Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: М.Мақатаев "Қайырлы түн", "Қара өлең"

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев "Қайырлы түн", "Қара өлең"

Скачать материал

Күні: 10.02.2017 жылы

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:  М.Мақатаев "Қайырлы  түн", "Қара өлең"

Білімділік: оқушыларға Мүқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы,

«Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы толық мэлімет беру.

 Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО стратегаялары - ой қозғау, мағынаны ажырату, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б

Көрнекілігі:Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:    Бердібек Соқпақбаев "Менің атым-Қожа " (үзінді)

"Ыстық  орындық"

ІІІ.Жаңа  тақырып . М.Мақатаев "Қайырлы  түн", "Қара өлең"

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=0178814b08eba4a0f6b25ddcb526ac53&n=33&h=215&w=121

Мұқағали  Мақатаев (1931-1976) .

1931 жылы Алматы облысы , Райымбек ауданы,Шалкөде  ауылында дүниеге келген.

Балалық шағы Ұлы Отан соғысы  жылдарының қиыншылықтарымен  дәл келгендіктен,  болашақ ақын өмірдің  ащы-тұщысын ерте татады. Әкесі Сүлеймен  соғыста  қаза табады, анасы Нағиман балаларын өзі асырап өсіреді.

Әртүрлі салада қызметтер атқарады: ауылдық кеңестің хатшысы, Қызыл отау меңгерушісі, мектеп мұғалімі, комсомол қызметкері,газет саласында жемісті еңбек етеді.

Жыр жинақтары: "Армысыңдар ,достар!", "Қарлығашым келдің бе?", "Мавр", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің"

Мұқағали  поэзиясының  негізгі тақырыптары-Отан, туған жер, туған ел тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, адамдар арманы, мөлдір махаббат.

Мұқағали Мақатаев

(1931-1976)

Ақынның өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев  көптеген әндер шығарған. 

М.Мақатаев -ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

 

 

 

 

 

 

 

ІV.Оқулықпен жұмыс.


Қайырлы түн!

Жер — Анам,

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін дін аман,

Тәтті ұйқыда дамылда.

 

Орманың да шуламасын,

Суларың да туламасын.

Ақ басты ала тауларың да,

Күңіренбесін, жыламасын.

 

Шамыңды өшір,

Түсіре ғой пердеңді,

Қайырлы түн, алып Жер!

Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді,

Таптамасын танктер.

 

Қайырлы түн,

Көк аспан,

Алып жерді төсен де,

Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,

Ұшырама кеселге.

Қайырлы түн,

Ақ аспан,

Алып жерді төсен де,

Боз көрпеңді айқара жап иыққа.

Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.

 

 

 

Қайырлы түн, ұйықта!

Шашу болып жұлдыздарың шашылды,

Айың келіп ақ мойныңа асылды. 

Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы

Тыныштық деп аталатын жас үлды…

 

Қара өлең

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенимін демедім  ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі-құдіретім ,

Онда бір сұмдық  сыр бар естілмеген.

 

Жат жерді жастанғанда  жазатайым,

Қанымен жазды,мүмкін, ағатайым. 

Қасиетіңнен  қара өлең, айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

 

Түзу-түзу  жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың  қаза  болса,

Қара көзден неге  қан  ағызбайын.

 

Ақынмын  деп мен қалай  айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың  қара  өлеңін,

Шекпен  жауып  өзіне қайтарамын.


Өлеңдерге  СКТ жаса

1

Авторы:

Мұқағали Мақатаев

2

Тақырып:

"Қара өлең" өлеңі

3

Жанр:

Поэзия

4

Шумақ:

4 шумақ

5

Тармақ:

16 тармақ

6

Бунақ саны:

3 бунақ

7

Буын саны:

11,12,13 буынды

8

Ұйқас түрі:

(а,а,б,а) қара өлең ұйқасы ,  (а,а,а,а)шұбыртпалы ұйқас

Сұрақтар  мен тапсырмалар

1.Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  мазмұнын  өз  сөздеріңмен   түсіндіріп  беруге  тырысыңдар.

2.Өлеңдегі  ақын  тілегін  қарасөзбен  жазып шығыңдар.

3. "Бейбітшілік  пен тыныштық - біздің  басты  тілегіміз" атты  тақырыпта шағын  шығарма жазыңдар.

 

V.Сабақты  бекіту

"Ыстық  орындық" әдісі

 

Үйге  тапсырма

М.Мақатаев "Қайырлы  түн", "Қара өлең" өмірбаянын,өлеңдерін оқу.

 

Күні: 14.02.2017 жылы

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:  М.Мақатаев "Елім барда" , "Аспан-анау,мынау -бақ"

Білімділік: оқушыларға Мүқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы,

"Елім барда", "Аспан -анау, мынау бақ" өлеңдері жайлы толық мэлімет беру.

 Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО стратегаялары - ой қозғау, мағынаны ажырату, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б

Көрнекілігі:Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  

М.Мақатаев "Қайырлы  түн", "Қара өлең" (мәнерлеп оқу)

Сұрақ-жауап:

1.Мұқағали Мақатаев қай жылдары өмір сүрген?

2.Қай жерде дүниеге келді?

3.Балалық шағы қалай өтті?

4.Қандай қызметтер атқарды?

5.Жыр жинақтарының аттары?

6.Мұқағали поэзиясының  негізгі тақырыптары?

7.Ақынның өлеңдеріне қай компзитор көптеген әндер жазды?

ІІІ.Жаңа  тақырып . М.Мақатаев "Елім барда" , "Аспан-анау,мынау -бақ"

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 


тәуелсіз, қонақжай, табиғаты әдемі, кең байтақ, дамыған, ынтымағы мол,  тату

 

"Аспан-анау,мынау -бақ"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


"Елім барда"

 

Не  сыйлайды,не береді келер күн?!

Не де болса тірі  тұр-сам  көрермін .

Желідегі  құлынымын  мен  елдің,

Көгендегі  қозысымын мен ел-дің.

 

Не сыйласын ,несін берсін  ел маған?!

Тұрсақ екен  елім  де аман,  мен  де  аман.

Таулар-менің  таусылмайтын бақытым,

Ал  ырысым-ұлан-ғайыр  кең далам.

 

Не істемекпін алтын,гауһар,жақұтты,

Оларды  іздеп  өткізбеспін  уақытты.

Мен бақытсыз  бола  қойман  сірә  да,

Туған елім   болса  екен  бақытты.

 

Дәнеңе  де  сыйламасын келер  күн,

Сый  көрмей-ақ  суалармын, сөнермін.

Туған  елім тұғырында   тұрса  екен,

Әрі қарай... Әрі  қарай  көрермін...

 

Аспан -анау,мынау бақ,

 

Аспан -анау,мынау бақ,

Аспанда бұлт,бақ жадау.

Мамық ұшты  қылаулап ,

Қыста келіп қалған-ау.

 

Аспан,жердің арасын,

Дәрігер қыс алуда.

Табиғаттың  жарасын,

Ақ дәкемен таңуда.

 

Тоңдырып ап маңдайын,

Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты  кезіп,тал-қайың,

Жалаң  аяқ  жылап  жүр.

 

Қу бұтағын  құшақтап,

Түксиеді  кәрі  емен.

Қыс  -тазалық , қыс -аппақ ,

Әрі өкініш, әрі өлең.


 

Әдебиет  теориясы:

Метафора – суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге  затқа не құбылысқа баламалап айтады.



Өлең    құрылысына  талдау "Елім барда"     

1

Авторы:

Мұқағали Мақатаев

2

Негізгі идеясы:

елінің амандығы, туған еліне деген сүйіспеншілігі, болашағына сеніммен қарай отыра, елінің бақытты болғандығын қалау.

3

Тақырып:

"Елім  барда"

4

Жанр:

Өлең.Поэзия-(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. 

5

Шумақ:

4 шумақ  4 жолдан құралған

6

Тармақ:

16 тармақ

7

Бунақ саны:

3 кейде 2 ( не сыйлайды, не  береді  келер күн?!)

 

8

Буын саны:

11 буын

9

Ұйқас түрі:

1-шумақ   а,а,б,б егіз ұйқас

2,3-шумақтар  а,а,б,а қара  өлең  ұйқасы

10

Метафора

Көгендегі қозысымын,   желідегі  құлынымын.

 

"Аспан -анау, мынау бақ"   өлең құрылысына талдау

1

Авторы:

Мұқағали Мақатаев (қысқаша өмірбаянын жазу)

2

Тақырып:

"Аспан -анау, мынау бақ" .Табиғат көріністері суреттелген

3

Жанр:

Поэзия-(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. 

4

Лирика түрі:

Табиғат лирикасы Лирика   суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер

5

Шумақ:

4 шумақ

6

Тармақ:

16 тармақ

7

Бунақ саны:

2 бунақ

8

Буын саны:

7 буынды

9

Ұйқас түрі:

Шалыс ұйқас  (а, б, а, б)

 

V.Сабақты бекіту.

"Менің  елім"  тақырыбына эссе жазу

VІ.Үйге тапсырма. Мұқағали Мақатаев. "Елім барда" , "Аспан-анау,мынау -бақ"



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев "Қайырлы түн", "Қара өлең""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2017 1730
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ханов Шохан Уалиханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ханов Шохан Уалиханович
    Ханов Шохан Уалиханович
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 789277
    • Всего материалов: 177

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой