Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Өнер (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Өнер (7 сынып)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қалыбаева Бағила Қаржаубайқызы




Сабақтың тақырыбы: Өнер (7 сынып)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тақырып бойынша меңгерген сөздерді пысықтап,өнердің түрлері туралы білім беру.

2.Дамытушылық: Өнер туралы ойларын жүйелі әңгімелеуге жаттықтырып,оқушылардың ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып,ұлттық өнерімізді құрметтеуге,әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ақын-жазушылардың портреттері,сызба қағаздар,тірек сөздіктер, слайд

Сабақтың түрі: Аралас,іздену сабағы.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,іздену әдістері, интербелсенді тәсілдері

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,саз өнері,тарих.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Бекіту.

V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

I.Ұйымдастыру кезеңі: Бір-бірін қошеметтеп,қарсы алу.

-Қайырлы күн,балалар! Жағдайымыз жақсы ма? Ендеше,үй тапсырмасына кірісейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Өнер туралы мақал-мәтелдер жаттап келу тапсырылды.

  • Жақсы ,кәне, мақал-мәтелдерді тыңдайық.

А) Өнер алды-қызыл тіл.

Ә) Өнер- бітпес байлық,

Таусылмас қазына.

Б) Өнерпаз болсаң,арқалан.

В) Өнер-адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.

Г) Өнер үйренде жирен.

-Өте жақсы.Өнер туралы терең мәнді мақалдар айтылады.Осы мақалдар бізге өнер туралы қандай ой айтты? (Оқушылар өз пәкәрән айтып,ой түйеді).Біз бүгінгі сабағымызда осы «Өнер» тақырыбын ары қарай жалғастырамыз.

III. Жаңа сабақ.(Оқушыларды үшбұрыш,жұлдыз,шаршы үлестіру арқылы үш топқа бөлеміз).

А) –Қазір сіздер «Өнер» деген тақырыпқа сызба сызасыздар ма,сурет саласыздарма ма өзара келісіп,бұл сөзді қалай түсінесіздер,соны жеткізіңіздер.(7 минут)

Ә) –Дәптерлеріңізге мынадай сызба жасап қойыңыздар:

Білемін

Білдім

Білгім келеді




-Енді сіздер сызбаларыңызбен алмасасыздар да өзара топ ішінде әңгімелейсіздер.

(Топ ішінде әңгімелеуге 3 минут беріледі). Сонан соң топ ішінен біреулеріңіз шығып сызбаның мазмұнын әңгімелеп бересіздер.(Оқушылардың жауабы тыңдалады).

-Басқа топтан қосарларыңыз бар ма?(Сызбаның иелері тыңдалады).

Б) – Ал балалар,өздеріңізге даярлап қойған сызбаның «Білемін» бөліміне өздеріңіздің осы уақытқа дейін өнер туралы білетіндеріңізді жазып толтырасыздар.(3 минут).

В) – Жақсы,енді барлықтарыңызға өз орындарыңызға отыра қойыңыздар(Сөйлеу кезінде оқушыларға нөмір үлестіріледі).Қазір мен үлестірген нөмір бойынша сіздерге тапсырма беремін.Сіздер әңгімелеп отырған тақырып бойынша берілген тапсырма арқылы білімдеріңізді толықтырасыздар.Оқулықтарыңыздың 45-бетіндегі 1-мәтінді ,46-беттегі «Қазақстанның атақты күйшілері»атты 2-мәтінді, 47 –беттегі «Ән падишасы» мәтінін-оқып білесіздер. (7 минут уақыт беріледі).

Г) – Ал,енді оқығандарыңызды жұптап әңгімелейсіздер.(5 минут беріледі).

-Уақыттарыңыз өтті.Енді 3 топқа бөлініп отырыңыздар да әрқайсыңыз өз мәтіндеріңізді топ мүшелеріне әңгімелеңіздер.(5 минут беріледі).



Ғ) –Енді орындарыңызға барып,бүгінгі оқып-білгендеріңізді өздеріңіз сызған сызбаның «Білем» бөліміне жазбаша жеткізесіңдер.(Бұл тапсырмаға да 4-5 минут беріледі).

IV.Бекіту. –Бүгінгі сабақта не білдік,соны өздеріңіздің ауыздарыңыздан тыңдайық.Мұқият болыңыздар, жетпеген жерін айтқанды қайталамай, толықтырып отырасыздар.

V.Бағалау. –Өте жақсы,бүгінгі сабақта кім аса белсенділік көрсетті,ойланып барып,алдарыңыздағы «Бағалау кестесіне» баға қойыңыздар.

VI.Үйге тапсырма. – сызбадағы «Білдім» бөліміне жазған сөйлемдеріңізден екі етістік тауып,олардан есімшенің түрлерін жасап келесіздер.Соңғы «Білгім келеді» бөліміне:өнер,өлең,көрем,берем,терем,белең,ерем,сенем сөздерімен сөйлем құрастыру.

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров67
Номер материала ДВ-426531
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх