Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Рационал бөлшекті қысқарту

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Рационал бөлшекті қысқарту


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Рационал бөлшекті қысқарту

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Рационал бөлшектің негізгі қасиетін, бөлшектерді қысқарту қасиеттерін білу және есептер шығаруда дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап оқыту


Сабақтың құрылымы:

Оқушылық деңгей (ауызша сұрақтар)

Алгоритмдік деңгей (деңгейлік тапсырмалар)

Эвристикалық деңгей (математикалық лото)

Шығармашылық деңгей (тест тапсырмаларын орындау)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру, оқушыларды түгендеу.

  2. Оқушылар, жарқын болашақтың иелері сендерсіңдер. Сабағымызды бастамас бұрын тақтадағы берілген тапсырмаларға назар аударайық. Тақтада 16 121 991, 15 021 989 сандары жазулы тұр. Осы сандарға дұрыс нүкте қойса, тарихи деректер шығады.

15.02.1986 – тәуелсіздік алған күн, 15.02.1989 – Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шыққан күні.


І. Оқушылық деңгей:

1. Бүтін өрнектер деп нені айтады?

2. Бөлшек өрнек деп нені айтады?

3. Рационал өрнек деген не?

4. Рационал бөлшек деген не?

5. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті.

6. Тепе – тең өрнек деген не?

7. Тепе-тең түрлендіру деген не?

8. Рационал бөлшектерге қандай амалдар қолданылады?


ІІ. Алгоритмдік деңгей: (деңгейлік тапсырмалар)

Кітаппен жұмыс. № 239, 240, 241, 245, 247 (1, 2)


ІІІ. Эвристикалық деңгей (математикалық лото)

Өрнектердің дұрыс шешімін тапса, бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтінді шығады.


Өрнектер

Дұрыс шешім

Жауабы

1

a2b2

(a-b)(a+b)

Д

2

(a-b)(a2+ab+b3)

a3b3

Ә

3

a2 +2ab+ b2

(a+b)2

Р

4

a3 +3a2b+ 3ab2+b3

(a+b)3

Е

5

(a-b)2

a2 -2ab+ b2

Ж

6

(a-b)3

a3 -3a2b+ 3ab2-b3

Е

ІҮ. Шығармашылық деңгей (тест тапсырмаларын орындау)

Топтық жұмыс.


Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.


Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров105
Номер материала ДВ-534936
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх