Инфоурок Другое КонспектыСабақтың тақырыбы: тілім менің қазынам

Сабақтың тақырыбы: тілім менің қазынам

Скачать материал

Мақсаты: Отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.

Мұғалім: Балалар, қол ұстасып, шеңбер құрайық, шеңберімізді дөңгелек күнге ұқсатайық. Қане, бір-бірімізге қарайық. Досыңның күлімдей қарағаны саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе? Ендеше шат көңілмен мына өлеңді бірге айтайық.

 

   Біздің топта ұл-қыздар,

 Тату- тәтті ойнаймыз.

    Сыйластықпен өмір сүріп,

  Тек жақсылық ойлаймыз.

                                                         Амансың ба, алтын күн!

                                                         Амансың ба, көк аспан!

                                                        Амансың ба, достарым!

                                                        Сендерді көріп қуанам!

 

1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

2-оқушы: Баланың жақсысы-қызық,

Жаманы-күйік.

3-оқушы: Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала-жапырақ.

7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

8-оқушы: Жақсы әке-жаман балаға қырық жылдық ризық.

9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11-оқушы: Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

12-оқушы: Ағайын-алтау, ана-біреу.

13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан,

Ананың жыртық лашығы артық.

 

Мұғалім:Балалар, табиғат бүкіл адамзатты еркек пен әйелге, ұл мен қызға бөлген. Ер адам мен әйел адамның дене құрылысы, киім киісі, мүдделері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар, бұл жыныстық белгілері (екі топқа бөліп отырғызу).

1-топ-«Ұлдар», 2-топ-«Қыздар».

 

 

 

1-тапсырма. «Ұлдар» тобына сөзжұмбақ шешу

 

 

О

 

Т

У

 

Б

А

Л

Ғ

А

 

А

Н

А

 

С

А

Ғ

А

Т

 

Ы

Н

Т

Ы

М

А

Қ

                         1. Қойда бар, лақта жоқ,

                                Ойда бар, бақта жоқ.(О)

                            2. Рәміздердің бірі. (Ту)

                            3. Еңбек құралы. (Балға)

                           4. Ең жақын адам. (Ана)

                          5. Уақытты немен білеміз. (Сағат)

                          6. Ырыс алды..... (ынтымақ)

 

«Қыздар» тобына жұмбақ шешу:

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы.

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұртың,

Айтады, кәне кім атын? (Ата,апа,ана,аға,іні)

 

2-тапсырма. Пікір алмасу- Отбасы туралы не білеміз?

«Ұлдар» тобы: Отбасы-адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы-адамзаттың ең қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені, ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

«Қыздар» тобы: Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әр бір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару емес, берекелі, бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

 

3-тапсырма. Сұрақ-жауап әдісі: «Ойланбай, жауап бер».

«Қыздар» тобы: 1. Отбасын кімдер құрайды? (ата,апа,ана,әке,қарындас,сіңлі, іні). 2. Отбасындағы адамдар бір-бірін қалай сыйлайды? (көмекші, жәрдемші, қамқоршы).

«Ұлдар» тобы: 1. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? (қарындас, әпке, сіңлі, аға, іні). 2. Ата мен апа бірге тұрса отбасы бола ала ма? Егер бөлек тұрса ше? (Бөлек тұрса басқа отбасын құрайды).

 

4-тапсырма. «Жалғасын тап» ойыны. «Қыздар» тобы: Мақалдың жалғасын табу.

·        Ағайын тату болса- ат көп...... (Абысын тату болса- ас көп).

·        Ағасы бардың- жағасы бар..... (Інісі бардың- тынысы бар).

«Ұлдар» тобы

·        Баланың ұяты әкеге.... (Қыздың ұяты шешеге).

·        Бірлік болмай........... (Тірлік болмас).

Қоржындағы асықтар тапсырмасы.

Отбасындағы ең басты адамдар олар кімдер? (Ата,әже, әке, ана)

1. Не тәтті? (Ананың сүті)

2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)

3. Не қатты? (Ананың жүрегі қатты)

4. Кім жақын?

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшың болса, апайың жақын,

Бауырмал болса, інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарындасын.

5. Не қымбат?

Алтын ұяң- Отан қымбат,

Құт-береке- анаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пен ар қымбат.

 

 5-тапсырма. «Жүрек жылуы» шеңбері. (Оқушыларға жұлдызшалар тарату. Жұлдызшалардың түр-түсін түсіндіру)

Мұғалім: Атасын жақсы көретіндер- қоңыр; әжесін жақсы көретіндер-күлгін; әкесін жақсы көретіндер-жасыл; анасын жақсы көретіндер-сары; ағасын, інісін жақсы көретіндер- көк; апасын, сіңлісін, қарындасын жақсы көретіндер- қызыл жұлдызшаны алыңыздар.

Олай болса «Біз бәріңізді жақсы көреміз. Отбасымыз аман болсын!» деген тілек айтып, сабақты аяқтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, нақыл-сөздер.

1-жүргізуші:

-Қош келіпсіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің- қазынам!» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

-«Қазақ тілі- рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекерге айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.

Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстандағы барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз насихаттауымыз керек. Ендеше, қазақ тілінің байлығына, икемділігіне, орамын тауып, қисынын келтіріп пайдалансаң, тұп-тура бал таматынына ешкімнің күмәні болмас.

1-жүргізуші:

              Қазақ, қазақ, болғалы

              Тіл үшін күрес көргені.

              Көргені көп тілімнің,

              Мүмкін емес өлмегі- демекші, бүгінгі айтылар сөздердің бәрі толғауы тоқсан тілге арналады.

2-жүргізуші:

-Туған тілдің қазіргі мән-жайы қай қазақты болса да бейжай қалдырып отырған жоқ. Тәуелсіздік алып, аңсаған бостандыққа қол жеткізсек те, тілімізді бүгінде өз дәрежесінде көтере алмай келеміз.

1-жүргізуші:

-Туған тіл жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар, сірә! Бүгін біз де ана тіліміз жайында сыр шертіп, қоғамның тіл жайындағы ой-пікірімен бөліскелі отырмыз.

1-оқушы:

             Қасиетті ана тіл, аз ба сенің,

             Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

             Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

             Мұқағали отты өлең жазбас еді!

 

2-оқушы:

             Асан қайғы, Жиренше

             Сөйлеп өткен қазақ тіл.

             Жәнібек пен Қойлыбай

             Сыйлап өткен қазақ тіл.

             Ата-анамыз әлдилеп,

             Уатқан бізді баба тіл.

 

 

 

3- оқушы:

             Ана тілім, жүрегісің анамның,

             Жүрек ана, бір өзіңнен жаралдым.

             Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

             Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

 

4-оқушы:

             Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

             Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

             Анашымды ұмытқаным емес пе

             Ана тілім, егер сені ұмытсам.

 

5-оқушы:

             Өнер алды- қызыл тіл,

             Ой толғаған сырлы тіл.

             Қалауын тапса, қар жанып,

             Тас тілетін алмас тіл.

 

6-оқушы:

             Тәубә, тәубә, жаратқанға мың тәубә,

              Біреу болсам, қайтер едім жан сауға.

              Менің ұлтым қасиетті, киелі,

              Жасық емес, асыл оның сүйегі.

2-жүргізуші:

-Ана тілін ұмытқан өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Солай емес пе?

7-оқушы:

-Жүсіп Аймауытов: «Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі- жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына».

Ән: «Ана тілім»

1-жүргізуші:

-Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай білумен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білк керек.

Мақал-мәтелдер:

 

                                  Тіл – тас жарады,

                                  Тас жармаса, бас жарады.

 

 

                                  Тіл – қылыштан өткір.

 

                              Піл көтермегенді, тіл көтереді.

 

                                Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,

                                Бірак, тілімнен сүріндірме.

 

 

2-жүргізуші:

-Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар!

«Ана тілі- бәріміздің ана тіліміз. Өйкені ол- ұлтымыздың анасы». Ана тілін қадірлеу, әр ұлттың азаматтық парызы. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу- мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз. Тілімізді қастерлеп, биік тұғырынан түсірмейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін үйретуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сөз байлығын молайту, өз беттерімен ойлана білуге, қорытынды жасай білуге машықтандыру.

Көрнекілігі: суреттер. Ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

1-тапсырма. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

-Құрметті ақ жаулықты әжелер, елін жерін қорғаған аталар мен ұстаздар!

Бүгінгі «Қарттарым-қазынам» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Адамның адамгершілігі- оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі- өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Қайырымдылық, кішіпейілділік сияқты ізгі қасиеттер де әрбір адамға тән болу керек. Адамның осы қасиеттерінің бірі- «әділдік, турашылдық, шыншылдық.

Хор: «Асыл әжем»

1-оқушы:

                                   Менің әжем бал әжем,

                                   Айтқан сөзі дәл әжем.

                                   Аман болса көреді,

                                   Қызығымды әлі әжем.

                                   Менің әжем нар әжем,

                                   Көп жасаған кәрі әжем.

                                   Ауырғанда мен үшін

                                   Әр сүйгені дәрі әжем.

                                   Таусылмайды өлеңі,

                                   Күнде айтып береді.

                                   Барған сайын бір жаққа,

                                   Кәмпит алып келеді

                                   Әжем мені өйткені,

                                   Өте жақсы көреді!

 2-оқушы:

                                  Ата бізге келіңіз

                                  Дайын сізге төріміз,

                                  Бай дастархан басында

                                  Батаңызды беріңіз.

                                  Жүзіңізден әр таймай,

                                  Жүз жасаңыз қартаймай.

3- оқушы:

                                  Тентек болсам, ашынып,

                                  Жақсы іс қылсам асырып,

                                  Маған сақтап жүреді.

                                  Тәттіні де жасырып.

                                  Тасып тәтті дәмдерін,

                                  Ол бар жерде бал жедім.

                                  Мен ұйықтарда айтады.

                                  Ертегісін әндерін

                                  Біздің үйде осындай.

                                  Әжетайым бар менің.

Би: «Қыздар биі»

4- оқушы:

                                   Әжем маған әманда

                                   Кішіпейіл бол деген

                                   Әже сөзі санамда-

                                   Мақтанбауды жөн көрем

                                   Өзгелерден өзімді

                                   Санамаймын жоғары

                                   Артық айтып сөзімді,

                                  Желпінгенім жоқ әлі.

Би: «Алға Қазақстан»

5- оқушы:

                                   Мейірімі жел жібек

                                   Күндей ыстық құшағы,

                                   Ет жүрегі елжіреп

                                   Құлыным деп құшады.

                                   Жан жуытпай маңына,

                                   Ас сақтайды кәрі әжем

                                   Бес ап келсем алдында

                                   Биіктейді дәрежем.

6-оқушы:

1-жағдаят.

Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатыр. Басын көтеріп бағдарлауға шамасы келмейді. Сен оған қарсы кездестің. Не істейсің? Не деп айтасың? (оқушылардың жауабы)

 

2-жағдаят.

Сен автобуста отырсың. Бір әже кіріп келеді. Сен не істейсің? Әже саған не дейді? Сен қандай жауап бересің? (оқушылардың жауабы)

 

3- жағдаят.

Көше бойымен ата келеді. Сен оған қарсы кездестің. Үндемей өтіп кетесің бе? Не деп айтасың? Ата саған не дейді? (оқушылардың жауабы)

 Би: «Түрік биі»

 

 

2-тапсырма. Шығармашылық оқыту.

Ата-әжелеріңе қандай тілек тілер едіңдер.

Қазақ халқында адамгершілік, әдептілік қасиеттері жайлы көптеген мақал-мәтелдер, тыйым сөздер өте көп. Кәне, білгенімізді ортаға салайық. Әдептілікке қандай қасиет, қылықтар жатады?

Хор:

                                   Үлкенге де «Сіз»,

                                    Кішіге де «Сіз».

                                    Бар адамды құрметтеп,

                                    Бас иеміз біз.

Осыменен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: тілім менің қазынам"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2016 737
    • DOCX 30.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турина Роза Рысболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турина Роза Рысболатовна
    Турина Роза Рысболатовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6507
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек