Инфоурок Физика КонспектыСабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №7 (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №7 (7 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №7

Сапалық және мәтінді есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қысым тақырыбын түсінгендігі және тақырып бойынша білімдерін есеп шығару да қалай қолданылатынын тексеру

Білімділік: оқушыларды Паскаль заңы тақырыптарын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, олардың қасиеттерін саналарына бекіту.

Дамытушылық: іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ..

Сабақтың әдісі: Көрнекіліктерді қолдана отырып, әңгіме түрінде түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі-2мин

ІІ. Өткен тақырыпқа шолу - 5 мин

     А) Суреттерге түсініктеме беріңдер

   Қызықты мәлімет - 20 мин

Біз өткен тақырыпта гидравликалық машинадағы сұйыққа сыртқы күштер әрекет еткен кездегі қысымның берілуін қарастырғанбыз. Алайда сұйықтың өз ішінде де қысым болады:сұйық ауырлық күшінің ықпалында болады да, сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғарғы қабаттарының салмағы әрекет етеді.

106-суретті түсіндіру.

Қорытынды: сұйық қабаты неғұрлым төмен (терең) орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады.

Оны тәжірибе жасап та тексерейік. Манометрмен тәжірибені көрсету, сонда байқайтынымыз: құралды суы бар ыдысқа неғұрлым терең батырған сайын оған қысым көбірек түседі. Бұл сұйық ішіндегі қысымның тереңдік артқан сайын ұлғаятынын дәлелдейді. Егер судың орнына басқа кез келген сұйықты алсақ та нәтиже дәл осындай болады.

Ал газдарға келетін болсақ, бұл жағынан алғанда, олардың сұйықтардан өзгешелігі жоқ.  Бірақ газдың тығыздығы сұйықтың тығыздығынан жүздеген есе кем, сондықтан ыдыстағы газдың салмағы өте аз. Сол  себепті оның салмақтық қысымын көп жағдайда елемеуге болады.

 Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет.

Тереңдік өскен сайын қысым ұлғаяды, ал теңіздер мен мұхит түбінде ең жоғарғы мәнге жетеді. Мысалы, 10 км тереңдіктегі судың қысымы 100 миллион паскальға жетеді.

Осындай тереңдіктегі орасан зор қысымға қарамастан, ол жерлерде де кейбір әр түрлі инетерілі, рак тәріздес, моллюскалар, құрттар және терең суда болатын балықтар өмір сүреді. Бұл жануарлардың организмі үлкен қысымда өмір сүруге бейімделген, олардың ішкі қысымы да жоғары болады.

Бұл тереңдіктерге күн сәулесі түспейді (ол 180 м тереңдікте сөнеді), сондықтан онда мәңгі қаратүнек. Тереңдегі жануарлардың кейбірі соқыр, ал кейбірінің көзі өте жетілген, кейбір терең судағы жануарлардың өздері жарық шығарады.

Адам су асты дүниесін ерте заманнан игере бастады. Тәжірибелі жақсы дайындалған сүнгігіштер (меруерт аулағыштар, теңіз омыртқасыз жандарын жинағыштар), дем алуды 1—2 мин. тоқтатып еш құралсыз 20–30 м (кейде одан да артық) тереңге жетеді.

Адам үлкен тереңдіктерге арнайы киімсіз түсе алмайды. Бұған ауаның жоқтығымен қатар, адамның қабырғаларын қатты майыстырып, кейде сындырып жіберетін гидростатикалық қысым кедергі келтіреді.

Су астында болу уақытын ұлғайту үшін, бастапқыда қамыстан жасалған дем алатын түтіктер, ауа толтырылған тері қаптар пайдаланылды.

Айта кету керек, су бетіне шығып тұратын түтік арқылы, тек 1,5 м тереңдікте ғана дем алуға болады.

Үлкен тереңдікте кеудені сығатын, судың қысымы мен оның ішіндегі қысымның айырымының өсетіні сонша, адамның дем алғанда өзінің кеудесінің көлемін ұлғайтып, оны таза ауамен толтыруға күші жетпейді.

1,5 м тереңдіктен жоғарыда сол тереңдіктегі су қысымына тең қысымға дейін сығылған ауамен ғана дем алуға болады.

1943 ж. Ж. Кусто мен Э. Ганьян адамның су астында дем алуға арналған сығылған ауасы бар арнайы аппарат аквалангты ойлап шығарған (1-сурет).         

Осы аквалангтың арқасында су астында жүзу қызықты кең тараған спорт түріне айналды

Акваланг су астында (шамамен 40 м тереңдікте) бірнеше минуттан бір сағаттан астам (саяз суларда) уақыт ішінде жүруге мүмкіндік береді. Аквалангпен 40 м-ден астам тереңге түсуге болмайды, себебі, үлкен қысымға дейін сығылған ауамен дем алу азоттық наркозға әкеледі.              Әр түрлі тереңдіктердегі су асты жұмыстары үшін арнайы сүңгитін скафандрлар пайдаланылады. Егер скафандр жұмсақ болса (резиналы), бірнеше ондаған метр тереңдікке ғана бата алады. Үлкен тереңдіктерде адам тек қатты (панцир) скафандрде жұмыс істей алады (2-сурет). Соңғы жағдайда бату тереңдігі 300 м-ге жетеді.

Теңіздер мен мұхиттардың үлкен тереңдіктерін зерттеуге батисферлер мен батискафтар (3-сурет) қолданылады.

Батисферді су бетіндегі кемеден троспен түсіреді. Бірінші рет оны 1892 ж. итальяндық Бальзамелло пайдаланған.

Ол кезде оның бату тереңдігі 165 м болса, кейін 1 км-ден асты.

Батискаф кемемен трос арқылы байланыспаған, ол — автоматты басқарылатын (өзі жүретін) аппарат (4-сурет). 1-ші батискафты швейцар ғалымы О. Пиккар 1948 ж. ойлап тауып, оны құрастырып және тексерген. 1960 ж. қаңтарда ғалымның баласы Ж. Пиккар Д. Уолшпен бірге батискафпен Тынық мұхитындағы Мариан науасының түбіне жеткен. Оның максималь тереңдігі (1957 жылы совет зерттеуші «Витязь» кемесімен анықталған) 11 022 м.

Енді сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымды есептеуді қарастырайық.

Слайд арқылы.     p=rgh

Алынған формуладан ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтыны, тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына байланысты болатыны шығады.

Судың бірдей мөлшері әр түрлі ыдыстардың түбіне әртүрлі қысым түсіре алады. Бұл қысым сұйық бағанасының биіктігіне тәуелді болғандықтан, жіңішке ыдыстарда кең ыдыстарға қарағанда қысым көп болады. Осыдан, судың аз мөлшерімен өте үлкен қысым түсіруге болады. 1648 жылы бұны Б. Паскаль бұлтартпай дәлелдеді. Ол сумен толтырылған бөшкеге жіңішке түтік орнатып, оған үйдің екінші этажының балконынан  бір кружка су құяды. Су үлкен биіктікке көтеріліп, бөшкедегі қысым артқаны сонша, оның құрсаулары үзіліп кеткен.

Біздің алған нәтижелер, тек сұйық емес газға да орындалады. Оның қабаттары да бір-біріне қысым түсіреді.

ІІІ. Есеп шығару: Өлшем бірліктерді түрлендіру

1кПа= 103Па                       1Н/см2 =1Н/10-4м2

1МПа= 106Па                      10кН/м2 =104Н/м2

1мПа= 10-3Па                       15Н/м2 =15Па

Судың, керосиннің, сынаптың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар? Жауабы: 6*103Па, 4800 Па, 81600 Па

Адам суда 9 м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3. Жауабы: 92700 Па

3. Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 2000см2. Ол топыраққа қандай қысым түсіреді? Жауабы: 30000 Па

ІV. Тәжірибелік есеп:  Қойылған  кітаптардың қайсысының қысымы ең үлкен және ең аз қысым түсіреді? Неге? Қай жағдайда кітаптардың қысымы бірдей?

V. “Тірек белгілер” ойыны

Ойынның шарты: Тақтада түрлі түсті 6 кубик орналасқан, олардың астарында тақырыптар жасырылған. Әр топ 1 кубикті таңдап, жасырылған тақырыбын ашады. Таңдалған тақырыптың мәтінін мұқият оқып шығып, конспектілейді. Конспектіде сөздер немесе сөйлем болмайды, тек қана суреттермен, шартты белгілермен бейнелейді.

Деформация, Гук заңы

Үйкеліс күші

Салмақ

VI. Үй тапсырмасын беру.

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
 Қысымнан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

 

ХБЖ келтіруді қайталап,

анықтамаларды жаттау

№633, 637 есеп

VII. Оқушыларды бағалау- 2 мин

Сабақ аяқталды
Рахмет

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

ЖОББМ директоры

 

___________________ Козлов Г.Г.

«10» ақпан 2015 жыл

«Келісілді»

Директордың ОТІЖ орынбасары

 

___________________Ергалиева К.К.

«10» ақпан 2015 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Сапалық және мәтінді есептер шығару

7а сынып

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімі: Аяшева Р.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №7 (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қысым тақырыбын түсінгендігі және тақырып бойынша білімдерін есеп шығару да қалай қолданылатынын тексеру

Білімділік: оқушыларды Паскаль заңы тақырыптарын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, олардың қасиеттерін саналарына бекіту.

Дамытушылық: іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ..

Сабақтың әдісі: Көрнекіліктерді қолдана отырып, әңгіме түрінде түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі-2мин

ІІ. Өткен тақырыпқа шолу - 5 мин

А) Суреттерге түсініктеме беріңдер

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 620 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 3466
    • DOCX 104.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аяшева Райхан Турлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аяшева Райхан Турлановна
    Аяшева Райхан Турлановна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47573
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции