Сабақтың тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

Предпросмотр материала:

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

 

 Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Тазалық туралы әңгіме жүргізу, ақыл-ойларын, сөйлеу дағдыларын дамыту.

2. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту. Дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Денсаулықтарын, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: ой қозғау «миға шабуыл», сұрақ-жауап, сөйлесу, іздендіру.

Сабақ көрнекілігі : ноутбук

 

Сабақтың барысы.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

ІІ. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

Сабақтың тақырыбына шығу. (Видеоролик арқылы)

 

ІІІ. Жаңа тақырып

1.Денсаулық туралы кіріспе сөз.

2. Мәтінмен  жұмыс

Тазалық-денсаулық кепілі

 

       Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып,  тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаласа жөн болады.

 

3.Үлгі бойынша сұхбат құрастыр.

 

- Сіз зиянды нәрселер мен пайдалы нәрселерді ажырата білесіз бе?

- Иә, мен оларды ажырата білемін.

- Зиянды нәрселерге не жатады?

- Зиянды нәрселерге ...,....,..... жатады.

- Пайдалы нәрселерге не жатады?

- Пайдалы нәрселерге ....,....,..... жатады.

 

 

Берілген сөздерді кестеге толтыр.

 

Пайдалы нәрселер

Зиянды нәрселер

 

Арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау.Т.Б

 

 

 

 

           

 

 

 

 ІV. (тест арқылы, бір-бірін тексереді)

                                    

Тест

 

1. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

 

А. спортпен жаттығу керек       

В. темекі шегу керек

С. диванда жату керек               

Д. нан көп жеу керек

 

2. Тазалық, денсаулық кепілі, ағза

 

3. Мақалды аяқта:  «Денсаулық-.......».

 

А. көп байлық

В. зор байлық

 

С. үлкен байлық

Д.кең байлық

 

4. Адамның дене мүшелерін белгіле.

 

А. Шаш, өкпе, бауыр

В. Аяқ, қол, бас

С. Көйлек, өкпе, жүрек

Д.  Көз, аяқ, асқазан

 

5. Көзге көрінбейтін ағзаларды белгіле.

 

А. Өкпе, асқазан, жүрек

В. Аяқ, қол, бас

С. Бала, үй, мектеп

Д. Бауыр, кірпік, тіс.

 

VІ. Қорытынды 

 

1.« Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбына жоба жасап, қорғау.

 

 

Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Сарсебаева Галия Абдрамановна

учитель начальных классов

  • На сайте: 10 лет и 9 месяцев
  • Всего просмотров: 121049
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 26
  • 121049
    просмотров
  • 26
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Сарсебаева Галия Абдрамановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: