Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Мәтін. «Жалбыз», «Қонжық» мәтіні.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. «Жалбыз», «Қонжық» мәтіні.

библиотека
материалов

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық

4 орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Турабаева ГулданаАзимбаевна

Күні: 21.04.2016ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. «Жалбыз», «Қонжық» мәтіні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы өсімдік, қонжық туралы түсінік беру, адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілік. Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып, оны күтуге, жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндірме, ізденушілік, ойын.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Күлімде күн күлімде,

Күлсін бірге бала шат

Табиғатқа баламыз,

Табиғат біздің анамыз

Достығымыз жарасқан

Біз әдепті баламыз.


- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Көктем.

-Көктемде жердегі барлық тіршілікке жан бітеді. Осы табиғаттағы тіршілік иелерінің барлығымен сәлемдесіп алайық!

  • Балалар, көктем мезгілінде аспанда қалықтап, ұшып келіп жатқан құстар, олардың балапан шығарғандарын көріп, мәз боламыз. Жылы жақтан өздерінің өзен-көлдерін сағынған қаз-үйректер келіп, мереке болып жатады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, сендерге үйге «Қаздарым» өлеңін рөлге бөліп, жаттап келу тапсырылған болатын. Кәнеки, қаздарым шыға қойыңдар!

(2 оқушы рөлге бөліп, жаттап айтады.)

«Автор орындығы» стратегиясы

«Үй құстары» эссесін оқу

  • Балалар, кәне, «қаздарым» өлеңін оқығанда сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілер кездесті?

  • ? (сұрақ белгісі)

! (леп белгісі)

. (нүкте)

  • Ал, балалар, естеріңе түсіріңдерші! Жұмбақты кім шешеді?

  • Өзім сөзден тұрамын,

Біткен ойды құрамын.(сөйлем)

-Олай болса қазір сіздерге өткен тақырыптарды еске түсіру үшін карточкамен жұмыс жасатамын . «Сөйлемдерді толықтыр»

1.Сөйлем . . . құралады.

2. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен . . . жазылады.

3.Сөйлемнің бірінші сөзі . . . әріптен басталып жазылады.

4.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен . . . болады.

5. Олардың байланысын . . . қойып білеміз.


ІІІ. Жаңа сабақ.

«Сиқырлы сандар» ойыны

а

6

2

1

5

8

а+1

7

3

2

6

9


і

ә

м

т

н


  • Ал, балалар, енді мына сөйлемдерге назар аударып, оқиықшы!

ІҮ.Салыстыру

Баратын жерім - алдымда.

-Күніне қанша табасың?

Бұл –өнерпаз бала..

-Неше сөйлем берілген?

-3 сөйлем берілген.

-Бірінші сөйлемді оқып, онда не туралы айтылғаны жайлы білейік. Бұл сөйлем қандай әңгімеден үзінді?

- «Махамбеттің тапқырлығы» әңгімесінен үзінді.

-Екінші сөйлемде ше?

- Күніне қанша табатыны туралы. «Өнерлі жігіт» мәтінінен үзінді.

-Соңғы сөйлемді кім оқиды? Онда не туралы айтылған?

- «Бала Шоқан» әңгімесінен Мысық туралы.

-Кәнеки, енді мына сөйлемдерді оқып жіберейік.

Жалбыз-пайдалы өсімдік. Оның иісі сондай жақсы. Жалбыз сулы жерлерде өседі. Жалбыздан дәрі жасалады.

  • Балалар, жалбыз дегеніміз-ол өсімдік. Оның түсі жасыл болады.

  • Бұл неше сөйлемнен құралған?

  • 4 сөйлем.

  • Бірінші сөйлемді кім оқиды?

  • Жалбыз - пайдалы өсімдік.

  • Бұл сөйлемде не туралы айтылған?

  • Жалбыздың пайдалы өсімдік екені.

  • Екінші сөйлемде не туралы айтылған?

  • Жалбыздың иісі жақсы болатындығы.

  • Үшінші сөйлемде ше?

  • Сулы жерде өсетіні.

  • Соңғы сөйлемде ше?

  • Жалбыздан дәрі жасалатыны жайлы.

  • Ал, енді екі бағандағы сөйлемдерді салыстырайық. Сол жақтағы бағандағы 3 сөйлемдердің мағыналары әр түрлі. Біреуінде Махамбеттің сөзі, екіншісінде өнерлі жігіт, ал үшіншісінде Мысық туралы айтылған.

  • Оң жақтағы бағанда да 4 сөйлем бар. Бірақ бұл сөйлемдердің барлығында да қандай өсімдік жайлы?

  • Жалбыз.

  • Мағына жағынан байланысқан ба?

  • Иә.

  • Ендеше, егер сөйлемдер бір-бірімен мағына жағынан байланысқан болса, онда біз оны мәтін дейміз. Сонда қай жақтағы сөйлемдерді мәтін дейміз?

  • Оң жақтағы.

  • Сол жақта да 3 сөйлем бар. Неге, оны мәтін демейміз?

  • 3 сөлемде әр түрлі әңгіме айтылған.

  • Балалар, мәтін сөйлемдерден құралады. Екі сөйлем болса да, ол мәтін болады. Мәтінге ат қоюға болады. Сонымен мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтіндегі сөйлемдердің өз орны болады.Мәтінге ат қоюға болады. Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды.Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі.

  • Мына мәтінге қандай ат қоюға болады?

  • Жалбыз.


Одан әрі жалғастырамыз.Балалар, жаңа біз мәтінге не деп ат қойып едік?

-Жалбыз.

- Енді балалар, кітаптарыңа қараңдаршы! «Жалбыз» туралы мәтін бар екен. Неге мәтінге «Жалбыз» деп ат қойылған?Неге бұлай аталған, бірге талдайықшы.Әуелі мәтінді тыңдаңдар.

Ү.Оқулықпен жұмыс

А) Мұғалім оқиды.

- Енді өздерің іштей 1 рет оқып шығыңдар.

-Мәтінді дауыстап, әрі тізбектеп оқиық. Қолдарыңды жүгіртіп отырыңдар.

Ә) Оқушылардың тізбектеп оқуы.

- Мәтінде не туралы айтылған?

-Жалбыз.(суретімен таныстыру)

-Жалбыз қандай өсімдік?

-Пайдалы өсімдік.

-Жалбыз қайда өседі?

-Жалбыз сулы жерде өседі.

-Жалбызды пайдалы, шипалы өсімдік дедік. Қандай пайдасы бар?

-Дәрі жасалады.

-Жалбыз өсімдігінің қандай екенін көрдіңдер. Оны неге қосады?

-Кәмпит, сабаын, тіс жуатын пастада жалбыздың иісі бар.

жауап берген оқушы тақтаға гүлдің суретін орналастырады.

-Жалбыз өсімдік , ендеше бұл қай табиғатқа жатады? Өлі ма, тірі ма?

Тірі табиғатқа тағы не жатады?

Олай болса келесі тапсырма аю туралы.

ҮІ.«Миға шабул» сұрақ-жауап

-Аю туралы не білеміз?

ҮІІ. Мәтінмен жұмыс

1)Мәтінді оқу

2)Автормен Таныстыру

3)Іштей оқыту, тізбектей оқу.

4)Мәтінді талдау, мазмұндату

VІІІ. Сергіту сәті.

Аю, аю тұрсаңшы,

Көп ұйқыны қойсаңшы

Көктем келді тамаша,

Ән салайық қаласаң!

ІХ.Дәптермен жұмыс

Көркем жазу.

Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көп дүркірер.

165 – жаттығу

Қонжық дегеніміз аюдың баласы. Оның енесін кірекей дейді.



Х.Семантикалық карта

ХІ. Бекіту . . .

plant

. . .

. . .



. . . . . .

Бас бармақ - тілек

Балан үйрек – не үйрендім

Ортан терек - көңіл күйім

Шылдыр шүмек – маған ұнады

Кішкене бөбек – не білгім келеді

ХІІ. Рефлексия hello_html_m7c3f8c35.jpg

  • Бүгінгі сабаққа барлығың жақсы қатыстыңдар.

  • ІХ. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып, түсінігін айту. «Менің суйікті жануарым» мәтін құрау





Автор
Дата добавления 04.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров83
Номер материала ДБ-067113
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх