Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Сабақтың тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Сабақтың мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтаркеліп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.

Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.

Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.


І Ғажайып сәт. Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы –

Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік. Балалар әнұранды орындайды

. -Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Ернұр:

Ақыл –ойын адамның.

Ана тілден аламын,

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Амина:

Өсірген ой білімді.

Суйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Ақерке: Ана тілім –ұраным,

Анаттілім –құралым.

Ана тілім – болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Амин:

Ана тілім –елдігім,

Ана тілім –ерлігім.

Ана тілім –болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Ахмет:

Мейірі мол балаға,

Барлық,барлық анаға.

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп.

Саид:

Даламыздың үні деп,

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз.

Мади:

Ана тілін білмеген,

Өмірдін құр қалады.

Ақылды құлаққа ілмеген,

Алаулы отқа жанады.

- Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

ІІ Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

Иманәлі:

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Анеля:

Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле.

Марлен:

Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Еркебулан:

Өнер алды — қызыл тіл.

Рауан:

Көз жетпеген жерге,

Сөз жетеді..

ІІІ Тәрбиеші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан. Төле би: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Қазыбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік, Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сіңген ана тілін халқым – ау, Шұбарлауға ешқандай жол бермейік. Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы, Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің, Мүмкін емес өлмегі.

Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.



ІV Жұмбақ шешу Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама (Кітап)

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күзге жеткенде (алма)

Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады,

Шешуін кім тамады? (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)

V Құрастыру ойыны. Қорытынды.Сұрақ-жауап Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар: Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау салама болайық.

















































«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»

«Балдәурен» шағын орталық тобы








Тәрбие сағаты:


Тақырыбы: «Тіл тірегіміз,соғып тұрған

жүрегіміз!»























Тәрбиешілері: Ибраева А.М.








2016-2017ж



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-257606

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"