Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақтың тақырыбы: "Қош-сүйікті Әліппе!" (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы: "Қош-сүйікті Әліппе!" (3 сынып)

Скачать материал


Тақырыбы: Қош-сүйікті Әліппе!
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, ата-аналарды мектеп өміріне тарту;

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, шарлар, АҚТ.
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте қарт жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп?»- деп.
Жеті кетті жүгіріп,

Жетпіс қалды кідіріп.
Ата:
Балам, балам, жақсы бол, Назерке атасы
Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере: Назерке
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап беріңдерші.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!

Ол сүйікті - Әліппе!

Би « Қамажай » 10 мин
І - жүргізуші:
Уа, халайық, қайырлы күн! Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер.

ІІ - жүргізуші: Добрый день, дорогие учителья, родители, гости.

І - жүргізуші: Ағылшынша амандасу

ІІ - жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқаңдар.
І - жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1 - оқушы: Ақниет
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2 - оқушы: Шарихат
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3 - оқушы: Камила
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Хор: «Әліппе»
Мұғалім:
Балалар, қараңдаршы бүгін көңіл –күйлерің қандай тамаша! Киіп келген киімдерің мұнтаздай таза. Қыздардың көйлегі, ұлдардың жейдесі қандай аппақ! Тіпті мақтадан да, қардан да аппақ дерсің.


- Мыналар неменеге жиналған - әй. Менің атымды атаған қайсысың?
Мұғалім:
- Сәлеметсің бе Мақтақыз! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Мақтақыз:
- Әліппемен қош - та - су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Әлгі мысығым қайда? Құйрығын қайтарып берейін деп едім.
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Арсен:
- Тиіспе, менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.
Мақтақыз:
- Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, мынаны сіріңкенің үш шырпысынан жасап қойыпт- ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай - ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Мақтақыз. Бұлар О, И әріптері. Дегенмен балалар Мақтақыздың сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.

ІІ - жүргізуші:
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Жұмбақтарын бастайық
І - жүргізуші: (Ата-аналармен ойын)
Ендеше ортаға әріптерді шақырайық. Қандай әріптер екенін ата-аналар тауып көрсін. Мақтақыз ойынға сен де қатыссаң екен.

(Мақтақыз микрофонды алып жұмбақты шешпек болып талпынады. Бірақ шеше алмай ата-аналардан көмек сұрайды)

О - әрпі.

Ол - кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.

Мақтақыз: Дөңгелек дей ма? Ол не екен?
2. М - әрпі

Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?

Мақтақыз: Мен білмейді екенмін. Нұртастың мамасы сіз айтыңызшы. Жұмбақты жасырған сіздің балаңыз ғой.
3. С – әрпі

Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?

Мақтақыз: О әрпі ма?

Балалар: Жоооқ
4. Ы - әрпі.

Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?

Мақтақыз: М м м м білмейді екенмін Назымның әжесі сіз айтыңызшы. Жасырып отырған сіздің немереңіз ғой.
5. Ж - әрпі

Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған?

Мақтақыз: Ай ма?

Балалар: Жооқ. Ата–налар сіздер айтыңыздаршы? Не ол?
6. І - әрпі.

Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?

Мақтақыз: Ірімшікті білемін енді. Бірақ, оның қандай әріптен басталатынын білмейді екенмін. (Ата-аналардан көмек сұрайды)
7. И - әрпі.

Үш шырпыдан қайсы әріп
Шығады екен құралып
Ал шырпыны төгіңдер
Құрастырып көріңдер.

Мақтақыз: Айтқандарың миыма кірер емес. Тағы да ата-аналардан сұрайын.
8. З - әрпі

Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.

Мақтақыз: 3-тен көре аласың дейді. Мен З тұрмақ 3-тің не екенін де білмеймін ғой?
9. Ө - әрпі.

Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.

Мақтақыз: Өрік, бөрік дей ма? Не болып кетті өзі біресе жеміске айналды, біресе бас киімге айналды? М м м білмейді екенмін. Ата–налар сіздер айтыңыздаршы? Не ол?

15 мин

Әзел: « » әні
Арсен: Қарашы Мақтақыз біздің балалардың білімі, ойыны, әні, биі саған ұнады ма?

Мақтақыз: Ия, өте ұнады. Рахмет сіздерге балалардың арқасында әріптерді танып алдым.

Назерке:

Балаларға кім үйретті деп сұрамайсың ба Мақтақыз?
Мақтақыз: Оларға кім үйретіпті? Мен олар өздері үйреніп алған шығар десем.

Камила: Бізге білім беретін мектеп, сауатымызды ашқан Әліппе. Бізге әріп танытып, сызуға, жазуға үйреткен ұстазымыз Мақпал мұғалім.

«Мұғалім мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекерге айтпаған.

ІІ - жүргізуші:

«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Хор « »

Әзел: Мақтақыз, біз ән салып, би билеп, тақпақ айтып, сүйікті Әліппемізді оқып қана қоймаймыз. Біздің саған әлі тосынсыйымыз көп. Бізбен бірге әлі талай нәрсені тамашалайсың.

Мақтақыз: А а а солай ма? Жарайды тамашаласам тамашалайын.

Хор: ағылшынша

(Осы кезде Гарри Поттер келеді. Балалармен ойын өткізеді)

Мақтақыз: Иәәәә, тосынсый деп осыны айт. Мен сендер тек қана ана тілінде ғана сөйлейді ма десем....Өздерің ағылшынша да ағып тұрсыңдар ғой.

Қой мен де сендердің қатарларыңа кіріп, ғылым мен білімнің сырын ұғайын.


ІІ - жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Рахмет саған «Әліппе».(хормен 2 рет)

І – жүргізуші: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән - шашуымыз сіздерге арналады.

Хор: «Жақсы көрем атамды»
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне, балаңыз!


Бүлдіршіндерге тілек тілеу үшін КВН командасы шығады.

Хор: «Рахмет саған-Әліппе!» 20 мин


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: "Қош-сүйікті Әліппе!" (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 593
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожабекова Макпал Бахитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожабекова Макпал Бахитовна
    Кожабекова Макпал Бахитовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4991
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 61 региона

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 48 регионов

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов