Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік-асыл қасиет»

Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік-асыл қасиет»

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Нұрова Р.Ж-«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметкері


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп : № 8

Мерзiмі: 29. 02 2016ж.

Мұғалiм: Г.Е. Илясова

Сынып: 2

Оқушылар саны : 25

15 тақырып: «Мейірімділік-асыл қасиет»

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, кешірімділік, ақкөңілділік;

Мақсаты: Балалалардың «Сүйіспеншілік құндылығы» туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: оқушылардың «мейірімділік» «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Тыныштық сәті:

Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық. Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдарда болады, ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңд







Дәйексөз

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Мәтінмен жұмыс

Сары тауық пен балапандары

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен.Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып,бауырына басты. Бір
балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап,балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап,тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

- Оны неге шығармайсыз?

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді?Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Сырқаттанып қалады.Кішімізғе өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне,мұның орнына кім барады?-деп сұрады анасы

- Мен –деді тұңғышы.

-Мен барайын !-деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

- Мен қалам ба сонда!-деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!-деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады.Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ.Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады

Сұрақтар:

Сары тауық балапандарымен қандай жағдайға ұшырады?

Сары тауық балапандарына қандай қамқорлық жасады?

Тауық балапандарын тоңдырмас үшін қандай амал қолданды?

Тауық қай балапаына ерекше қарады? Неліктен?

Ақ балапанның сұрағына қалай жауап берді?

Басқа балапандар қандай ұсыныс жасады

Сары тауықтың әрекетін қалай бағалауға болды?

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларға мейірімділік сөзінің мағынасын түсіндіреді;

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау,игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Тапсырма

Тапсырма бойынша оқушылар Мейрімділік кестесін толтырады.Мұндағы бірінші бағанға мейірімді істерді,екінші бағанға мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасайды.

Дәптермен жұмыс

Дәптермен берілген бос жолдарға Мен мейрімді баламын тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады.



Жүректен жүрекке

Сабақ соңында балалар адамдарға, айналасына мейрімді екендіктерінжылы сөздері арқылы білдіреді.

Үй тапсырмасы

1. Оқулықтың 49-бетіндегі. №12-сабақтағы «Екі дос» мәтінін оқып келу.

2. Дәптермен жұмыс 50 беттегі №2 тапсырманы орындау


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров60
Номер материала ДБ-056047
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх