Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: Оригами Бейнелеу өнері, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Оригами Бейнелеу өнері, 2-сынып

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Барақ батыр ауылы

Барақ батыр негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Сауле Маратовна

Бейнелеу өнері, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Оригами

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушылардың оригами жайлы білімдерін кеңейту, шаршыны бүктеу әдісі арқылы әртүрлі бейнелер жасатып үйрету. Қағаздан бүктеу арқылы балық бейнесін жасау тәсілін меңгерту.

2.     Оқушылардың ойлау және шығармашылық  қабілеттерін, қиялын  дамыту, қол икемділіктерін, жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастыру.

3.     Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, байқампаздыққа баулу. Табиғатқа қамқорлық жасауға, балықтарды қорғауға өз үлестерін қосуға білуге, өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, өздік жжұмыс,

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, тіл дамыту.

Көрнекілік: буклет, слайд, алтын балық, стикер, гүлдер.

Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру:

1.     Оқушыларды сабаққа дайындау

2.     Оқушыларды стикерлер арқылы топқа бөлу. 1-топ «Жас шеберлер»,    2-топ «Балғын суретшілер».

Өткенді қайталау: Ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап береді.

1.     Оригами деген не?

2.     Оригами ең алғаш қай елде шықты?

3.     Жетінші ғасырда оригами қай елге келді?

4.     Оригами әдісімен қандай бейнелер жасап үйрендік?

5.     Оригами адам бойында қандай қасиеттер қалыптастырады?

6.     Жұмбақты шеш:

Тарпаң,тарпаң, тарбиған,

Түрі жаман жарбиған.                    (Бақа)

Сабақтың мақсатын хабарлау: бүгінгі сабақта оригами әдісімен әртүрлі бейнелер жасап үйренуді жалғастырамыз. Ол үшін бізге қағаз, қайшы және желім керек. Енді жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп алайық.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз:

1. Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.

2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.

3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.

4. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.

5. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.

Ой қозғау:

Су астында балықтар,

Сазан, шортан, бекіре.

Неше түрлі балық бар,

Шошытасың секірме.

Мына өлең не туралы? Ендеше, біз бүгін ненің бейнесін жасаймыз деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ:

Балалар, бүгінгі сабақта біз алдымызға мынадай міндеттер қоямыз :

1.     Оригами тәсілімен балық  бейнесін  жасаймыз.

2.     Шаршыны бүктеу тәсілдерін үйренеміз.

3.     Балықтың суретін саламыз.

-Ал, енді қағаздан балықтың жасалу жолына қарайық. (Слайдтар арқылы балықтың жасалу жолын түсіндіру).

Топпен жұмыс:

1-топ «Жас шеберлер»: мұғалімнің жетекшілігімен балық бейнесін жасайды. Шаршыдан бүктеу арқылы балық жасау. Балықты түрлі-түсті қағаздармен безендіру.

2-топ «Балғын суретшілер»: берілген суретке қарап отырып, балықтың суретін салады. Өзіндік жұмыс.

Сергіту сәті:

Көп балықтар жүзіп жүр,

Мөлдір, таза суларда.

Бірде иіледі, бірде жазылады,

Дем алады жағада.

Екі топ тапсырмаларымен ауысады.

1-топ: берілген суретке қарап отырып, балықтың суретін салады. Өзіндік жұмыс.

2-топ: мұғалімнің жетекшілігімен балық бейнесін жасайды.

Бекіту:

1.     Балықтың қандай пайдасы бар? (Балықтың майында Д дәрумені бар. Ол баланың ағзасы дамуы үшін қажет. Кальций, калий, магний дәрумендері бар. Диеталық тағам.)

2.     Балықты не үшін қорғау керек?

3.     Балық туралы қандай ертегі білесіңдер?

Қорытындылау:

-Балалардың біздің сабағымызға алтын балықтың өзі келіпті. Бұл балық сендердің тілектеріңді орындау дайын. Ендеше өз тілектеріңді қолдарыңдағы стикерлерге жазып, оны алтын балыққа жапсырайық. Ал, сендердің жасаған балықтарың сабағымыздың қонақтарының тілектерін орындасын деген ниетпен жасаған балықтарыңды қонақтарға сыйлайық. Менің де сендерге дайындап келген сыйлығым бар. Ол көктемнің көрікті нәзік гүлі жауқазын. (Оқушыларға қызыл және сары жауқазындарды таратып беру).

Үйге тапсырма:

-Балалар, сендерге жауқазын гүлі ұнады ма? Ендеше үйден осы гүлдің жасалуына қарап отырып, өз беттеріңмен гүл жасап келесіңдер.

Бағалау:

-Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың өте белсенді қатыстыңдар. Мен сендерге қызыл және сары гүлдер таратып бердім. Қызыл гүл берген оқушылар сабақта белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп және де қағаздан бейне жасауда алғырлық танытты. Оларға бес деген баға қойылады.

Сары гүл төрт деген баға.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Оригами Бейнелеу өнері, 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2016 1928
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксыбаева Сауле Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксыбаева Сауле Маратовна
    Жаксыбаева Сауле Маратовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12260
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек