Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Технология / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру.

библиотека
материалов

Астана қаласы

8 орта мектеп

Технология пәнінің мұғалімі:

Дагис Жанарбек


САБАҚ ЖОСПАРЫ



1- сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру.

Сілтеме:

Оқулық 6 сынып технология, құрал жабдықтар жинағы.

Сабақтың мақсаты:

ою-өрнек туралы түсінік қалыптастыра отырып,қиып бөлшекке жапсыра алу.

Күтілетін нәтиже:

Ою түрлерін танып біліп, өз бетінше ою қиа алады. Еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал. Өзін-өзі бағалауға және адалдыққа тәрбиеленеді.

Сабақ міндеттері:

ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекі, техникалық құралдар:

слайдтар: «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті», «Б.Момышұлының сөзі».


Тақырыпты ашу.

Жұптық жұмыс.

Қосымша.

Сергіту сәті:

«Мақал мәтелдер» ойыны.

Топтық жұмыс.

Оқушыға арналған тапсырмалар:

1-топ Ою түрлері

2-топ Ою өрнектің шығу тарихы

3-топ Оюдың қолданылу аясы

Мақалдың жалғасын табу


Оюдың түрлерін атап айтады

Ою өрнектің шығу тарихын

Ағашты сүргілеу тісілдерін айтады және көрсетеді

Тақырыпқа байланысты сөзжұмдақ шешеді



Сабақ жүрісі:

І.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап.


ІІ. Үш топқа бөлу («Сүргінің бөлшектері» атты тақырыпта, яғни қолдарына түскен қағаздағы сүргі түрлері бойынша топтасып отыра қояды: сүргі бөлшектері: 1.Тұтқа 2.Тұғырық 3. Сына

ІІІ. Әр топ белгілі бөлшектер түрлеріне қысқаша сипаттама бере отырып түсініп бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады

ІV.Топтық жұмыс. Оқушылар сөзжұмбақ шешеді

V.Сергіту сәті.

VІ. 1.Топ: Cүргілеу аспаптарының түрлерін атап,қауіпсіздік ережесін сақтай отыра жұмыс жасайды

2.Топ: Сүргі бөлшектерін қалай дұрыс орналастыру керек екендігін көрсетеді


3.Топ: Ағашты сүргілеу тісілдерін тәжірибеде көрсетеді


Бағалау. (формативті бағалау)


Үйге тапсырма.


Рефлексия.



II Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).

1.Дайындаманы кесу, есептеу үшін қандай пәнді қолдандық ?

2.Камотекстің бетіне өлшем сызығын түсіру үшін қандай пәнді қолдандық ?

3.Дайындаманы 20х20 см. есептеп, сызып, кесіп алғанда қандай фигураларды көруге болады?

4.Камотексті төрт бұрыштап кесіп алған бетіне, центрлік нүктені табу үшін, қандай сызықтар жүргізу керек ?


hello_html_m291909a4.gif

  1. Өнерлінің ________________ алтын,

Өлеңшінің _________________ алтын.

  1. Білекті бірді жығар

Бhello_html_51b9c79e.gifілімді жығар.

hello_html_1e6b923a.gif3. Ойсыздан шықпайды

hello_html_m5749e683.gif4. Туа білмейді

5. Көп жасаған білмейді

_______________________ біледі.

6. Өрнегі көптің _________________

III Жаңа сабақ.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә. Қастеев.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

«Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.

Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым. Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою - өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін үш бағыттағы топқа ажыратқан.

hello_html_5693aec7.gif

Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:


  1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.


hello_html_m17e892af.jpghello_html_m72d88fa0.jpghello_html_6652b564.jpg


Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.


hello_html_m208b422f.jpghello_html_m4edcee59.jpghello_html_m3e2e1aee.jpg


Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.



hello_html_212e06d1.jpghello_html_7c30c4c8.jpghello_html_1c9930a3.jpg




Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.



hello_html_m1c19efcd.jpghello_html_m638834ba.jpghello_html_m4b60a8d1.jpg


Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.



hello_html_m2d387404.jpghello_html_m1344bf76.jpghello_html_4787d0be.jpghello_html_m2feff15f.jpg


Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.





2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.


hello_html_m3dd2e63a.jpghello_html_250aa343.jpghello_html_m738f3f60.jpghello_html_2f6c241c.jpg


Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.



hello_html_153d117e.jpg hello_html_1227c083.jpghello_html_m60b080c7.jpghello_html_m7b2de6de.jpg

Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан

гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай

дорбаға, аяққаптарға істетіледі.


hello_html_69708a9d.jpghello_html_m325414b.jpghello_html_m53334787.jpghello_html_m62f7d5d4.jpg




3. Космогониялық ою - өрнектер.


hello_html_eed85cc.jpghello_html_m8f1c27c.jpg


Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.


hello_html_m41750b84.jpghello_html_m77ac90b7.jpghello_html_m12d37607.jpghello_html_6e0cd75d.jpg




4. Геометриялық ою - өрнектер.


hello_html_m7fc5fb6f.jpg

hello_html_m3d3181e2.jpghello_html_m756b3068.jpg

Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.



hello_html_m42d79807.jpghello_html_18723c5e.jpghello_html_m4af75ccf.jpg


Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.


hello_html_m88f8c58.jpghello_html_m57950abf.jpg


Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.



Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.


IV Сергіту сәті.

Мақал – мәтелдер жарысы.


Мысалы:

Еңбек түбі – береке,

Көптің ісі мереке.


Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


V Сарамандық жұмыс.

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

Тhello_html_4fc8a292.jpghello_html_m5ae0e549.jpghello_html_m76c9f13c.jpgөртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.

Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.Камотекстің бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.


hello_html_m29dff79e.jpg

hello_html_m19590316.jpghello_html_m336c0e3b.jpg





VI Қорытынды.


  1. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.

  2. Жасалған бұымның нәтижесіне қарай бағалау.


VII Үйге тапсырма.

Қазақ халқының ою - өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру.


Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров174
Номер материала ДБ-057840
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх