Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: "Отбасы жарастығы"

Сабақтың тақырыбы: "Отбасы жарастығы"

Скачать материал

« Өзін-өзі тану » сабағының  жоспары

Мектеп  №36 қазақ орта мектебі

Мерзiм   Сабақ №11

Мұғалiм  Дошниязова А. А

Сынып 5 «Б» Оқушылар саны 25  Тақырып:  Отбасы жарастығы

Құндылық  Сүйіспеншілік. Қасиеттер  мейірімділік, сыйластық, кешірімділік.

Мақсаты: Оқушыларға отбасы жарастығының  маңызын  ұғындыра отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының  мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларға отбасы жарастығы ұғымының мән-мағынасын  аша  отырып түсінік беру, сыйластыққа үйрету;

-оқушыларды  отбасылық қарым-қатынаста

 бір-біріне кешірімді болуға баулу;

-оқушыларды  кешірімділікке, мейірімділікке, сыйластыққа

тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар.

Р. А. Мұқажанова.,

Г. А. Омарова,

Р. Мұратханова .

-Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,

2015 ж.

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Р. А. Мұқажанова.,

Г. А . Омарова,

Р. Мұратханова.

-Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,

2015 ж.

 

Жалпыадамзаттық құндылықтар 

(5-11 сынып)

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.

Р. А. Мұқажанова.,

Г. А . Омарова,

Ж. Ж. Әкімбаева.,

С. Г. Хожамуратова

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т назар аударту (тәртіп, тазалық, талап, татулық, тыныштық).

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену».

(жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.)

 

      

      Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді оятып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарап барады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, аяқтарыңызға да  тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек жақсы, ізгі сөздерді  айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттайық: барлық адамдарға, олардың да жүрегі нұрға толсын. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Жайымен көзіңізді ашуға болады.

 

                            Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

 

2. Үй тапсырмасын тексеру

11 -  сабақтың, 40 бетіндегі   «Отбасы татулығы» аңызын түсініп оқып келу.

Мәтінге қойылатын  сұрақтар:

·        Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы  қызықтырды?

·        Ауыл ақсақалы патшаның сұрағына  қалай жауап берді?

·        Ауыл ақсақалы не себепті қасиеттерді жүз рет жазды?

·        Өз отбасыларыңның тыныштығын орнату үшін  отбасы мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

·        Өзіңнің отбасыңда қандай жақсы қасиеттер мен ережелер бар? Баяндап беріңдер.

·        Сен, өзің отбасыңда қандай жауапкершілікті алып жүрсің?

 

Ескерту

Оқушылардың күнделік, оқулық дәптер, бейджик, пеналын тексеру.

3. Дәйексөз.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

(Халық мақалы)

 

Дәйексөзді 2 рет бірге қайталап айтып, дәптерге жазу.           Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

 

 

4. Әңгiмелеу.

 

Сүйіспеншілік гүлі

(аңызы)

      Ертеде биік бір таудың үстінде алтын «қызғалдақ гүлі» өсіп тұрады екен. Сол керемет гүлдің ортасына «адам бақыты бар» деген сөз құлақтан құлаққа жетіп, тау басына адамдар бақыт іздеп ағылып келе бастайды, біреулер оны айламен, тағы біреулер күшпен, тіпті сиқырлықпен ашпақшы болып қанша әуреленсе де гүл күлтелерін ашу ешкімнің қолынан келмепті. Күндердің бір күнінде алтын қызғалдақ гүлді көрмекші болып қасына кішкентай баласын ерткен кедей әйел келеді. Байғұс әйел тек әдемі гүлді көргісі келгені сол, тамсанып тұрғанда  баласының  қолынан қалай  босап кеткенін байқамай қалды. Бала қызғалдақтың жанына жүгіріп барып сүйсіне, қуанғанынан шаттана сыңғырлап күліп жібереді. Сол кезде ғажайып құбылыс болады.

      Баланың қуанышты күлкісін естіген гүл өзінен-өзі ашыла бастайды. Сөйтіп, анасы мен баласы үлкен бақытқа кенеліпті.

Қойылатын сұрақтар:

·        Биік таудың басында қандай гүл өсіп тұрды? Адамдар оған неліктен қызықты?

·        Қызғалдақ гүлде не жазылған екен?

·        Құпия гүлдің сырын кім ашты?

·        Қалай ойлайсыңдар, неліктен қызғалдақ гүл барлық адамдарға  күлтесін ашпады?

·        Неліктен гүл күлтелері баланың қуанышты күлкісіне ашылды?

·        Адамның дұрыс ықыласы мен ниеті неліктен бәрінен биік деп ойлайсыңдар?  Ниеттің шынайылығы, тазалығы адамға  не береді?

·        Егер, сенде осындай ғажайыпқа тап болсаң, не тілер едің?

 

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

(Оқушылар тапсырманы жәй ырғақты  әуеннің негізінде орындайды)

1-топ. Жарасымды отбасына тән қасиеттер тізбегін құру. 

2-топ. Жарасымды  отбасы туралы сурет салдыру.

3-топ. «Бақытты  отбасы» туралы эссе.

 

 

6. Топпен ән айту. «Әкем әнім» әні

Сөзі О.Сүттібаев    Әні А.Сүлейменов

 

 

Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан қиялдан. 
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.

 

Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жарқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді.

 

Адалдық әркез көксеген, 
Үйрендім әке тек сеннен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз жетсе дем.

 

Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жарқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай, 
Сағындым әке иісіңді.

Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жарқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді.

 

7. Үй тапсырмасы. 12сабақ, 42 беттегі  Е. Өтетілеуұлының        «Мен қазақ баласымын» өлеңін  түсініп оқып келу.Дәптермен жұмыс №2

 

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді  жүрегімізге сақтап алайық. Сау болыңдар.

                             

 

 

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп  №36 қазақ орта мектебі   

Мұғалiм  Дошниязова А.А    

Сынып 5 «Б»   Оқушылар саны  25 

Тақырып  Отбасы жарастығы Сабақ: №12

Құндылық  Сүйіспеншілік. Қасиеттер  мейірімділік, сыйластық, кешірімділік.

Мақсаты: Оқушыларға отбасы жарастығының маңызын ұғындыра отырып, «Сүйіспеншілік » құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларға отбасы жарастығы ұғымының мән-мағынасын  аша  отырып түсінік беру, сыйластыққа үйрету;

-оқушыларды  отбасылық қарым-қатынаста  бір-біріне кешірімді болуға баулу;

-оқушыларды  кешірімділікке, мейірімділікке, сыйластыққа

тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

 

Мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар.

Р. А. Мұқажанова.,

Г. А. Омарова,

Р. Мұратханова .

-Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,

2015 ж.

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Р. А. Мұқажанова.,

Г. А . Омарова,

Р. Мұратханова.

-Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,

2015 ж.

 

Жалпыадамзаттық құндылықтар 

(5-11 сынып)

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.

Р. А. Мұқажанова.,

Г. А . Омарова,

Ж. Ж. Әкімбаева.,

С. Г. Хожамуратова

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т назар аударту (тәртіп,тазалық, талап, татулық, тыныштық).  Тыныштық сәтi  «Нұрға бөлену».

      Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күннің нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді оятып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарап барады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр  аяқтарыңызға да тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді  айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

    Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға, бағыттаңыз. Осы нұрды  бүкіл әлемге бағыттайық: барлық адамдарға, өсімдіктерге, жан-жануарларға, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз «Мен нұрлымын ....Нұр менің ішімде... Мен нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және        Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем калыпта сақтаңыз. Жайымен көзіңізді ашуға болады.

                        Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

2.Үй тапсырмасын тексеру.  12 сабақ, 42 беттегі

Е. Өтетілеуұлының  «Мен қазақ баласымын» өлеңін  түсініп оқып келу.

Мәтінге қойылатын  сұрақтар:

·        Өлеңде кімдер туралы айтылған?

·        «Бұтағы – бабасының» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?

·        Өздерің «Мен қазақ баласымын!» дегенде қандай  сезімде       

болдыңдар?

·        Елінің нағыз азаматы болу үшін біздің бойымызда қандай  

қасиеттер болуы керек?

·        Өлеңнен өзіңе қандай үлгі алуға болады?

·        Өз достарың мен сыныптастарыңның бойынан осы өлеңдегі айтылған қасиеттерді тауып, айтып беріңдер.

Ескерту

Оқушылардың күнделік, оқулық дәптер, бейджик, пеналын тексеру.

3.  Дәйексөз.

Отан отбасынан басталады.

                                                                          Халық даналығы.

2 рет ұл балаларға, 2 рет қыз балаларға қайталату. Барлығы қосылып айтып, дәптерге жазып алады.       

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

 

 

4. Әңгiмелеу. Жақсылық  ертегісі.

       Ертеде анасы мен баласы бақытты өмір сүріпті. Бір күні анасы қатты ауырып қалады. Емшілер анасын емдеу үшін

«жалбыз» шөбі керектігін айтады.

      Анасы баласына:

    - «Балам, бұл шөп алтын бұлақтың басында өседі», - дейді. Бала алтын бұлақты іздеуге шығады. Бала жолда келе жатып, жүгі аттан аударылып қалған қартқа кездесіп, көмектеседі. Қарт алғысын айтып, алтын бұлаққа жол сілтейді. Одан келе жатып бала қарт әжейге кездеседі. Бала әжейдің қолтығынан демеп атына мінуіне көмектеседі. Әже батасын беріп, алтын бұлақтың қайда екенін айтады. Бала қуанып, жүгіріп келе жатса:

    - Балақай, балақай көзімді ашып жіберші! – деген бұлақ дауысын естиді. Бала судағы тастарды тазалап бұлақтың көзін ашады. Бұлақ мөп-мөлдір таза ерке мінезбен сылдыр қағып, ағады. Бұлақ:

    - Балақай, рахмет саған! «Жақсылыққа - жақсылық» - деген, менен не қалайсың?- дейді еркелей. Бала бұлақ жағасынан «жалбыз» шөбін теріп алуды өтінеді. Шөпті қуанып теріп алады да, анасына әкеліп береді. Шөп анасының ауруына дауа болып, ауруынан жазылып, бақытты өмір сүрген екен.

                  

 Мәтінге қойылатын  сұрақтар:

 

·        Емшілер не үшін  «жалбыз» шөбін іздеді?

·        Бала жолдағы жолыққандарға қалай көмектесті?

·        Баланың ізгі қадамдары оны қандай қуанышқа кенелтті?

·        «Жақсылыққа – жақсылық» деген ойды  қалай 

түсінесіңдер?

·        Емдік шөп іздеген баланың бойынан қандай жақсы 

қасиеттерді байқадыңдар?

·        Сендер аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай

көрсетесіңдер?

·        Баланың дұрыс әрекеттерінен өзіңе қандай сабақ аласың?

·        Өзің өмірден осындай жақсы жағдайлар мен дұрыс әрекеттерді мысалға келтіре аласың ба?

 

 

5.     Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

 

1- топ. «Біз бақытты отбасымыз» шағын теле бағдарлама

            жүргізу.

2- топ. «Отбасы жарастығы» тақырыбына сурет салу.

 

3- топ. Отбасындағы ізгі қарым қатынасты  сахналау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   6. Топпен ән айту. Ана туралы жыр

         сөзі: Ғ. Қайырбеков  әні : Ш. Қалдаяқов

 

 

7. Үй тапсырмасы. 13 сабақ, 45 беттегі  М. Жұмабаевтың  

     «Сөз  және мағына» әңгімесін түсініп, оқып келу.

    Дәптермен жұмыс.

 

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге  сақтап алайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: №36 қазақ орта мектебі

Тақырып: Табиғат ғажаптары     №_29 сабақ

Құндылық: Қиянат жасамау  

Қасиеттер: қамқорлық, мейірімділік,жанашырлық.

Мұғалiм: Сынып:  5    

Оқушылар саны___20___

Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғат ғажаптары туралы түсінік бере отырып, қиянат  жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1.     Оқушыларға табиғат заңдылықтарын зерделеп,  қамқорлық жасау қасиетін   ұғындыру;

2.     Оқушылардың  қоршаған ортаға деген сезімін ояту арқылы жанашырлыққа  баулу.

3.     Оқушыларды табиғатты қорғауда қамқорлыққа жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1.     Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. «Бес Т» ережесі: тәртіп,тыныштық,талап, тазалық, татулық

2.     Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Орманға саяхат» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

Орманға саяхат

Арқамызды тік ұстап, түзу отырамыз. Көзімізді жұмып, терең тыныс аламыз. әрбір тыныс алған сайын өзімізді босаңсытып, қалғытып жайда болуға тырысамыз. Қазір сендермен орманға саяхатқа шығамыз. Міне, сынып бөлмесінен шығып, дәліс бойы мен сыртқы есікке тақадық. Сыртқа шыққанда таза ауаны шашынды үрлегендей, самал желді, бетінді қыздырған күнді сезгендей болдың. Енді орманға қарай беттедің. Ақырын байқа жәндіктерді басып кетпе, біраз тоқтап айналаға қара, табиғаттың әдемілігі мен тазалығын сез. Алдында кездескен гүлге енкейіп тақап,анықтап көр, қандай нәзік. Оның хош иісін иіске. Айналаға көз тастай отырып алға жүреміз. Гүлдерге, ағаштарға құстардың үніне назар аударып, жәндіктердің шырылына да құлақ түрелік. Орманға тереңдеп  кірген сайын, ағаштар да көбейіп, бейіктей береді. Көленке мен жапырақ сыбдырын тамашалаңыз. Орман да біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Міне орман алаңқайнада шықтық, біріз демалайық. Өзін, қасына барып отыру үшін бір ағашты тандап ал. Қасына барып оның дінің құшақта. Оның  мықтылығын, оның бойынан өмір энергиясын  сезін. Енді арқаңызды сол ағашқа сүйеніп отырыңыз. Көзінді жұмып терең дем алып, айнала, орман ішіндегі тыныштыққа назар аудар. (осы жерде біраз  мұғалім дем алады).Бізге  қалыпты тынышық, бақыттылықты сеземіз, табиғат қандай керемет, ғажап. Оны сүйе отырып, қамқорлық жасай отырып, тірі жанға титейдей қиянат жасамау қажет екен.  Есіне сақта бұл сенін ағашын қалаған уақытта келуге болады, енді мектепке қайтуға дайындал. Орнынан тұрып айнала тағы да көз таста. Енді бағанағы ізімен қайта кері жүр. Жәндіктепді басып кетпеуді абайла. Мектеп есігіне де жеттік. Тағы да артына бір бұрылып қарап, таза ауаны кере бір жұт. Сынып бөлмесіне орңымызға келіп, тыныштық, ләзатты өзімізге сақтап, көзімізді ашайық және күлімсірейік.

 

3.     Үй тапсырмасын тексеру.

 «Бала және інжугүл қоңыраулары»

                                          В.А.Сухомлинский (105 бет)

Көктем келді. Жерден жебе тәрізді екіге бөлінген көк жапырақша көрінді.Оның жапырақтары тез өсіп, көлемі үлкейе бастады. Ал олардың арасынан кішкентай өскін өсіп шықты.Өскін бой көтеріп,басын жапырақтың біреуіне қарай бұрылып, бір күні таңмен аппақ қоңырауларға толып, гүлдеді. Бұл інжугүл қоңыраулары болатын.

Бұл аппақ қоңырауларды кішкентай бала көріп,олардың әдемілігіне таңырқай қарады.Ол көзін гүлдердің қоңырауларынан ала алмай,ұзақ тұрып,оны жұлып алуға соза бастаған кезде гүл былай деп сыбырлады:

-Сен бізді не үшін жұлғың келеді?

-Сендер маған ұнайсыңдар.Сендер сондай әдемісіңдер, мен өте қызығып тұрмын,-деп жауап береді бала.

-Жарайды,-деп күрсінді інжугүл қоңыраулары.-Жұлып ал, бірақ жұлмастан бұрын біздің қандай әдемі екенімізді айтшы.

Бала інжугүл қоңырауларына қарап,олардың соншалықты кереметтілігене таңданды. Бала оларды аппақ бұлттарға, ақ көгершіннің қанаттарына, сонымен бірге таңқаларлық кереметке ұқсатты. Осының бәрін сезінген бала ештеңе айта алмай, үнсіз тұрып қалды.

-Өсіңдер інжугүл қоңыраулары,-деп сыбырлап жай ғана үн қатты. 

Сұрақтар:

1.     Балалар, інжугүл айналасын қалай қабылдады?

2.     Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?

3.     Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?

4.     Бала інжугүлді неліктен жұлмады?

5.     Табиғаттың әсемдігі балаға қалай әсер етті?

6.     Өзің табиғаттан қандай үлгі аласың?

Сабақ барысын талқылау:

5 құрал  бейджик,

күнделік, пенал, оқулық, дәптер,

4.     Дәйек сөз. 2 мин.

«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»

                                                    Халық нақылы

 Дәйек сөзді 2 рет бірге қайталап айтып, дәптерге жазу

-         Балалар,  нақыл сөзді қалай түсіндіңдер?

Балалардың жауабын тыңдаған соң өзім қорытындылаймын

 

5.     Әңгiмелеу .    

Бақытты болудың кілті

 

                                                                Мырзакелді Кемел                            

   Ешкімі жоқ  бір жетім қыз көңілсіз күндердің бірінде бір көбелекті көреді. Көбелек тікені бар гүлдің арасына кіріп, ұша алмай тұрады. Қыз көбелекті бар ынта мейірімімен тікенді гүлден құтқарып босатады? Көбелек ұшып кете алмай, әдемі бір перизатқа айналады да, «Сенің үлкен жүрегің мен мейірімің үшін бір тілегіңді орындайын,»-дейді.

Жетім қыз біраз ойланып «Бақытты болғым келеді»,-дейді. Перизат көбелек «Жарайды» деп, қыздың құлағына бір нәрсе сыбырлайды.

    Жылдар өтіп, қыз есейсе де, сірә одан артық бақытты адам жоқ сияқты болады. Бәрі де одан бақытты болудың құпиясын сұрайды. Ол болса жымия салып «Бар құпиям – кішкентай кезімде перизатты тыңдағаным»-деп жауап береді.

  Жасы ұлғайып қартайған кезде көршілері келіп «Перизаттың саған не дегенін айтшы, бақытты болудың кілті өзіңмен кетпесін», - деп жалбарына сұрайды. Көздері мейірім төккен кемпір күлімдеп: « Жас болсын, бай болсын, кімде-кім болса да бәрі де мейірімге мұқтаж, сен оларға керексің» -деген  еді деп жауап береді. 

·        Қыз көбелекке не үшін көмектесті?

·        Перизат көбелек қызға  қандай сый арнады ?

·        Қыз қалай есейді?

·        Қыз бақытты болудың құпиясы туралы  не деді?

·        Бақыттың кілті қайда екен?

·        Өзің бақытты қалай түсінесің?

 

«Ақыл қалта» кітабынан

6.      Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топтарға түстерге байланысты үш топқа бөлінеді.Әр топ «Бесжол» өлең тәсілімен өлең құрастырады.

Табиғат- зат есім

2 сын есім                                                   көркем,әсем

3 етістік                          гүлденеді, түрленеді, құлпырады.

Синоним                                                   Тіршілік

Қорытынды сөйлем-                       Риясыз қызмет атқарады

 

Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды.

 

 

7.     Топпен ән айту.

Ақ көгершін

Сөзі: А.Жұбановтікі

Әні: Н.Баймұхамедовтікі

 

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

 

Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

 

 

 

8.     Үй тапсырмасы. 2 мин.

 110 бет  «Суретші туралы ертегі» әңгімесін оқып келу.

Дәптермен жұмыс.

 

9.     Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

-         Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап қояйық. Рахмет!

 

 

 

 

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

 Мектеп №36 қазақ орта мектебі  № 5 Тақырып  Өз мүмкіндігімізді  таниық

 Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттер адалдық, мейірім, адамгершілік.       Класс 6   Оқушылар саны 20       Мерзiмі    

Сабақ мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай  дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:

-         Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;

-         Әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;

-         Өз мүмкіндіктерін бағалай және әске асыра білуге

тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

10. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

5-сабақта берілген Ш.Әміралиев пен Л.С.Рувинский мәтіндерін оқу, әңгімелеу..

·        Адамның мүмкіндігін білеміз бе?

·        Адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуына қандай қасиеттер ықпал етеді?

·        Адам мүмкіндіктерін ашудағы берік күштердің мәне неде?

 

Сабақ барысын талдау:

11. Дәйексөз.

   «Жақсы адамның сөзі де, ойы мен ісі де-ізгі».

(Лао-цзы)

                                            

  (оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)Дәйексөзді дәптерге жазу.

 

 

 

12. Әңгiмелеу

Екі дос және қария

Аңыз

Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.

Бір күні олар бірге отырып ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасынада олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырған да, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.

Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан ұсақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді. Ал Сауран болса, үнсіз орнынан тұрадыда су әкеліп береді.Осы әңгімеден соң көмекберу үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.

Тағы бірде достар төбе басында отырса, оларға қайыршы қария келеді де тамақ сұрайды.

-         Бөгет жасама, - дейді оған Арман, сен бар болғаны қайыршы қариясың, ал мен болсам, жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.

Ал оның досы болса, орнынан тұрып, киіз үйден нан әкеліп, оны қарияға берді. Қария Сауранға алғысын айтады да былай дейді:

-         Қалтасы тесік жан ғана қайыршы емес. Кімнің жан дүниесі бос болса сол қайыршы. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады.

Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қанғыбастың сөзін тыңдаушы ма еді? Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.

Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт кетіруге мұршасы болмады.Ол қарттар мен ауруларға көмтесті, әлсіздерді жұбатты.

 Уақыт өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың, саран болды. Ал екіншісі өзінің жастығына қарамастан ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдардың бірі болды. Қайырымды да ақылды жас жігіттің даңқы алысқа тарады. Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауды соның атымен атаған дейді, ал екіншісі туралы ешкімнің есіне алмағына көп уақыт өтті.

Сұрақтар:

-Неліктен адамдар екіншісі туралы естеріне алмадыдеп ойлайсыңдар?

-Екі достың әрекетіне дегшен көзқарастарың қандай?

 

 

13. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 Адамның бойындағы мүмкіндіктерді ашуға көмектесетін қаиеттерді атап, оны дамытудың жолдарын ұсынып өз ұсыныстарыңды жүйелеу.

 

14. Топпен ән айту.    

«Армансыз куным болмайды» 

1)Бақытты жанмын сонда да бірақ

    Көңілім кейде толмайды

    Алаңсыз күліп жүрген кезде де

    Армансыз күнім болмайды

           Аспанда күнде айналар түнге

           Арманым өлсе сол қайғы

           Бақытқа сенемін

           Армандай беремін

           Армансыз күнім болмайды

 

 2) Армандап ғұмыр кешемін күнде

     Бір үміт қалсын ішімде

     Арманмен бірге өсемін менде

     Адам болып қалу үшін де

           Аспанда күнде айналар түнге

           Арманым өлсе сол қайғы

           Бақытқа сенемін

           Армандай беремін

           Армансыз күнім болмайды

 

15. Үй тапсырмасы.

6-сабақта берілген Г.Потанин «Шоқан» естелігін  оқу және әңгімелеу .

Дәптермен жұмыс 4 – сабақтағы тапсырма орындау.

 

16. Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып,бүгінгі сабақта қандай құндылықтар көргеніміз жайлы жүрегіміздің түбіне сақтап қояйық. Сабаққа қатысқандарынызға көп рахмет. Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

     Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

     Мектеп: №36 қазақ орта мектебі

Мерзімі : Мұғалім: А.Дошниязова

Сынып: 6 «А»      Оқушылар саны: 20

Тақырып:  Бауырмалдылық және кеңпейілділік

Құндылық: Сүйіспеншілік.   Қасиеттер: мейірімділік, татулық, қамқорлық.       

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бауырмалдылық пен  кеңпейілділік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:                                      

1. Оқушыларға бауырмалдылық, кеңпейілділік ұғымдарының маңызын аша отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсіндіру.

 2. Оқушыларды бөлісе білу, өзгеге көмек көрсетуге баули отырып, қамқорлық қасиетін дамыту.

3. Оқушыларды мейірімділікке, татулыққа,  қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:  (құралдар, мәліметтер)

 

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың күнделік, оқулық, дәптер, пеналын тексеру. Оқушылармен бірге 5 «Т»ережесін еске түсіру.

Т-Тәртіп                                                                            

Т-Талап.

Т-Тазалық.

Т-Тыныштық.

Т-Татулық.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

   Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы ,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...

Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен нұрмын». Осындай  нұр, махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!     

  Балалар тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?

(Оқушылар алған әсерлерімен бөліседі.)

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасын оқып келу.43-бет.

Мазмұн бойынша сұрақтар:         

1. Басқарма халықты не үшін жинады?

2. Ахмет ата неліктен немістің баласын таңдады?

3. Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

4. Ахмет атаның сүйіспеншілікпен жасаған жақсылықтарын айтып беріңдер?

5. Сендерге жақындарың мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер? Әңгімелеп беріңдер

 

 

Дәйексөз.

   Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады.

                                                             Ш.Құдайбердіұлы

 

   Дәйексөзді  ұлдарға 1 рет, қыздарға 1 рет оқытып, мағынасын ашу.

Дәйексөздің мағынасы ашылған соң дәптерге жаздыру.

 

                                                        

 

 

Әңгімелеу.

                       Ағайынды екі қыз

                                                                                      Ертегі

 

 Ертеде бір әйелдің екі қызы болыпты. Бірде ол екі қызмен бірге орманға бүлдірген теруге барады. Үшеуі орманда ұзақ жүріп, себет толтыра бүлдірген жинайды.

   Қыздың бірі көк шөптің үстіне орамалын жайып, себетіндегі бүлдіргендерін жапырақтарынан тазаламақшы болып төге қояды. Сол сәтте жел соғып, қыздың орамалын ұшырып әкетеді.                                                                        – Ой, неткен қатыгез жел!-деп қыз долдана айғай салады.

   Мұны естіген анасы оған:                                  

 – Қызым, жел туралы олай ғайбат сөйлеме! Оның ашуы қатты, кімді болса да ұшырып кетеді.                                         –Тағы не айтасыз? Желден де қорқу керек пе?- деп күледі қыз шешесін келемеждей.

      Осы кезде жел қатты соғып, қызды ұшырып -әкетеді.

Анасы мен қыздың сіңлісі қорқып, не істерін білмей алаңқайда тұрып қалады. Әлгі қыздың сіңлісі әпкесін іздеп баруға ниет танытады                                                        – Қызым, енді ол алыста. Бірақ сенің қайсарлағың Желдің ашуын басып, әпкеңе үйге қайтуға мүмкіндік береді. Енді оны іздеп табу үшін жоқ дегенде үш жұп етік тоздыру керек,- деп мұңаяды анасы.

   Кішкентай қыз аяғына етігін киіп, қосымша екі жұп етікті түйіншегіне салып алады да, әпкесін іздеуге жолға шығады.

  Ол жел соққан  бағытта жүре береді. Жүре-жүре етігіне қараса, ол шоңқиып қалыпты. Қыз жыртылған етігін тастап, екіншісін киіп, әрі қарай жүре береді. Жүре-жүре терең өзенге тап болады. Өзен үстіндегі көпірден өтейін десе,жел аяғын сабалап оған кедергі келтіреді. Не істерін білмей абдырап тұрғанда Жел қызға тіл қатады.                                                                  – Жұмбағымның шешуін тапсаң өткіземін,-дейді.                – Айт, жасырған жұмбағың қандай? -деп сұрады қыз.         –Кіндігі бар, мұрны бар, өзі кішкентай және толық.

    Кішкентай қыз қанша ойланса да, жұмбақтың шешуін таба алмады. Ал өзен арнасындағы су қызға көмектескісі келіп, толқындарымен жағаны шылп-шылп еткізіп соғып жатты. Тыңдаса шәй-нек, шәй-нек ....деп тұрғандай ....

    Кішкентай қыз судың айтқанын түсіне қойды.

 – Шәйнек!- деп қыз айғайлап жіберді.

     Жел оны  көпірден өткізді де, қыз әрі қарай жүгіріп,кетеді. Ол жүгіре-жүгіре үлкен тауға жетеді.

 Аяғын ауыртқан соң етігіне қараса, тағы да шоңқиып жыртылып қалыпты, Ол үшінші жұп етігін киеді. Ал жел

болса, одан бетер қатты соғып, қызды тауға қарай беттетпей қояды.

  –Тамырсыз не өседі, шешуін тап, сонда ғана жіберемін, -дейді.                                                                                   Кішкентай қыз шешуін таба алмады. Сол кезде маңайдағы тастар оған ақырын ғана: «тас...тас...» деп сыбырлайды. Мұны құлағы шалған қыз қуанып кетіп:                                – Таптым, таптым. Ол – тас!-деп қуана айғай салады.

  Жел басылып, қыздың жолына кедергі жасағанын қояды. Қыз таудан аман-есен асып, оның арғы бетіндегі әпкесін тауып алады. Ал жел болса тағы да қызды әпкесіне жібермеуге тырысып бағады.                                                   – Мына жұмбақтың шешуін тапсаң жіберемін. Өзі шулайды, ысқырады және ұлиды. Ол не?

 – Ол сенсің, Жел!-дейді жұмбақты шешкеніне қуанған қыз секіріп.

Ұрланған қыз сіңлісінің тапқырлығы мен әпкесіне деген сүйіспеншілігінен жеңіліс тапқан Жел бірте-бірте баяулап, биік таудан, көк өзеннен асып кетіп қалыпты.

 Ал ағайынды екі қыз қол ұстасып, үйлеріне қайтыпты.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Екі қыз орманға не үшін барды?

2.Жел қызды неліктен ұшырып алып кетті?

3.Қыз әпкесіне жету үшін қандай кедергілерден өтті?

4. Сіңлісін жақсылық жасауда оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері әсер етті?

5.Сендердің отбасыларыңның татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған? Әңгімелеп беріңдер.

 

 

 

 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.(5-7 минут)

   Оқушыларды геометриялық пішіндер бойынша топтарға бөлу. Баяу әуен ойналады.

1-топ: « Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбына шағын қойылым көрсету.

2-топ: «Татулық табылмас бақыт» тақырыбына шағын  қойылым көрсету.

3-топ: «Қайырымды іс жаса» тақырыбына шағын қойылым көрсету.

 

 

 

 

 

Плакат,  маркерлер,

жұмыс дәптерлері

 

Топпен ән айту. Айгөлек

 

                                                Сөзі: Н.Баймұхамедовтікі 

                                                Әні:   Б.Байқадамовтікі

 

1.Көлдей щалқып жас өмір,

   Тасып жатқан шағымда.

   Кемерінен шалықтап,

   Асып жатқан шағында

   Ойын ойнап, ән салмай,

   Өсер бала болар ма?

   Күміс күлкі көрмей ол,

   Кемеліне толар ма?

 

       Қайырмасы:

    Айгөлек-ау, айгөлек,

    Айдың жүзі дөңгелек.

    Айдай толған кезімде,

    Би билеймін дөңгелеп

 

2.Ақыл сөздің ұстасы –

   Ақын болар ұрпақпыз.

   Өнер, білім, еңбекке

   Жақын болар ұрпақпыз.

   Он саусағы майысқан,

   Шебер болар ұрпақпыз.

   Тұла бойы толған бір

   Өнер болар ұрпақпыз.

 

        Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы.

1.№13-сабақ 47-бет Өсиет әңгіме «Алма ағашы» атты мәтінін оқып келу.

2.Дәптердегі 2-3 тапсырманы орындау.

 

Соңғы тыныштық сәті.

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап, өмірде қолдануға тырысыңыздар.

                        Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: "Отбасы жарастығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 891 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2016 981
    • DOCX 8.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дошниязова Акмарал Алдангаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10194
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 361 человек из 65 регионов