қаражүздіктердің төндірген қаупінен аман-есен құтылғанынызға шың жүрегімнен қуаныштымын. Оларды ақылды жолмен алдап кетіпсіз. Өзіңізге жіберіп отырған 14 бет хатты «Наше жизни» және басқа да сондай газеттерге басуыңызды сұраймын. Онда менің басымнан өткен қиындықты көресіз. Мен К.Д.- лардың съезіне қатынасудың орнына түрмеге түстім. Мемлекеттік Думаның мүшелігіне кандидат ретінде князь Д.И. Шахқа сәлем айтыңыз. Сіздің қолыңызды қысамын.

2- хаты 1906 жылы, 21 ақпан.

Мақала-хатты заңсыз жолмен жіберіп отырмын. Менің хаттарым тексеріледі,тіркеледі.Егер маған хат жазамын десеңіз: Павлодар.Медицина фельдшері Аманбай Шегіровке.Оның ішіне Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа деп жіберіңіз.Мемлекеттік Думада кездесеміз. Газетті менің хатыммен бірге Павлодарға Нароконовқа жіберіңіз.

VII. Практикалық кезеңі:

Мақсаты: жаңа тақырып бойынша  жұптық жұмыс бойынша хронологиялық таблицаны толтыру.

Жылдар

Оқиғалар

1866 ж.

Семей обл.,Қарқалы уезі,Тоқырауыл болысы,7- ауылында туған.

1879-86 ж.

Қарқалы қ. Мектепте оқиды.

1886-90 ж.

Омбыдағы тех.училищеде «техник» мамандығын бітіріп шықты.

1890-94 ж.

Санкт- Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды.

1905 ж.

Алаш қозғалысының жетекшісі болды.

1937 ж.

27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілді.

1989 ж.

КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.

VIII Сабақ бекіту кезеңі:

1.Тапсырма: сабақ бекіту барысында «Әлихан Бөкейханов» атты кластер құрастыру. (маркер тақтаға жазу)

2.Тапсырма: Әлихан Бөкейхановқа арнау хат жазу. Әр оқушының хатын дауыстап оқыту.

3. Қорытынды сөз:

Әлихан Бөкейханов мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген,талантты мен тағдыры,жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Әлихан Бөкейханов- күрделі тұлға,зерделі ғалым.

« Бұл жалғанда дүниеден кім өтпеген

Пендешіл ғұмыр кешіп, бәрі кеткен.

Артына сөз қалдырып, шырақ жаққан

Тұлғаның алар орны бөлек неткен» ,- деп бір шумақ өлеңмен аяқтағым келеді.


  1. Қорытындысы

    1. Сабақты қорытындылау.

    2. Оқушыларға баға қою.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров399
Номер материала ДВ-483037
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх