Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша. Сабақтың мақсаты:

А ) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы жэне түбір мен қосымша жайлы толық түрде

түсінік беру.

Ә ) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін

дамыту, сауаттылыққа баулу.

Б ) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,

еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту,

сөздікпен жұмыс, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты

түсіндіру, бекіту, қорытындылау. Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Үй тапсырмасын сүрау.

а)Өткен сабақта өтілген ережелерді сұраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.

б)Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в) Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру,

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Түбір мен қосымша» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөздің бастапкы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері-жол,сау,мектеп,көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір магынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.

Осы түбірлерге жалғанган -дас, ық(жолдастық деген сөзде), -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген сөзде), -ін, -ген(көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрганда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тың, -ын, т. б. қосымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей қосымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа магына қосады. Мысалы, жол -із я сапар болса, жолдас - жолга бірге шығатын адам я серік дегенді білдіретін жаңа мәнге ие болған сөз; мектеп - оку оқитын орын болса, -тер деген косымша сол мектептің біреу емес, көп екенін ғана білдіреді.

Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оган жаңа магына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тық, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен ық, және -ын мен -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр.

Жол деген із немесе сапар мағынасын береді. Оған -дас қосымшасы қосылса, жолдас - серік мәніндегі адам, оған -тық қосылса, жолдастық адамдар арасында болатын қарым-қатынас болып шығады. Сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған-ын қосылса, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұгымды, оган-шы қосылып саууды іске асыратын адамды (сондай мамандықтың иесін) білдіреді. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады Сөйтіп, жол, сау деген сөздер - негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер - туынды түбірлер.

Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі-өн. Міне,осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 69-жаттығудың шарты мынадай: 1. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. 2. Мәтінде қандай елдік дәстүр көрініс тапқан? Өздерің білетін оқигалармен байланыстырып әңгімелеңдер.

Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 70-жаттығу жұмысының шарты: Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Келесі тапсырма:71-жаттығудың шарты: Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Тапсырма: Қарамен жазылган сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.

Келесі тапсырма: 72-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Келесі тапсырма: 73-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерді үлгіде көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.

Келесі орынбалатын тапсырма: 74-жаттығу. Бес макал-мәтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Қазіргі қазац тілі - көне түркі тілдік құбылыстардыц, заңдыльқтардың дені сол көне тілден бастау алады. Бұдан былай мен сендерге көне түркі тілінің айнасы - Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі грамматикалық заңдылықтармен де таныстырып отырамын.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздерді де тұлғасына қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздер деп бес топқа бөлуге болады.

1.Түбір сөздер. Ескерткіштерде жалаң түбірден тұратын сөздер темендегідей болып келеді:

  1. жалғыз ғана дауысты дыбыстан тұратын сөздер,мысалы ы - бұта (өсімдік): Ы бар бас асдымыз ұтасы бар шыңнан астық);

  2. дауысты+дауыссыз дыбыстан тұратын сөздер: аз (аз), еб (үй), іч (іш);

  3. дауыссыз +дауысты дыбыстан тұратын сөздер: бу ұл), те (де, айт), ку (дыбыс),

т. б.;

4)дауысты және дауыссыз дыбыстар араласып келген сөздер: (апа),йурт(жүрт),
кіші(кісі), інгек(сиыр), будун (халық), қаған(каған, хан), т. б.

Туынды сөздер.Ескерткіштерде жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер де бар. Мысалы: айгучы (кеңесші), атлыг (атты), йерчі (жершіл), күчліг (күшті).

Міне, осылайша жаттығу жұмыстарын орындап, Орхон-Енисей ескерткіштері жайлы түсінік беріп болған соң қосымша сұрақтар мен тапсырмалар беремін. Пысықтауға арналған сұрақтар.

  1. Сөздердің жасалуы мен сөздік құрамының арасында қандай байланыс бар?

  2. Түбірге қосымша қосылу арқылы қандай сөздер жасалады?

  3. Түбірдің негізгі белгісі кандай?

  4. Түбір мен косымшаның айырмашылыгы қандай?

5. Қосымшаның қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен айырмашылыгы неде?

6. Туынды түбір деген не?

7. Туынды түбір мен негізгі түбірдің айырмашылыгы қандай?
8. Түбірлес сөздер деген не?

Сабақтың қорытындысы.

а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

Үйге тапсырма:74-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Бес мақал-мәтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың

түрлерін ажыратыңдар.





Краткое описание документа:

Өзіндік талдау

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.

Сабақтың мақсаты:

А ) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы жэне түбір мен қосымша жайлы толық түрде

түсінік беру.

Ә ) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін

дамыту, сауаттылыққа баулу.

Б ) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,

еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту,

сөздікпен жұмыс, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты

түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Үй тапсырмасын сүрау.

а)Өткен сабақта өтілген ережелерді сұраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.

б)Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в) Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру,

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Түбір мен қосымша» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оган жаңа магына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тық, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен -тық, және -ын мен -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр.

Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі-өн. Міне,осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 69-жаттығудың шарты мынадай: 1. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. 2. Мәтінде қандай елдік дәстүр көрініс тапқан? Өздерің білетін оқигалармен байланыстырып әңгімелеңдер.

Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 70-жаттығу жұмысының шарты: Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Келесі тапсырма:71-жаттығудың шарты: Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Тапсырма: Қарамен жазылган сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.

Келесі тапсырма: 72-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Келесі тапсырма: 73-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерді үлгіде көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.

Келесі орынбалатын тапсырма: 74-жаттығу. Бес макал-мәтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Қазіргі қазац тілі - көне түркі тілдік құбылыстардыц, заңдыльқтардың дені сол көне тілден бастау алады. Бұдан былай мен сендерге көне түркі тілінің айнасы - Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі грамматикалық заңдылықтармен де таныстырып отырамын.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздерді де тұлғасына қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздер деп бес топқа бөлуге болады.

1.Түбір сөздер. Ескерткіштерде жалаң түбірден тұратын сөздер темендегідей болып келеді:

1)жалғыз ғана дауысты дыбыстан тұратын сөздер,мысалы ы - бұта (өсімдік): Ы бар бас асдымыз ұтасы бар шыңнан астық);

2)дауысты+дауыссыз дыбыстан тұратын сөздер: аз (аз), еб (үй), іч (іш);

3)дауыссыз +дауысты дыбыстан тұратын сөздер: бу (бұл), те (де, айт), ку (дыбыс),

т. б.;

4)дауысты және дауыссыз дыбыстар араласып келген сөздер: (апа),йурт(жүрт),
кіші(кісі), інгек(сиыр), будун (халық), қаған(каған, хан), т. б.

Туынды сөздер.Ескерткіштерде жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер де бар. Мысалы: айгучы (кеңесші), атлыг (атты), йерчі (жершіл), күчліг (күшті).

Міне, осылайша жаттығу жұмыстарын орындап, Орхон-Енисей ескерткіштері жайлы түсінік беріп болған соң қосымша сұрақтар мен тапсырмалар беремін. Пысықтауға арналған сұрақтар.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

Үйге тапсырма:74-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Бес мақал-мәтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың


Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров1027
Номер материала 279697
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы
ҚМЖ "The USA"
14.05.2015
Просмотров: 274
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх