Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: "Сын есім" (4 класс)

Сабақтың тақырыбы: "Сын есім" (4 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сын есім туралы алған білімдерін тиянақтауға,тереңдетуге мүмкіндік туғызу.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын,сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,ізденімпаздыққа,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Түрі: қайталау сабағы,саяхат сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,көрнекілік,іздену,топтастыру

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер,сызба,Астана суреттері,интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар орындату арқылы сабаққа аудару:

Тыныш болсын түніміз,

Сәтті өтсін күніміз.

Бақыт тілеп баршаға,

Болмасын еш қайғымыз.

-Әрқашан түніміз тыныш,күніміз сәтті болсын деп бүгінгі сабағымызды бастайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

52-жаттығу «Анама сыйлық» тақырыбына мәтін құрастыр.

Оқушылардың жазып келген мәтіндерін талдау.

Қорытынды: тәрбиеші

Жылы құшақты Ең жақын адам

дос Ана ұстаз

жанашыр

-Ана-дос, ұстаз,тәрбиеші, мейірімді, жанашыр, ең жақын адам, жылы құшақты.

-Осы сөздердің ішінен Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.

-Мейірімді,жанашыр,ең жақын адам,жылы құшақты.

3.Жаңа сабақ:

-Қандай? Сұрағына қай сөз табы жауап береді?

-Сын есім.

-Сын есім дегеніміз не?

Ережемен жұмыс.

Суретпен жұмыс: Сын есімі бар сөйлем құрау.

-Балалар, биыл тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды?

-Ендеше бүгін біз тәуелсіз еліміздің Астанасына саяхатқа шығамыз.

-Астандағы Тәуелсіздік Монументі туралы не білеміз? (Суретін көрсету)

Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл,тәп-тәтті. Қарбыз.

-Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың несін білдіріп тұр?

-Қарбыз сөзіне сөйлем құра.

Интерактивті тақтадан Тәуелсіздік Монументін көрсетіп, қысқаша түсінік беру:

Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.

Бәйтерек туралы не білеміз? (Суретін көрсету)

2-жаттығу. Суретке қара. Керекті сөздерді пайдаланып,сұрақтарға жауап бер.

Күн қандай?

Аспан қандай?

Жапырақтар қандай?

Керекті сөздер: көңілді,ашық,көк,көгілдір,жасыл,сары,жабысқақ,нәзік.

-Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады?

-Сұрақтарға жауап жаз.

Бәйтеректі интерактивті тақтадан көрсетіп,мағлұмат беру:

Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биікке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді.

Сергіту сәті

-Нұр-Астана мешіті туралы не білесің? (Суретін көрсету)

3-жаттығу.Қияр туралы жұмбақ құрастыр.Ол үшін қиярдың белгілерін ата.

-Жұмбағыңдағы әрбір сөз қандай сұраққа жауап береді?

Нұр-Астана мешітін тақтадан көрсету:

Нұр-Астана мешіті (ағылш. Nur-Astana Mosque), Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды

Мешіттің іргетасы 2002 жылы қаланған болатын. Құрылысқа 6 840 000 АҚШ доллары жұмсалды. Мұсылман мәдениеті орталығының ашылуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол рухани орталыққа Қағба мен Құран бейнеленген, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартты, айтып кетерлік, салтанатты ашылуы 2005 жылдың 2 наурызында болды. "Нұр Астана" мешіті ашылғаннан бері мешіт қызметкерлері ел арасында зерттеулер мен семинарлар өткізуде. Мысалы, 2006 жылы Бас имам Қ.Заңқоевтың аталмыш мешіт жайында кең мағлұмат беретін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Нұр Астана» мешіті атты кітабы жарық көрді.

Пирамида туралы не білесің? (Суретін көрсету)

4-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.Ауызша. Қасым Аманжолов

-Өлеңнен сын есімдерді тап.Олар қай заттың сынын білдіріп тұрғанын айт.

-Қасым Аманжолов туралы не білесің? (ИНтрактивті тақтадан портретін көрсету)

Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны,қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары,көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.

Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.

Пирамиданы көрсету:

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.

-Хан шатыр турлы не білесің? (Суретін көрсету)

6-жаттығу. Әткеншекке жасырынған жидек аттарын тап. Оларға қатысты қандай сын есімдерді айта аласың?

Қарақат, таңқурай, құлпынай, бүлдірген.

Хан шатырды интерактивті тақтадан көрсету:

«Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр.

Шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан.

Астананың температурасы жазда +30 градустан қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты температура қамтамасыз етіледі. Сәулетшілер толқынды бассейн, өзенше және сарқыраманы да ойластырған.

Шығармашылық тапсырмалар:

Басқатырғы:

1.«Кемпірқосақ» сөзінен сын есім болатын сөздерді тап.

2. Сын есімі бар мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаштар айт.

Тест орындату.

-Балалар, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі ендердің қолдарыңда.

Қорытынды:

-Сын есім туралы не білдік?

-Астананың қандай сәулетті ғимараттарымен таныстық?

-Сабақ ұнады ма?

Бағалау.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу 183-бет

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров24
Номер материала ДБ-316890
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх