Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Сабақтың алға қойған мақсаты: кейбір бөлімі 10, 100, 1000 ... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуы. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.


Техникалық құрал- жабдықтар: бейнепроектор, компьютер.

Барысы:

Жоспары:

  1. Іріктеу.

  2. Жаттығу.

  3. Сөре.

  4. Өрлеу.

  5. Нысана.

  6. Мәре

  7. Марапаттау рәсімі.

«Іріктеу». Қайталау сұрақтары:

1. Қандай сан жай бөлшек деп аталады? Мысал келтір.

2. Аралас сан дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Жай бөлшектің қасиеттері?

4. Толықтыру дегеніміз не?

Мына сандарды оқы, бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:

hello_html_203c167.gif

«Жаттығу»

Ондық бөлшектерді жазу

Жай бөлшектерді бөлімсіз жазу

hello_html_5b454977.gifhello_html_m7f330c98.gifhello_html_5203ebb2.gifhello_html_m396aa9da.gif

2,3 0,51 5,03 0,219 Бұл сандар ондық бөлшектер.



Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.

Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында- ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.

Мысалы: 1) 2,3 санында 2- бүтін бөлігі, 3- бөлшек бөлігі

2) 5,03 санында 5- бүтін бөлігі, 03- бөлшек бөлігі

3) 0,51 санында 0- бүтін бөлігі, 51- бөлшек бөлігі

4) 0,219 санында 0- бүтін бөлігі, 219- бөлшек бөлігі

Бөлімдері 10; 100; 1000 т.с.с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.

Қhello_html_fd733b5.gifhello_html_m42bbb7d1.gifhello_html_348f09fc.gifhello_html_m5327610a.gifhello_html_m14a8812e.gifажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз

Мысалы:

5,7 3,19 0,007


Тең ондық бөлшектерді жазу

Ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.

Мысалы: 1) 5,7= 5,70= 5,70000 2) 0,09 =0,090= 0,09000

3) 1,090000 =1,0900= 1,09


Ондық бөлшектердің разрядтары

Ондық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:

.........

Мыңдық

Жүздік

Ондық

Бірлік

Ондық үлес

Жүздік үлес

Мыңдық үлес

Он мыңдық үлес

Жүз мыңдық үлес

........














Ондық бөлшектерді оқу

Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.

.........

Мыңдық

Жүздік

Ондық

Бірлік

Ондық үлес

Жүздік үлес

Мыңдық үлес

Он мыңдық үлес

Жүз мыңдық үлес

........




5

2

,

2

5

6






1

0

2

,

0

0

2

4

3


52,256- елу екі бүтін мыңнан екі жүз елу алты

102,00243- жүз екі бүтін жүз мыңнан екі жүз қырық үш


«Сөре» Бекіту сұрақтары:

  1. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?

  2. Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?

  3. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?

  4. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?

  5. Үш бүтін мыңнан он жеті саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.

  6. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10,23 санына тең бөлшекке мысал келтір.

«Өрлеу»

Математикалық диктант

1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:

а) жиырма бес бүтін оннан үш;

Жауабы: _____________________

ә) үш бүтін жүзден он алты;

Жауабы: _____________________

б) нөл бүтін мыңнан он үш;

Жауабы: ______________________

в) нөл бүтін мыңнан бес

Жауабы: _______________________


2. Ондық бөлшекті жазыңдар:

а) жеті бүтін мыңнан он тоғыз;

Жауабы: _____________ , _________

ә) бес бүтін жүзден жиырма жеті.

Жауабы: _____________ , _________

Оларды аралас сан түрінде жаз.


3. Сандарды оқыңдар:

а) 0,4; __________________________________________________

ә) 2,04; __________________________________________________

б) 0,41; _________________________________________________

в) 2,004 ___________________________________________________


«Нысана.» Тест тапсырмасы.

1hello_html_49a43d24.gifhello_html_m10991a1.gif. Ондық бөлшекті анықта

а) 12,05 в) с)

2. 420,12 санының бүтін бөлігін тап

а) 12 в) 42 с) 420


3. 23,53 санының бөлшек бөлігін тап

а) 23 в) 53 с)100

hello_html_492fd044.gif

4. ондық бөлшек түрінде жаз

а) 0,421 в) 4,121 с) 4,21


5. 10,17 бөлшегіне тең бөлшекті анықта

а) 10,017 в) 10,170 с) 1,17

«Мәре»

Оқулықпен жұмыс. Есеп № 938, 942


938.

1) __________, 2) ________, 3) __________, 4) ____________


942.


_______=_________, ________=__________, ________=________,


_______=_________ , ________=___________


VІІ. Марапаттау рәсімі. Сабақты қорытындылау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, бағалар қою.

Үйге тапсырма. Есеп № 939, 940



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров103
Номер материала ДБ-035556
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх