Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Оқу тәртібіне дағдыландыру. Сабақтың тақырыбы: Баланың бойында « Мен» бейнесін қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы: Оқу тәртібіне дағдыландыру. Сабақтың тақырыбы: Баланың бойында « Мен» бейнесін қалыптастыру.

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оқу тәртібіне дағдыландыру.

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша сөздік қорын молайту

(сынып,тақта,парта,орындық, т.б.)

Білімділігі: оқу құралдары туралы білімдерімізді жинақтап,

ойын түрлері ақылы бекіту.

Дамытушылығы: ойлау қабілетін дамыту, есте

сақтау қабілеттілігін дамыту.

Тәрбиелігі: мұғалімнің нұсқауын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ-жауап, сергіту ойындар.

Көрнекі-құралдар: оқу құралдар, суреттер, тақта, бор,ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер) арқылы.

Сәлемдесу ( балалар хормен)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызыға мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

II. Негізгі бөлім:

  1. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

« Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

  1. « Жұдырық тақтай алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйып, одан соң тігіне ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре тез орындау.

III. Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда сыныптағы тәртіп, талап туралы айтамыз. Біздің сыныбымызда қандай жихаздар бар?

  • Парта, орындықтар, тақтат.б.

  • Дұрыс, жарайсыңдар, балалар.

Сыныптағы тақтамыз жазуға және есеп шығаруға ыңғайластырылған. Парталарымыз да қолайлы.Орындықтарды қозғалтуға болады.

Сынып тақтасы.

Қарапайым сынып тақталары қара жасыл немесе қызыл қоңыр болып келеді, бормен ластанған сол тақталарды сулы шүберектермен сүртіп тазартамыз.

hello_html_m415a3089.png

Сынып партасы.

Бастапқыда парталардың ойлап табылуының негізгі мақсаты – оқушыларды бір-бірінен бөлек отырғызу еді. Өйткені, ең алғашқы сабақтарда оқушылар жерге отырып оқып немесе жерге жатып жазатын болатын. Бұл сүйек-бітімі бекімеген оқушыға ыңғайсыз, денсаулығына қауіпсіздігімен ерекшеленген. Атап айтсақ, балада миопия (алысты айқын көру төмендігі), сколиоз (омыртқа жотасының қисаюы), плоскост (жалпақтабандылық), остеохондроз ауруларының пайда болу-болмауы партаға да қатысты.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар.

1. Саусақтың бірінші жаттығуы. Алақаныңды үстелдің үстіне қой. Әр саусағыңды кезекпен көтер, түсір.

2. Саусақтың екінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, алақанды бір-біріне қарсы көтеріп, қолдарыңды солға қой. Саусақты кезекпен бүк, жаз.

3. Саусақтың үшінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, қолдарыңды үстелге қой. Саусақтарыңды алақаныңа баяу «сырғанатып» төмен жылжыт, дәл осылай саусақтарыңды жоғары жылжыт. (алақанды жаз).

IV. Сергіту сәті.

Бала,бала,балақай,

Кәне, қайсы алақан.

Алақандар айбат,

Былай-былай ойнат.

«Паравоз» ойын.

Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.

Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,

Кәне, кәне, сұрайық.

Кімнің болса бойы ұзын

Паравозы пойыздың

Кімнің, апай, бойы ұзын

Паравозы ол пойыздың?!

Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала

паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның

артынан ұстап тұра бастайды.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да!

Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік

Жүрісті біз гулетіп

Жүрісті біз гулетіп

Гу - гу, гу - гу, гуілдеп

Қалып қойма біріңде

Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз үдеттік.


V. Бекіту.

Жұмбақтар шешу: Ілулі тұр кең алаң,

Төрт қырлы, өзі аппақ, Керегімді мен одан

Тақтадағы ізі аппақ. Жазып алам көшіріп

(Бор) Сүртем сосын өшіріп.

( Тақта)

Үстінде есігі,

Өзі орындық, әрі үстел,

Оқушылар бесігі.

(Парта)

VI. Қорытынды.

Біздің сыныбымызда парта, тақта,орындықтар бар екенін, тақтаға бормен жазу үшін керек екенін білдік, жұмбақтар шештік, ойын ойнадық.

VII. Бағалау.

Балаларды мадақтау.














Сабақтың тақырыбы: Баланың бойында « Мен» бейнесін қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты: Баланың өзі жайлы мәлімет бере алуын

қалыптастыру.

Білімділігі: осы тақырыпқа байланысты мысалдар мен

тапсырмалар арқылы меңгерту.

Дамытушылығы: ойлау қабілетін дамыту, есте

сақтау қабілеттілігін дамыту.

Тәрбиелігі: мұғалімнің нұсқауын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап,

дидактикалық ойын ,жаттығу, сергіту.

Көрнекі-құралдар: балалардың фотосуреттері, суреттер, тақта, бор,

ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу ( балалар хормен)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызыға мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

Жүректен-жүрекке ( бәріміз шеңбер құрып айтамыз)

Жігер деген- Мен Жастық деген-Мен

Күш деген- Мен Денсаулық деген

Махаббат деген-Мен Ақылдылық деген-Мен

Кешірім деген-Мен Жарқындық деген-Мен

Құдырет деген-Мен Бар ғажайып деген-Мен

Бәрі маған байланысты

Бәрі менің қолымда

II. Негізгі бөлім:

  1. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

« Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

  1. « Жұдырық тақтай алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйып, одан соң тігіне ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре тез орындау.

III. Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда ата-тегімізді, неше жаста екенімізді, қандай бала екенімізді айтуды үйренеміз.

  • Біздің сыныбымызда неше бала бар екен

  • Жеті бала

  • Дұрыс, жарайсыңдар, балалар.

  • Әр баланың өзінің аты-жөні бар, әрқайсысымыздың әртүрлі мінез-құлықтарымыз бар екен,дұрыс па балалар.Сабақ барысында балаларға кезек-кезек сұрақ қоя отырып, жауап аламын.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар.

1. Саусақтың бірінші жаттығуы. Алақаныңды үстелдің үстіне қой. Әр саусағыңды кезекпен көтер, түсір.

2. Саусақтың екінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, алақанды бір-біріне қарсы көтеріп, қолдарыңды солға қой. Саусақты кезекпен бүк, жаз.

3. Саусақтың үшінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, қолдарыңды үстелге қой. Саусақтарыңды алақаныңа баяу «сырғанатып» төмен жылжыт, дәл осылай саусақтарыңды жоғары жылжыт. (алақанды жаз).

IV. Сергіту сәті.

Бала,бала,балақай,

Кәне, қайсы алақан.

Алақандар айбат,

Былай-былай ойнат.

Санамақ. Бас бармағым-атам-үй данасы

Балаң үйрек-әжем-ошақ анасы.

Ортан терек-әкем-отау панасы.

Шылдыр шүмек-анам-шаңырақ ажары.

Титтей бөбек-мен-бәрінің базары.

V. Бекіту.

V. Бекіту.

« Жұдырық тақтай алақан» ойыны.

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйып, одан соң тігіне ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре тез орындау.

VI. Қорытынды.

Балалар сұрақ-жауап арқылы өздерінің аты-жөнін айтуға тырысады.

VII. Бағалау.

Балаларды мадақтау.

Автор
Дата добавления 28.10.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров10
Номер материала ДБ-297308
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх