Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнектер

Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнектер


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ою-өрнектер және оларды жапсырмалау

Мақсаты:

1.Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және оларды

жапсырмалау.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге

тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: проблемалық сұрақтар, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, СТО

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: слайд, бүктеме, дайын бұйымдар, нұсқау карта


1.Ұйымдастыру

«Амандасу» тренингі

Оқушылар шеңбер құрып бір-бірімен басқа ұлт тілдерінде амандасады.

-Сәлеметсіздер ме?

-Здравствуйте!

-Хеллоу!

-Лабдиэн!(латыш)

-Хай!(венгерский)

-Бонжюр!(француз)

-Гутен таг!(немец)

-Коннитива!(жапонша)

-Шалом!(иврит)

-Добрэ рано!(шешен)

-Дзень добры!(Польша)

-Гу морон!(шведше)

- Қыздар, көңіл-күйлерің жақсы ма?

- Керемет! (оң қолдарын көтереді)

- Сабаққа дайындықтарың қалай?

- Ғажап! (сол қолдарын көтереді)

- Сабаққа белсене қатысамыз ба?

- Тамаша! (қолдарын шапалақтайды)

2. Қызығушылығын ояту

-Балалар, біз өткен сабақтарда ою-өрнектер туралы жалпы мағлұматтар алдық, яғни ою түрлерімен және оларды қиып алу жолдарымен таныстық. Алдымен өткен сабақты еске түсіру үшін «Брейн-ринг» ойыны арқылы мына тұрған төрт түрлі: қызыл, жасыл, сары түсті карточкалардағы сұрақтарға жауап беріп, ішіндегі оюларға байланысты топқа бөлінеміз.

Қызық карточка: 1-топ «Қазақ ауылы»

  • - Ою дегеніміз не?

  • - Жануар тектес ою-өрнектердің түрлері.

  • - Ою-өрнекті қандай тұрмыстық бұйымдарда қолданады?

Жасыл карточка 2-топ «Ұйғыр ауылы»

- Өрнек дегеніміз не?

  • Ою-өрнектің неше түрі бар?

  • Қошқармүйіз оюын қиып көрсет.

Сары карточка 3-топ «Орыс ауылы»

  • Атақты суретші Әбілхан Қастеев «Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?» деген сауалға не деп жауап берген?

  • Ою-өрнектерді қолданатын заттарға байланысты жұмбақтарды шешу

Атқа арта салдым,

Ішіне толтырып ас салдым

(қоржын)

Іші сырма тігіс

Сырты өрнек тігіс.

(шапан)

Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды

(сандық)

-Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

Бағалау парағын беру

Қазақтың «ою» және «өрнек» деген қос сөзі латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. «Орнамент» көп елдің тіліне сіңген халықаралық термин, сәндеу, әсемдеу деген мағынаны білдіреді.

Ою- қазақтың көркемдік эстетикалық ой толғауымен қажетінен туындаған, белгілі бір мәнге, формаға ие, әшекейлеу өнері.

«Өрнек» дегеніміз-зат, бұйымдардың шетін әшекейлеуге арналған қарапайым бір бейненің ұзақ жалғасып қайталанған түрі.


Ою-өрнек 4 топқа бөлінеді

Жануарларға байланысты

Өсімдіктерге байланысты

Аспан әлеміне, жер-суға байланысты

Геометриялық ою-өрнек

Қошқармүйіз

Сынықмүйіз

Қазмойын

Түйетабан

Атбас

Құсқанат

Өркеш

Өрмекші

Қосмүйіз

Ағаш

Жапырақ

Үш жапырақ

Гүл

Жауқазын

Өткізбе

Шиыршық



Шеңбер

Шимай

Бітпес

Жұлдыз

Шұғыла

Ирек

Айшық



Балдақ

Шынжыра

Қармақ

Төртқұлақ

Тұмарша

Сүйір

Ирек

Төртүшкіл





Топтау стратегиясы


үй жиһазы

hello_html_m434bb728.gif

зергерлік бұйымдар ҚР туына

hello_html_m1115cdec.gifhello_html_3c8ca697.gif

кhello_html_m2dd70030.gifhello_html_m9ab1fb8.gifиім-кешекте

hello_html_53152efe.gifмузыкалы аспаптар

Ою-өрнек


ыhello_html_1b5090ac.gifдыс-аяқта

hello_html_4583dc95.gifhello_html_7e733608.gifкесенеде

hello_html_m9417d4a.gif


теңгеде ат әбзелдері


Тақтаға 4 топқа бөлінген ою-өрнек аттары көрсетілген қағаз ілінеді.

(Оқушылар күнделікті өмірде көріп жүрген ою-өрнектерін атайды. Кластер құрады.Кластерге оқушылардың атаған өрнек түрлері, олардың қолдануы туралы толтырылады)

1.Әрбір сұраққа дұрыс жауап берсеңдер.

2.Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер.

3.Сарамандық жұмысты жақсы орындасаңдар.

4.Ою-өрнек жайында өлеңдер оқып мақал-мәтел, жұмбақтар шешсеңдер әрбір ою бөліктері алынып отырады. Төрт бөліктері түгел алынса қағаз астынан керемет нәрсе шығады. (ЕХРО- 2017)

5.Жаңа сабақ «Ою-өрнектер және оларды жапсырмалау»

Қазақ қолөнерінің ішіндегі халық арасында ертеден дамып, күні бүгінге дейін әрбір ұлттық бұйымның ажарын, ұлттық бейнесін ашып көрсетуде ою-өрнектің орны ерекше. Ою-өрнек сәндік-қолданбалы өнердің негізгі бір түрі болып табылады. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін екіге бөліп, біріншісіне қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары жатады. Екіншісіне басқа халықтардан ауысып ұштасқан ою-өрнектер жатады. Ою-өрнектер терең ойға, мағынаға толы. Әр оюдың терең сыры бар. Мысалы, «қолтық ою», «қолтықша»- қош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, бүйір таяна отырыңыз, дем алыңыз деген мағынаны білдіреді. «Құсқанаты»-еркіндікті білдіреді, «Толқын», «ирек» оюлары-судың белгісі, адамның өмірін, өмір жолын меңзейді.

Әр ою-өрнек түстерінің өз символдық мәні бар.

Мысалы:

Ақ түс-адалдықтың, тазалықтың белгісі.

Сары түс- байлықтың, молшылықтың белгісі.

Жасыл- жастық, көктемді бейнелейді.

Көк- мәңгіліктің, аспанның символы.

Қызыл- қуаныш, жеңіс, шаттықтың белгісі.

Қара түс- жерді, берекені, кейде қараңғылықты, түнекті білдіреді.

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» деп айтқанындай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығынан ою-өрнектің небір ғажайып үлгілерін көруге болады. Әрбір ою-өрнектердің өзіндік сырлары, тарихы, мағыналары бар.

«Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?»- деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:


«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен

Ешкінің мүйізінен»- деп жауап беріпті.


Дүние жүзін жаулап алған Александр Македонский қазақтың текеметі туралы былай деген екен: «Қай үйге кірсемде жердегі киіздің бетінен оюдың бір жаңа түрін көремін. Сөйтсем, қазақтың киіз кітабының үстінде дем алып отырған екенмін. Қазқ халқының адамгершілігін күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен» деп айтқан аңыз бар.


Оюдың адам баласына тигізер әсері мол. Адам ойын бір жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, қайғыны басуға ықпал етеді. Бұл туралы Зейнеп Ахметова апайларың Бауыржан Момышұлы аталарың туралы жазған естеліктерінде көптеген мысалдар келтірген. Атамыз шығармашылық жұмыс үмтінде, жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде қолына жедел қайшы мен қағаз алып, түрлі ою ояды екен.



Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам.

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай сарамандық жұмысқа көшеміз. Бүгінгі сабақта ою-өрнекті жапсырмалап үйренеміз. Ол үшін оюды қалай ою керектігін білуіміз керек. Әр топқа жеке тапсырма беріп, үлгідегі ою-өрнектерді бұйымға салып безендіру. Нұсқау картамен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін қайталау.


7.Сарамандық жұмыс

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топ- (қазақтың камзолын сәндеу)

2-топ- (орыстың сарафанын сәндеу)

3-топ- (ұйғырдың шапанын сәндеу)


8.Сергіту сәті «Қызыл өрік» әнімен билеу

Сөзжұмбақ шешу

  1. Іс тіккенде саусаққа киеді. (оймақ)

  2. Қайшымен...(қию)

  3. Иненің...(көзі)

  4. Сырып жасалған төсеніш. (Сырмақ)

  5. Тігу құралы. (Ине)

  6. Қол тігістің бір түрі (Көктеу)

  7. Сәнді тоқыма жиһазы. (Кілем)


9.Поэзия минуты (ою-өрнек жайында оқушылар өлең оқиды)

10.Ой сергек. (ою-өрнек жайында мақал-мәтелдер, жұмбақтар)

Өз үйінде ою оймаған,

Кісі үйінде сызу да сызбайды.


Ою ойғанның ойы ұшқыр.


Оюы көптің ермегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.


Өнерсізден құт қашады.


Өзіңде барға мас болма,

Өнері барға қас болма.

11.Сабақты қорытындылау.

Қағаздағы 4 ою-өрнектерді түгел алынып, ЕХРО- 2017 Халықаралық көрмесі жайында мағлұмат беріледі. «Мал жұтаса да, өнер жұтамайды» дейді халық даналығы. Ою ойып үйрену өз алдына үлкен өнер. «Өнерді үйрен де жирен» деген, қолдарың босаған сәтте ою ойып жаттықсаңдар, ойлау қабілеттерің жетіліп, қиял мен елестету қабілеттерің шыңдалады. Бабалардан қалған өнердің бір түрі- ою-өрнек. Оларды жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз. Яғни, Б.Момышұлы айтқандай: «Ою-өрнек, құрақ құрау- қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі».


12.Рефлексия. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» атты рефлексия жазады.

Бүгінгі сабақтағы менің көңіл күйім. Смайликтер көрсетеді.

13.Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан топқа жолдаманы беру.Жасаған жұмыстарын

ЭКСПО-2017 көрмесіне қою.


14.Жапсырмалау арқылы өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасау











Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров404
Номер материала ДВ-406967
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх