Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.

Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.

Скачать материал

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 8саны және цифры. 
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға сандар құрамын және сандар қатарындағы орны, сандарды және өрнектерді салыстыру, қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы жайлы білімдерін бекіту.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке, тез есептей білуге, ойшылдыққа тәрбиелеу,табиғатты аялауға баулу,ағаштың құндылығын түсініп бағалауға бағыт беру.
3) Дамытушылық: Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын, өз бетінше тапсырманы орындау қабілетін, ойлау логикасын,
есте сақтау қабілетін, математикалық қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,көрнекілік, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,кима қағаздар,суреттер,интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, сауат ашу,шет тілі.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды сабаққа даярлау.
ә) Психологиялық жаттығу:
Армысың,көк аспан! Армысың, ару күн!
Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос.
Міне, менің қолым дос.
-Балалар,біз бір- бірімізбен қол ұстасқанда не сезіндік ?
-Жылу
-Біз жылуды қайдан алдық?
-Күннен, бір- бірімізден.
-Ендеше осы жылудан қонақтарға да сыйлайық.( Күннің суретін беру)
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. 
«Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» демекші, ұятқа қалмауға тырысайық.
-Сабақтың ұранымыз қандай?
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнерге жол саламыз,
Өсе берсін санамыз!
ІІ. Қайталау 
Мұғалім: Балалар, бүгін біз математика пәні бойынша дәстүрлі емес экологиялық – ертегі сабағын өтеміз.
Сіздер ертегі тыңдағанды жақсы көресіздер ме?
Балалар: Иә
Мұғалім: Олай болса, мені жақсылап тыңдаңыздар.
Ерте, ерте, ертеде жапан далада жалғыз емен өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30- ында бұғанасы бекіп, 40-та кемеліне келіпті де, 50- ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырады екен.
-Ух, жаным - ай, жаным – ай! Енді не қыламын? Құрт ауыруына шалдықтым.Тесіп жеп барады,бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды,жәрдем ете көріңдер - деп, терек күні - түні зарлай береді.
Мұғалім:
-Балалар емен ағашы таныс па сендерге?Ол туралы не айтуға болады?
Біздің жақта өсе ме?Ал мына еменнің көңіл күйі ұнады ма?
-Тағы қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
-Ал, ағаштың қандай пайдасы бар?(балалар жауабы) (Слайд)
-Тамаша,ары қарай тыңдаймыз ба?
Оның дауысын естіп бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.
-Емен- ата,ауруыңыз жаман екен,мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, - деп ұша жөнеледі.
Мұғалім: Балалар, көгершінмен бірге Еменнің ауруын емдейтін дәрігерді іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.
Ауызша есептеу. (слайд)
1)1-10 дейін шет тілінде, 10-1 дейін сана.
2)Алдында тұратын сандарды цифрлар арқылы көрсет 6,8,10 ( слайд)
3) Қызықты сұрақтар (слайд)
*Кеше аптаның қай күні болды?
*Үш ешкінің құлағы нешеу?
*Ең кішкентай бір таңбалы сан?
*Кесінді деген не?
*Түн немен ауысады?
Біз еменді емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы орындадық.Енді көгершінмен бірге әрі аттанайық.-Көгершін ұшып келе жатып, орманда ағаш қуысында отырған тиінге кездеседі. Тиінге көмек қажет болып тұр екен,балалар,көмек береміз бе? Тиін сандарды ұмытып,өрнектерді шешуге қиналып отыр.( 2слайд)
Тиін: Рахмет,оқушылар!

Көгершін: Емен ата ауырып қалды,біз Терек атаны емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз. Еменге жақсылық жасай көр,- деп өтінеді.
- Кешір, көгершін! Маған ренжіме, менің қолымнан келмейді.Мен үшін балалар көмек берер,-деп тиін кетіп қалады.
Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп болған жайды баяндайды. «Еменге көмектесе көр»-деп өтінеді. Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесетін уақытым жоқ,- дейді де ұшып кетеді. Сауысқанның уақыты жоқ болса. Онда біз көмектесіп жіберейік.(слайд)
Сергіту сәті (слайд)
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген Аққуға келеді. Оған да Еменді емдей көр деп өтініш айтады.
Сонда аққу: Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келіп, ақыл- кеңес сұрайды. Мен саған да ақылымды айтайын. Осы орманда үйсіз- күйсіз ,жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та өтінішіңді айтып көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, Еменді емдеп қалар,-дейді. Аққу бізге де ақыл сөздер айтыпты.Ақылын орындау үшін келесі тапсырмаға назар аударайық.(слайд)
Көгершін Аққудың ақылын тыңдап , ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап , онымен бірге Еменге келіп , оның құрт ауруын жазып емдеген екен.
Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар? (Тоқылдақ)слайд
Балалар: Тоқылдақ- орман дәрігері.
Проблемалық сұрақ: Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?
Содан бері әлгі Емен жайқалып өсіп тұр екен.Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан,шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күту керек пе екен?Ендеше,біз де қуанышымызды білдіріп, еменге ұлттық биімізді көрсетейік.
Сергіту сәті.
ІІІ.Жаңа сабақ
Тоқылдақ сөзінде қанша буын,дыбыс? Дауысты дыбыс?Қандай ереже айталамыз?
Қандай санмен танысамыз,қалай ойлайсыңдар? (слайд)
Электрондық оқулықпен жұмыс
Цифр деген не? Ал сан?
8 санының көршілері қандай? 8 ден кем сандар? 8 ден артық сандар?
Оқулықпен жұмыс (слайд)
Дәптермен жұмыс (слайд)
Өзіндік жұмыс-деңгейлік тапсырмалар (қима қағаздармен) 
Қандай қағаздағы тапсырма ұнайды сол тапсырманы орында.
Қорытындылау.Оқушылардың білімдерін бағалау. Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: 8 цифры кімге ұнады,суретін салу, сол цифрға байланысты заттарды салып келу.
Сабақ ұнаса-еменімізді жасыл жапырақпен безендіреміз,
Орташа –сары,ал ұнамаса-көк.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 073 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2015 585
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калауова Анар Сагиндыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калауова Анар Сагиндыковна
    Калауова Анар Сагиндыковна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5501
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 927 человек из 82 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 62 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе