Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: « Отбасындағы тәрбие » Сабақтың мақсаты: Отбасы тәрбиесінің тұтас педагогикалық процес ретінде мәнін ашу, және толық мағлұмат беру. Сабақ әдісі: Лекция. Ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын әр халықтың басты міндеттерінің бір

Сабақтың тақырыбы: « Отбасындағы тәрбие » Сабақтың мақсаты: Отбасы тәрбиесінің тұтас педагогикалық процес ретінде мәнін ашу, және толық мағлұмат беру. Сабақ әдісі: Лекция. Ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын әр халықтың басты міндеттерінің бір

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: « Отбасындағы тәрбие »hello_html_mca52e53.jpg

Сабақтың мақсаты: Отбасы тәрбиесінің тұтас педагогикалық процес ретінде мәнін ашу, және толық мағлұмат беру.

Сабақ әдісі: Лекция.

Ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын әр халықтың басты міндеттерінің бірі болған және бола бермек. Ұлттық тәрбиемізді дамыту мақсатында, ұлы ойшылдар Әл-Фараби, Шоқан,Абай,Ыбырай халқымыздың білімімен тәрбиесіне аса зор мәне беріп, өнеге өсиет қалдырған. Мәселен, Әл-Фараби тәрбиелеу деген ұғымға халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктермен өнерлерді дарыту деп анықтама берген.

Отбасындағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші тарапынан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайдағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңідерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымыда, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Осыдан педагогтар нақтыда дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгешілік, еңбектік тәрбиесінің өніміде жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп өніп жатқан, ер жеткен адамда сондай. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М.Әеузов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзеледі. Қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;

  • салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;

  • отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері-азмат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;

  • отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан зор.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбиенің жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды атауға болады:

  1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.

  2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.

  3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай жұмыс орнында, жанұя – ауыртпалық.

  4. Көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі – зайыптылардың ажырасуы.

  5. Бала тәрбиесінде ер адамдар әйел көмекшісі деген пікірдің белең алуы.

  6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау- дамай.

  7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.

Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол болып келеді. Отбасындағы қатынастар түрлі сондықтан қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өсіруі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелділігі анықталады.

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адагершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау- отбасы міндеті.

Әрбір әке мен кез келген ана өз перзентіне болшақта қай сапа – қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиенің саналық сипаты мен тәрбиелік міндеттері парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.

Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата- аналардың өз баласының санасы мен әрекет қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:

  • Әр балаға болған ықпал тұлағның жекелеген нақты әрекет- қылығы мен ақыл-парасытына икемделуінен даралықты келеді;

  • Тәрбие әдістерін таңдау ата – аналрдың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануға, өз қадір-қасиеттеріне құндылықты бағыттарына, өз жанұясында орнатқан қармы-қатынасына т.б тәуелді.

Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналадың тұлғалық сән сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқытып, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулер өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулер дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып қолданады.

Жанұя - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы қадам. Ол балаға моральдық ықпалы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік саяси құндылықтар беріледі. Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарғанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Сол себепті бала тәрбиесін мектеппен ұштастыруға болады.

Қазіргі таңда мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлегерімі мен тәрбиесін жақсартуда үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.

Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде «ашық есік күндері» дәстүрге айналған бұл күні ата-аналар сабаққа қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын иегру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі.

Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптық оқыту - тәрбие процесінің әр түрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізу.

Осылайша мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатыныасы мұғалім қызметінің әрі қарай жандануына, бала тәрбиесінің жүйелі боуына септігін тигізеді.



«Шамалған станциясындағы қазақ

орта мектебі мектепке дейінгі шағын

орталықпен» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің педагог- психологы:

Кушкумбаева Перизат Абдыбаевна
















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров213
Номер материала ДВ-314633
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх