Инфоурок Литература КонспектыСабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы "Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны ..."

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы "Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны ..."

Скачать материал

Күні:  

28.11.2019

Сынып: 9  «а»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны»

 Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Оқу мақсаты

А/И 9.2.3. 1 - шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтау

дың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар
Мәтін бойынша құбылту мен айшықтау түрлерін табады.
Көптеген оқушылар

Автор стиліне баға береді.

Кейбір оқушылар
Үзінділерден құбылту мен айшықтауды тауып, оларды сөйлем құрауда қолдана біледі.

Бағалау критерийлері

Құбылту мен айшықтау түрлерін анықтап, автор стиліне баға береді

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: метафора, кейіптеу, аллегория, символ, метанимия, синекдоха, гипербола, литота, гротеска, эвфемизм, десфемизм, перифраз, антитеза, градация, инверсия т.б

Пәнаралық байланыс:

тарих

Ұлттық құндылықтар

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді.

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Осыған дейін меңгерілген білім

Махамбет шығармаларының тақырыбы.  «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі.

Жоспар

Уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурс

Сабақтың басы
     2 минут

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру.

- Оқушылармен амандасу

-Сыныптың тазалығына назар аудару ;

-Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларға қағаз кеспелері араластырылып  беріледі, оқушылар алып сол топқа жайғасады.

1-топ: «Махамбет - батыр»  тобы

2-топ:  « Махамбет- ақын » тобы

3-топ: «Махамбет-күйші ,композиторы» тобы

 

Үй  жұмысын сұрау:

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңін жаттау.

«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы

Әр топтан 1 оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алса келесі «неліктен» сұрағын таңдайды, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріледі. Отырған оқушылар да шығарма  сюжеті бойынша таңдаған оқушыға сұрақ қояды.
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады? 
2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ? 
3. Неліктен Махамбет  Исатайды жоқтап сөйлейді? 
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады? 
5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?

 

Ф. «Бір ғана тілек»

Топ өкілдерінің жауабына кері байланыс береді,  тек жақсы тұстарын ғана атап өтеді.

 

Оқушыларға

-          бөлімнің атауы

-          сабақтың тақырыбы

-          оқу мақсаты таныстырылады.

-           

ЖЖ
1) Тақтада әдеби-көркемдегіш құралдардың анықтамалары ұсынылады.
Қолдарына кепсе қағазда осы материалдар және басқа да фигура мен троптыңтың түрлері таратып беріледі. Оқушылар жұпта талдап ережелерін оқып шығады

Метафора – суреттеліп отырған затты ажарландыра түсу үшін оларды өзге бір затқа балау.

Кейіптеу – жансыз нәрселерді, жансыз табиғатты жандандыра түсу.
Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі затқа айналдырып суреттеу.

Символ – құбылысты не затты тура суреттемей, басқа бір затқа не құбылысқа жасырын түрде жарыстыру.

Метанимия – өзара тектес заттар мен себептес құбылыстарды не ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану.

Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны не керісінше қолдану.
Гипербола – затты не құбылысты ерекше үлкейтіп, қомақты етіп көрсету.
Литота – затты не құбылысты ерекше тіпті кішірейтіп суреттеу.
Гротеска – затты немесе құбылысты әсірелеп, оспадар, ұсқынсыз күйінде суреттеу.

Эвфемизм – ұят, дөрекі сөздерді сыпайылап айту.

Перифраз – қайта айтып беру.

Антитеза – қарама-қарсы құбылыстарды, мағыналары әртүрлі ұғымдарды, түстері әртүрлі заттарды қатар қою арқылы олардан басқа бір құбылыстың, нәрсенің суретін көзге елестету.

Градация – көркем шығармада алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асырып, асқақтата түсу.

Инверсия – прозалық немесе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

2) Автор стилі дегеніміз не? – сұрағына жауап алу.

 

Сабақтың ортасы

2 минут

       

 

 

 14 минут

 

 

13 минут

 

 

 

 

  10 минут

Топпен жұмыс   

Махамбет Өтемісұлының «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»  өлеңінен үзінділер беріледі. Әр топ сол үзінділерден әдеби көркемдегіш құралдарды  тауып ,қолданысына үзінділерден мысал келтіріп, автор стиліне баға береді.

1-топ: «Балық қаңқасы»  әдісі

 

Көркемдегіш құралдар, автор стиліне баға
 


Үзіндімен дәлел келтір ТақырыбыҚорытынды пікір.. https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_566320c5cd708/ashyksabakazyktulikdukienindie_12.png

??? ??? ???
???
???
 

 

 

 

 

 


2-топ: «Садақ пен жебе» әдісі

Көркемдегіш құралдар,автор стиліне баға
 


??????Үзіндімен дәлелдер келтір??????Қорытынды пікір.. Тақырыбыhttps://i1.wp.com/clipground.com/images/clipart-of-archery-bow-and-arrow-outline-1.jpg

3-топ: «Домбыра» әдісі 

 

 


ТақырыбыКөркемдегіш құралдар,автор стиліне баға Үзіндімен дәлелдер келтірҚорытынды пікір.. ????????????    

 

 

 

1-топ:

 «Балық  қаңқасы» әдісі

2-топ: 

«Садақ пен жебе» әдісі

3-топ: 

«Домбыра» әдісі

1-үзінді

2-үзінді

3-үзінді

Алай ма, сұлтан алай ма!
Астыма мінген арғымақ
Аяңдап түсіп марай ма?
Арғымақ дейтін жығылар,
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?
Арғымақ атқа айдай таға қақтырса,
Кілегей қатқан Еділдің
Көкше мұзынан таяр ма?!
Ата ұлының баласы
Асыл ерге малың бер,
Малың бер де басын қос,
Басыңа тарлық түскенде
Ардақтаған әділ жанын аяр ма?

Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік,
Екеуіміз жүргенде,
Бір - бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік,
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік.

Еділді көріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген.
Таудағы тарлан шұбар біз едік.
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
Шабытымыз келгенде,
Ерегіскен дұшпанды
Шетінен сүйреп жеп едік.
Баста дәурен тұрғанда,
Біздер - дағы, Бәйеке,
Оза көшіп, кең жайлап,
Еркімен еркін жатқан ер едік.


Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.
Ханның кірген ақ орда,
Бұзуын ойлап кеңестік.
Аламанға жел беріп,
Аса жұртты меңгердік.
Қара қазақ баласын
Хан ұлына теңгердік.
Өздеріңдей хандарды
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан аққан қан
Ат баурына төгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне өңгердік.


Кешегі Исатайдың барында,
Алақандай Нарынды
Бастаушы едім құлаштай.
Жәбір беріп жала етсең,
Былғанған басым ласқа - ай.
Мен бір шарға ұстанған
Қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса тағы жетілдім.
Көрмес, келмес деп едім,
Өз еркіммен бетімді - ай.
Есігіңнің алдына
Ұрмай, соқпай келтірген,
(Арманың бар ма құдайға)
Мынау Махамбет сынды «жетімді - ай»!

Ханнан кегім ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ.
Заманымда болған «сұлтаным»
Бізді жіпсіз байладың

Еділ мен Жайық жер еді - ау,
Мекен еткен шаруаға,
Жағасы қорған жай еді - ау.
Жай - қоныстан айрылып,
Біз бір қаңғып жүрген қарашы.
Қайта - қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?!

Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам тағы кетермін,
Кетпей де нешік етермін?
Бұл барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын,
Өтініп алып от жақпан,
Дұшпанға қылыш ұрармын.
Жазға бір ай қалғанда,
Ала сапыран болғанда ,
Бөліне көшкен еліңді
Бөріккен қойдай қылармын.
Жарыла көшкен еліңді,
Жаралы қойдай қылармын.
Мен кеткенмен тек кетпен,
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең,
Өзекті жанға бір өлім,
Ордаңды талқан ғып шабармын.

Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауын қашырған.
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Мен кесекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар - намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартылмай сөйлер асылмын.
Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,
Бойың жетпес биікпін,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман.
Шамдансам жығар асаумын,
Шамырқансам сынар болатпын,
Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»
Аяғыңа бас ұрман.
Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,
Қыларың болса қылып қал,
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман!

Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің ,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көпке шақыртып,
Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік Ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сырқаты - сары бал,
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке
Үстіме кисем деп едім.
Қанықейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді
Ителгі көзің төңкеріп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артына салсам деп едім.
Тілекті Тәңір бермеді,
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім.

Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда,
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақ сүйек,
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Хан баласы ақсүйек -
Бәйеке сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем!

 

 

Топтарға жасыл, қызыл түсті жұлдызшалар таратылады. Әр топ өз ойын ортаға салған соң оқушылар түрлі-түсті парақшаны көтеру арқылы топ жұмысына баға беріп отырады.

 

ҚБ Әр топ әткеншек әдісі бойынша өзге топ жұмысымен танысқан бойда, жасыл, қызыл түсті жұлдызшалар арқылы баға беріп кетеді.

https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/1615223/d81f088f-caf9-4f0e-8979-723df2dff184/s1200 https://i.pinimg.com/originals/2e/86/e2/2e86e2b299591e0efbd8f635f51e7195.jpghttps://img2.freepng.ru/20180218/lkq/kisspng-star-grey-clip-art-green-star-images-5a897db3948894.7761506815189600516084.jpg

Жасыл – топ жұмысының ұтымды тұстары өте көп

Қызыл – толықтыруды  қажет етеді, ұсынысым бар.

 

 

Ф. «Екі жұлдыз , бір тілек» (топтар бір-біріне дескрипторға сәйкес кері байланыс береді)

 

Дескриптор

Білім алушы

 

-          көркемдегіш құралдарды анықтайды;

-          идеясын ашады ;

-          автор стиліне пікір білдіреді.

https://abai.kz/post/5471

Сабақтың соңы        Рефлексия
   1 минут

Сабақтың соңында оқушылар:

Өзінің сабақтан алған әсерімен бөліседі.

Мен үшін бүгінгі сабақта....

Мен үшін ................  тапсырма ......

Мен алдағы уақытта ......

 

Үйге тапсырма

Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» толғауын оқып келу

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы "Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны ...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2019 13204
    • DOCX 225.6 кбайт
    • 331 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ханов Шохан Уалиханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ханов Шохан Уалиханович
    Ханов Шохан Уалиханович
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 790508
    • Всего материалов: 177

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Курс повышения квалификации

Дизайн и верстка: Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Adobe Indesign

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 119 человек

Курс повышения квалификации

Технологии создания кинофильмов

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции