Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: М О Әуезов "Ақын қонақтар " (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: М О Әуезов "Ақын қонақтар " (5 сынып)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 10.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов « Ақын қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы,

тақырып пен идея туралы, « Ақын қонақтар» сюжеті жайында әдеби білімдерін кеңейту;

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. М.Әуезов өмірі туралы түсінік.

  2. «Ақын қонақтар» әңгімесін мазмұндау

Білімді текесеру сұрақтары: «Ойлан ,ізден ,тап»! (ауызша)

Сұрақ

Жауап

1

«Ол, яғни, Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.» Ол кім ?

«Онысы – әсіресе, әжесі. Одан қала берсе, шешесі.»

2

«Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты.» Ол - қандай әңгімелер?

«Ол – осы ел ішінде Зеренің 1 жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер.»

3

«Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес, іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ауыл адамы сияқты.» Бұл – кім?

«Бұл - Барлас ақын.»


4

«Мұның ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап, Абайға домбырасын ұсынды.»

Барластың батасы:

-     «Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің.

ІІІ.«Бәйге» ойыны : (ауызша)

1.Оқудан келген Абайдың жасы нешеге толды? (13 ке)

2.Абайдың портретін әңгімелеу? Тауып оқу?

3.Өзге балалардан бөлек бір дос тапты. Ол кім? Шебер әңгімешіл екенін қалай байқады?

3.Әжесінің Абайға айтып берген әңгіме,ертегі, жырларын ата?

4.күндердің күнінде бөгде қонақтар келді? Олар кім?

5.Абай қай қонақты танушы еді? Ал қарт қонақты Абайға кім таныстырды?

6.Барластың портреті айтып бер?

7. «Қобыланды батыр» жырын кім жырлады?

8. Барлас пен Байкөкше Абайдың үйінде неше күн қонақтады?

9.Шырағым , ержетерсің,

Ержетсең,сірә ,не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің,- деген өлеңді Абайға қай жыршы айтты?

10.Шығарып салып тұрып сыйға не берді?

Таппсырма: (Абай мен Барластың портретін тауып оқу.) (ауызша)

Портрет – ақынның немесе жазушының кейіпкер бейнесін сөзбен салған портреті. Портретте адамның сырт бітімі, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы суреттеледі.

Бала Абайдың кескін – келбетін жазу

Барластың портретін тауып оқу

Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі де баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық балғын емес. Сидиып арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес. Бұрын қара болушы еді,бетінің қызылы да ар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді.

Шоқшалау ғана сақалы бар, келбетті келегн зор дауысты ақсары кісі.



ІҮ. Оқулықпен ,дәптермен жұмыс.Кейіпкерлер іс-әрекеті: (жазбаша)

Кейіпкерлер

Іс –әрекеті

Айтқан, әңгіме,жыр, ертегілері

Мінезі

1

Абай




2

Әжесі-Зере




3

Анасы –Ұлжан




4

Қартаң жыршы-Барлас




5

Жас шыршы- Байкөкше






Сөздікпен жұмыс:
1. Тәуір болу - жазылабастау
2. Елдіңшабысы – ел ішіндегі дау-дамай, қақтығыс
3. Қажымай – шаршамай
4. Қошалу - келісу
5. Қанбазардай - өтекөпадамдар
6. Термелеу – белгілібірмақамғаалыпорындау
7. Ұғымтал – түсінікті
8. Сүленауқас – созылмалыдерт, ауру
9. Құлан таза болыпарылу - толықжазылу
10. Ырымбайлау – құрмет көрсету
11. Жетеккеалу – жылқылардыжетектеп кету
12. Дән риза – қатты разы болу


Қорытындылау:

Бес жолды өлең


1

Зат есім

Кім?

Абай,Барлас, Қонақ,Байкөкше, Зере,Ұлжан

2

Сын есім

Қандай?

Ақылды, зерек,білімді, қонақжай, қабілетті,

3

Етістік

Не істеді?

Әңгіме тыңдады,жырлады, қонаққа келді.

4

Сөйлем

Қонақ туралы

Абайдың үйіне қонаққа Барлас және Байкөкше деген жыршылар келді.

5

Мақал-мәтел

Қонақ туралы

Қонақты асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.


Үйге тапсырма:

М.Әуезов. өмірі мен “Ақын қонақтар”


Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров193
Номер материала ДВ-435552
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх