Инфоурок Математика Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту

Скачать материал

Сабақтың тақрыбы: 5 санын қосу және азайту 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділігі: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру
. Оларды бекітуге тапсырмалар орындау. 
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын, жүйелі ойлау қаблетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиетін дамыту. 
3.Тәрбиелік мәні: қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрін оқушы бойына сіңіру, есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Көрнекіліктер:
кітапша, цифрлар, автобус, мысалдар жазылған суреттер,  парақшалар, макет (Елбасының «Бәйтеректегі» қол таңбасы),сабақтың мультимедиялық презентациясы. 
Сабақтың түрі: саяхат сабақ. 
Сабақтың құрылымы. 
І .Ұйымдастыру мезеті.

Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру. Оқушыларды 5 топқа бөлу.
Психологиялық дайындық. 
Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

- Балалар, біздің еліміз қалай аталады? 
- Қазақстан Республикасы. 
- Біздің ел басымыз кім? 
- Н.Ә. Назарбаев. 
- Еліміздің бас қаласы қай қала? 
- Астана. 
- Астанаға кім барды? Кім көрді? 
- Қазір біз Астанаға саяхатқа шығамыз.
 
- Ал барлық білімнің патшасы қай пән?
(математика) 

 

-         Бүгінгі сабақтың барысы сиқырлы кітапша арқылы өтеді. Сиқырлы кітапшаның әр бетіндегі тапсырманы орындасақ ел ордасы Астананың көрнекті ғимараттарын көреміз. Алдымен саяхатқа әзірліктеріңді тексеріп алайын.

Жұмбақ шешу.

Атамда менің 5 алма
Апамда менің 5 алма
Бәрін қосып санасақ
Болады сонда қанша алма (10)
ІІ. Тірек білімді еске түсіру. 
а )Жолға шығар алдында үлкен кісілер жолаушыларға бата беріп, тілек айтады. 
Бата қабыл болсын десек  ауызша тапсырма орындаймыз. 
ә ) Білімдерін жан-жақты тексеру. 
Сандар құрамын қайталау. Әр топқа тапсырма беріледі

б) қосу амалындағы сандардың атаулары.

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

-Балалар, бата қабыл болды деп ойлаймын. 
- Енді автобусқа  отыруға болады. 
-Балалар жол алыс, сондықтан жолымыз қысқарсын деп бос отырмай сиқырлы кітапшаның тапсырмаларын қарайық. 
ІV . Мағынаны тану 

Қызығушылық ояту. 
 Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.

Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз

- Дұрыс,бұл 5 саны. Бүгінгі сабақта біз  5 санын қосып  және азайтамыз.

Сұрақ – жауап әдісі
- Сендер бәрін 5 санын білесіңдер ме?
- 5 саны қандай сан?
Оқушыларға осы тақырыпқа байланысты киелі сандардың бірі 5 санының құдіреті жайлы таныстырып өту.
- Балалар, қазақта 5 саны киелі сан болып есептеледі. Қазақтардың таным-түсінігінде 5 санының алар орны ерекше.

5 саны
5 парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұхамедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр садақа беру, қажылыққа бару.
5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
5 намаз: таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жамшық намызы
5 жақсы: қара нар, жүйрік ат, қалың кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік
5 қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
5 өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.
«Кім шапшаң?» ойынын ойнаймыз. №1 тапсырма ауызша орындалады.Суреттер бойынша теңдіктер құру. 

  Дәптермен жұмыс.

№2 тапсырма. 5 санын қосу және азайту кестесін  жаз және жатта.

                                    1+5=6        5+1=6        6-5=1

 2+5=7        5+2=7        7-5=2

 3+5=8        5+3=8        8-5=3

 4+5=9        5+4=9        9-5=4

   5+5=10      5+5=10     10-5=5

- Міне, Астана сапаржайына да келіп жеттік. Қандай әдемі, биік. 
- Астана қаласында Есіл өзені бар. Ол қаланы екіге бөліп жатыр. Енді, қаланы аралау үшін біз Есіл өзенінің сол жағалауына өтуіміз керек. Ол үшін біз келесі тапсырманы орындайық. 
Оқулықпен жұмыс. №3, 121 бет.  Дәптермен жұмыс.  Есепті шығар

Отырды – 9 балапан

Ұшып кетті – 5 балапан

Қалды - ?

Шешуі :  9-5=4               Жауабы : 4 балапан

Сол жағалауға өттік. Енді алдымызда қандай әдемі ғимараттар бар екен көрейік. 
«Кім көреген?» ойыны.  
- Балалар ұқсас үй немесе үлкен ғимарат көрдіңдер ме? 
- Пішінді ғимарат бола ма, жоқ па ? Оны білу үшін келесі тапсырманы орындайық. 
Келесі тапсырма: Фигураларды ажырат. 
Түзулер, нүктелер, дөңгелектер, шаршылар, төртбұрыш, үшбұрыш, қисық, сынық сызықтар, кесінділер, сәулелер. 
Астанада пішіні үшбұрышқа ұқсас Бейбітшілік және Келісім сарайы бар. Онда көптеген елдермен келісім сөздер жүргізіледі. Өте әдемі, ерекше салынған екен. 
Ой сергіту жаттығулары. Әр топқа айтылады.
1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 
2. Мен бір сан ойладым, оған 1-ді қосқанда 5 шықты. Мен қандай сан ойладым? 
3. Мен бір сан ойладым, одан 1-ді алғанда 6 шықты. Мен қандай сан ойладым? 
4. Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)
5. Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)
V. Сергіту сәті. Бейнетаспадан көрсету.
- Балалар, біз бәйтерекке таяп қалдық. Бәйтеректі көру үшін карточкамен жұмысты орындаймыз.
VІ. Карточкамен жұмыс
7-7                     2 см + 0 см               4+1               7см - 2см 
6-0                     3 см + 4см                6 -2               5 см + 1 см
3-1                     0 см + 4 см               7 – 1             2 см + 3 см
- Міне, Бәйтерекке де келіп жеттік. Бәйтерек 1997 жылы салынды сондықтан оның биіктігі 97 метр. Оның басында Самрұқ құсының жұмыртқасы бар. (самрұқ – алып деген ұғымды білдіреді.) 
Бәйтерек биік, әдемі, қарап тұра бергін келеді. 
- Енді бәйтеректің ішіне кіру үшін,  «Ойлан тап»  ойынын ойнаймыз.
Бәйтеректің ішінде біздің президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың алтыннан құйылған қолы бар. Қазір алдымыздағы жатқан дәптердегі тапсырманы орындаймыз. Тапсырманы орындаған бала «Байтеректегі» Елбасының қолтаңбасына қолын қояды. 
VІІ. Қорытынды. Саяхат аяқталап Қорғалжынға  қайтамыз. Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? 
Астанада қандай әдемі жерлер бар екен? (вокзал, келісім сарайы, бәйтерек). 
Астана қаласының ортасында қай өзен ағып жатыр екен?(Есіл) 
- Бүгін сабақта не өттік? Не үйрендік? (5 санын қосу және азайту кестесін) 
- Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақта ең қиын, ең түсініксіз болған не? 
VІІІ. Бағалау. 
ІХ. Үйге тапсырма: 121 бет,№4

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 539
    • DOCX 147.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамбекова Наркес Галымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамбекова Наркес Галымбековна
    Шамбекова Наркес Галымбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8114
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Курс повышения квалификации

Применение математических знаний в повседневной жизни

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов